Облыс әкімиятының 2002 жылғы 11 наурыздағы № 180 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджеттік жүйе туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1743 «Бюджеттік бағдарламаның паспортын жасау ережесін бекіту туралы» қаулысына, облыс әкімиятының 2002 жылғы 21 наурыздағы № 196 «2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін несиелендіру туралы» қаулысына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Облыс әкімиятының 2002 жылғы 11 наурыздағы № 180 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 07.04.2002 г. № 206 (Облыс әкімиятының 2002 жылғы 11 наурыздағы № 180 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. Облыс әкімінің 2002 жылғы 11 наурыздағы № 180 қаулысының 1 тармақтағы 15 тармақшаға келесі өзгерістер мен толыктырулар енгізілсін;
«№ 1-3 қосымша» деген сөздер «№ 1-4 қосымша» сөздермен ауыстырылсын;
«№ 3 қосымша» деген сөздер «№ 3-4 қосымша» сөздермен ауыстырылсын (қоса беріліп отыр).
Облыс әкімиятының
2002 жылғы № 8 сәуірдегі
№ 206 қаулысымен бекітілген
№ 4 қосымша
ПАСПОРТ
2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерін несиелендіру
(Бюджеттік бағдарламаның аты)
2002 жылға
1. Құны: 45000 (қырық бес миллион) мың теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативті құқықтық негізі: «2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруга жергілікті бюджеттерді несиелендірудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 229 қаулысы, облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 наурыздағы X сессиясының «Облыстық мәслихатының 2001 жылғы 21 желтоқсандағы «2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы» IX сессиясының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі, «2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерін несиелендіру туралы» облыс әкімиятының 2002 жылғы 21 наурыздағы № 196 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздері: Облыстык бюджет.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге ауылшаруашылық тауарын өндірушілерді қаржылай қолдауды ұйымдастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілері алған несиені жанар-жағар май алуға, тұқымға, тыңайтқышқа, гербицидке, қосалқы бөлшектерге, ауылшаруашылық техникасын жалға немесе сатып алуға.
6. Бюджеттік бағдарламаны жүргізудің іс-шара жоспары:
№
Бағдарлама коды
коды
Бағдарламаның аты
Бағдарламаны жүргізудің іс-шарасы
Мерзімі
Жауапты орындаушы
1
83
00
2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерін несиелендіру туралы
2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру
Жыл бойына
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
7. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырғанда күтілетін нәтиже:
2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу