О работе акиматов районов по обеспечению подготовки аграрного сектора экономики к уборке урожая 2001 года Күшін жойған
Басқа 0
Аудан әкімияттарының экономиканың
аграрлық секторын 2001 жылдың егін
орағына әзірлеуді қамтамасыз етудегі
жұмыстары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 15.07.2004 № 194 қаулысымен.
Облыс ауылшаруашылық кәсіпорындарын 2001 жылдың егін орағына уақытында әзірлеу мақсатында Қостаанй облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімияттары үстіміздегі жалдың 10 тамызына дейін қажетті көлемдегі мұнай өнімдерінің тасылып алынуы және егін орағының барлық тізбегінің даярлануы үшін түбегейлі шаралар қабылдасын.
Тармақ 2
2. Ауыл Шаруашылығы және ақық-түлік департаменті (Б.Н.Сағындықов), аудан әкімияттарына ауылшаруашылық құрылымдарының басшыларына комбайндар мен дестелегіштер паркін толықтыру және ауылшаруашылық тауарөндірушілеріне ору және тасымал қызметін көрсететін кәсіпорындармен келісім-шарттар жасауына жәрдем көрсетсін.
Тармақ 3
3. 2001 жылдың астығын заңсыз тасымлдауға тосқауыл қою және ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің мемлекеттік қорға берешектерін қайтару жөніндегі облыстық ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілсін. (Кеңес құрамы беріліп отыр).
Тармақ 4
4. Аудан әкімияттары осы іспеттес аудандық үйлестіру кеңестерін құрсын.
Тармақ 5
5. Облыстық ведомствоаралық үйлестіру кеңесі:
Тармақша 1
1) жаңа егіннің астығының шағынсыз сақталуының және тасымалдануының нақты шараларын жасасын;
Тармақша 2
2) онкүндік сайын отырыс өткізіп, облыс әкіміне жоспар-шаралардың орындалу барысы жөнінде ақпарат беріп отырсын.
Тармақ 6
6. Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау департамнтіне (О.Е.Печаткина) элеватор-монополистерінің қызмет бағасын орынды қоюын тиісті түрде қадағалап, орақ басталғанға дейін элеваторлар (АҚП) қызметінің 2001 дылғы бағасымен барлық ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен дайындаушыларды таныстыруды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қолдану ұсылсын.
Тармақ 7
7. Салық комитетіне (Алтынбаев М.Б.) ауылшаруашылық тауар өндірушілерінен бюджеттің барлық деңгейіне түсетін салық көлемінің толық болуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Ауыл шаруашылық және азық-түлік департаменті (Б.Н.Сағындықов):
Тармақша 1
1) облыс аумағындағы егін орағының барысы, астықтың бағасы, өткізу көлемі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша күнделікті мониторинг жүргізсін;
Тармақша 2
2) астықтың бағасының түсіп кетуін болдырмау мақсатында облыс шаруашылықтарының 2001 жылдың астығын нақты және тұрақты өткізу мәселесін қарастырсын.
Ауылшартауарөндірушілерін астықтың және астық өнімдерінің облыстағы, әлемдегі бағаларымен жүйелі түрде хабардар етіп отырсын.
Тармақ 9
9. «Сараптар және сертификаттау ұлттық орталығы» ААҚ Қостанай бойынша 15 тамызға дейін облыс ауылшартауарөндірушілерін барлық таразы шаруашылықтарын түгіндеп және элеваторлардың (АҚП) сараптау лабораторияларын аттестациядан өткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Қостанай тасымалдау бөлімшесі (Рахметжанов Е.Н.) астық тасымалына қатынасатын теміржол вагондарының ақаусыз болуына ерекше назар аударып, оларды техникалық тексерістерден өткізу ұсынылсын.
Тармақ 11
11. Облыстық мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі егіс алқаптары мен элеваторларда (АҚП) өртке шаралардың орындалуына қол жеткізсін. Тексерістер қорытындысын облыстық ведомствоаралық үйлестіру кеңесіне баяндап отырсын.
Тармақ 12
12. Облыстық ішкі істер басқармасы (Дейхин Н.М.), аудан әкімияттарымен бірлесе отырып, астық ұрлығының алдын алудың барлық қажетті шараларын қабылдасын. Селолық округтарда, ауылдарда, елді мекендерде тұрғындарды кеңінен қамти отырып арнайы құрылымдар құрып, оларды қажетті көлікпен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етсін. Облыс жолдарында бақылауды күшейтсін.
