Қалалық мәслихаттың 2001 жылғы желтоқсандағы «Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері бойынша қызмет көрсететіндер үшін тіркелген жиынтық салық ставкалары туралы» № 7/114 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалалық мәслихаттың 2001 жылғы желтоқсандағы «Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері бойынша қызмет көрсететіндер үшін тіркелген жиынтық салық ставкалары туралы» № 7/114 шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Cалық кодексі) 394-бабына және «Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларын мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы № 1016 Қаулысына сәйкес, қалалық Мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Қазақстан Мәслихаттың 2001 жылғы 28 желтоқсандағы «Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері бойынша қызмет көрсететіндер үшін тіркелген жиынтық салық ставкалары туралы» (облыстық Әділет басқармасында 2002 жылғы 23 қаңтарда 702- нөмірмен тіркелген, «Жаңаөзен» газетінде 2002 жылы 7 ақпанда 6-нөмірінде жарияланған: өзгерістер мен толықтырулары Жаңаөзен қалалық Әділет басқармасына 2006 жылғы 5 сәуірде 11-2-33 нөмірмен тіркелген , «Жаңаөзен» газетінде 2006 жылғы 2 тамызда 31-нөмірінде жарияланған ) № 17/114 шешіміне өзгерістер енгізілсін: сол шешімнің қосымшасы осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Жаңаөзен қалалық мәлихатының 2007 жылғы 25 наурыздағы № 36/235 шешіміне № 1 қосымша Салық салу объектісі болып табылатындарға бір жылға есептелген жиынтық салық ставкалары к/с Салық салу объектісінің түрлері Айлық есептік көрсеткіш есебімен ставкалары, 2007ж 1 Ойын үстелі 2 Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтысы бар ойын автоматы 3 Бір ойыншыдан көп ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтысы бар ойын автоматы (электрлік рулеткадан басқасы) 4 Электрлік рулетка 5 Тотализатор кассасы 6 Букмекерлік кеңсе кассасы 7 Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматы 8 Бір ойыншыдан көп ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматы 9 Ойын өткізуге арналған персоналдық компьютер 10 Ойын жолы 11 Карт 12 Бильярд үстелі 13 Лото ұйымдастырушысы