Қолданыстағы ред. 11.06.2002

2001 жылға арналған облыстық бюджеттiң орындалу есебiн бекiту туралы от 11.06.2002 г. № 92 (2001 жылға арналған облыстық бюджеттiң орындалу есебiн бекiту туралы)

0

2001 жылға арналған облыстық бюджеттiң орындалу есебiн бекiту туралы
"Бюджет жүйесi туралы" Z990357_ Қазақстан Республикасының 1999 жылғы

1 сәуiрдегi N№357-I Заңының 29 бабының 2 тармағына, сондай-ақ Z010148_

"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"

Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына,

7-бабының 1-тармағына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
2001 жылға арналған облыстық бюджеттiң орындалуы туралы есебi:
кiрiстер - 5589336 мың теңге;
алынған ресми трансферттер - 2559483 мың теңге;
несиелердiң қайтарылымы - 346697 мың теңге;
шығыстар - 8205194 мың теңге;
несиелендiру - 434500 мың теңге;
жалпы қаржыландыру - 400300 мың теңге;
жергiлiктi атқарушы органның қарыздарын өтеу бойынша - 245369 мың
теңге көлемiнде бекiтiлсiн.

1

2001 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне
ТҮСІНІКТЕМЕ
2001 жылы 8861,2 млн.теңге болып нақтыланған облыстық бюджет 100,4%-ке (8895,8 млн.теңгеге) орындалды. Оның ішінде республикалық бюджеттен алынған ресми трансферттердің көлемі 2413,4 млн.теңге, қалалық бюджеттен алынған алымдар 146 млн.теңге қўраған. Аудандық бюджеттерге бағытталған субвенция 2827,1 мың теңге, сондай-ақ әлеуметтік инфрақўрылымын дамытуға, су алу қаупін алдын алуға, Қармақшы және Сырдария аудандарының мектептерін күрделі жөндеуден өткізуге, Қызылорда қаласына қысқы маусымды өткізуге, эпидемияларға қарсы күрес жүргізуге барлығы 393,3 млн.теңге мақсатты трансферттер бөлінген.
Облыстық бюджеттің нақтыланған 8904,3 млн.теңге шығыстары 8885,1 млн.теңгеге немесе 99,8%-ке орындалған. Оның ішінде жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге (жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың аппараттарын, коммуналдық меншігі басқармасын, қаржының атқарушы органдарын, әкім аппаратының материалдық-техникалық базасын нығайту шығындарын өтеуге) 157,7 млн.теңге (99,4%), қорғаныс бойынша (әскери қызметіне шақыру және тіркеу, өртке қарсы қызмет, суда қўтқару қызмет) 237,2 млн.теңге (99,9%), қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікке (қўқық қорғау органдарын ўстау және қоғамдық тәртіпті сақтауға) 404 млн.теңге (100%), білім беру (жергілікті деңгейде жалпы білім беру, оқулықтарды сатып алу және жеткізу, орта кәсіптік білім беру, кадрларды қайта даярлау) 563,5 млн.теңге (99,6%), денсаулық сақтау (халыққа стационарлық, арнайы және амбулаториялық көмек көрсету, эпидшаралар, санэпидстансаны және денсаулық сақтау басқармасын ўстау, денсаулық сақтау объектілерінің қўрылысына, орталықтандырылып дәрі-дәрмек және медициналық қўрал- жабдықтарын сатып алу) 2184,6 млн.теңге (100%) оның ішінде облыстық көпсалалы аурухананың қўрылысы бойынша қарыздарды өтеуге 1021,8 млн.теңге, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек бойынша (арнайы мемлекеттік жәрдем ақы, интернат типтік әлеуметтік мекемелерді ўстау, жўмыспен қамту бағдарламасы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, еңбек жўмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасын ўстау, медициналық әлеуметтік сараптау комиссиясын ўстау, дағдарыс орталығы) 304,4 млн.теңге (99,7%), тўрғын-үй коммуналдық шаруашылығы (ауыз сумен қамтамасыз ету жўмыстарын ўйымдастыру) - 97,9%, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік (халыққа мәдени демалыстарды ўйымдастыру, ойын-сау және спорттық шараларды өткізу, мўражайларды, кітапханаларды, газеттерді, телерадиодидарларды, мўрағаттарды ўстау, мәдени объектілердің қўрылысы) - 304,4 млн.теңге (99,8%), ауыл шаруашылық және қоршаған ортаны қорғау (өсімдіктердің зиянкестеріне қарсы шараларды өткізу, су беруге қатыссыз жергілікті сипаттағы гидротехникалық жүйелер мен ғимараттардың жўмыс істеуін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылық басқармасын және жер инспекциясын ўстау) - 133,7 млн.теңге (97,4%), көлік және байланыс (жергілікті деңгейде автомобильдік жолдарды ўстау) - 103,8 млн.теңге (96,1%), өзге де шығындар - 479,6 млн.теңге (99,9%), қарыздарға қызмет көрсету - 14,3 млн.теңге (100%), облыстық бюджеттен аудандық (қалалық) бюджеттерге берілетін ресми трансферттер - 3220,4 млн.теңге (99,9%), алынған несиелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын өтеуге - 245,4 млн.теңге (100%) орындалған.
2002 жылдың 1 қаңтарына бюджеттік ўйымдардың несиелік қарыздары жоқ.
Маман Пирмухамедова У.А.