Тармақ 13
13. Жер қорларын басқару комитетіне (М.Қ.Дихаев), «Қостанай НПЦзем» ЕМК (Б.К.Садуев) үстіміздегі жылдың аяғына декйін жерді түгендеуді аяқтау және иесіз, қараусыз қалған егіс алқаптарының көлемін анықтау ұсынылсын.
Тармақ 14
14. Ауылшаруашылығы және азық-түлік департаменті (Б.Н. Сағындықов), аудан әкімдері егіншілік мәдениетін одан әрі көтеру, ғылыми негізделген қарқынды ауыспалы егістікті игеру, қасымшаға сәйкес 2002 жылға 1 млн.га жаңадай жыртылған сыңар алқап қалдыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын. Отандық және шет елдік фирмалардың инвестицияларын тарта отырып, ауыл шаруашылығынхимияландырудың кешенді бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асырсын.
Тармақ 15
15. Облыстық «Қостанай таңы», «Костанайские новости» газеттерінің, облыстық телерадиокомпания ұжымдарына 2001 жылдың егін орағына әзірлік пен өткізу барысын газет беттері мен теледидарда жүйелі түрде жариялап отыру ұсынылсын.
Тармақ 16
16. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасарлары Т.Е.Омаровқа, С.А.Құламбаевқа жүктелсін.
Басқа 21. 2001 жылдың астығын заңсыз тасымалдауға тосқауыл қою
және ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің мемлекеттік қорға берешектерін қайтару жөніндегі облыстық ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімиятының
2001 жылғы 3 тамыздағы № 94 «а»
қаулысына 1 қосымша
2001 жылдың астығын заңсыз тасымалдауға тосқауыл қою
және ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің мемлекеттік қорға берешектерін қайтару жөніндегі облыстық ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің ҚҰРАМЫ
Құламбаев Серік Алтайұлы
-
облыс әкімінің орынбасары, үйлестіру кеңесінің төрағасы
Омаров Тобылбек Есенжолұлы
-
облыс әкімінің орынбасары, үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары
Алтынбаев Мұрат Бақытжанұлы
-
салық комитетінің төрағасы
(келісім бойынша)
Әміров Бақтияр Құлманұлы
-
қаржы полициясы департаментінің директоры (келісім бойынша)
Атшабаров Нағашыбай Қорғанбекұлы
-
ҰҚКД бастығының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
Байқасов Естай Нұрғалиұлы
-
кеден бас басқармасының бастығы
(келісім бойынша)
Бектаев Болат Жүсіпбекұлы
-
ІІБ жол полициясы басқармасының бастығы
Дранчук Владимир Николаевич
-
«Азық-түлік» келісім-шарт корпорациясы» жабық үлгідегі акционерлік қоғамы өкілеттігінің директоры (келісім бойынша)
Мороз Иван Николаевич
-
«Астық» әмбебап биржасының директоры
Печаткина Ольга Егоровна
-
табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қолдау департаментінің директоры (келісім бойынша)
Сағындықов Бақытжан Нұрмағамбетұлы
-
Ауылшаруашылығы және азық-түлік департаментінің директоры
Садуақасов Тұрсынбай Бақытбайұлы
-
Қостанай облысының ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары
Басқа 22. 2002 жылға сыңар алқап өңдеу жөніндегі
ТАПСЫРМА
(мың га)
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімиятының
2001 жылғы 3 тамыздағы № 94 «а»
қаулысына 2 қосымша
2002 жылға сыңар алқап өңдеу жөніндегі
ТАПСЫРМА
(мың га)
Аудандар
өңделетін жер
сыңар алқап
%
Алтынсарин
199,8
44,0
22,0
Амангелді
29,8
7,5
25,0
Әулиекөл
304,8
62,0
20,3
Жангелдин
10,1
2,0
20,0
Денисов
301,3
67,0
22,2
Жітіқара
210,3
46,0
22,0
Қамысты
307,5
70,0
22,8
Қарабалық
290,9
68,4
23,5
Қарасу
538,4
114,0
21,2
Қостанай
326,9
70,6
21,8
Меңдіқара
308,8
70,0
22,6
Науырзым
185,7
39,9
21,5
Сарыкөл
336,1
82,0
24,4
Таран
215,7
50,0
23,2
Ұзынкөл
304,8
74,0
24,2
Федоров
399,4
90,0
22,5
Арқалық қаласы
174,7
40,3
22,9
Қостанай қаласы
7,9
2,3
25,0
БАРЛЫҒЫ
4454,6
1000,0
22,4