Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 15 қаңтардағы «Ауданда ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы» №15-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 15 қаңтардағы «Ауданда ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы» №15-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағы мен Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 373 бабына сәйкес және Батыс Қазақстан облыстық әділет департаментінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы шығыс №4-10011 санды қатынас қағазы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 15 қаңтардағы «Ауданда ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы» №15-4 шешіміне ((тіркеу №1278, аудандық «Шұғыла» газетінде 2002 жылғы 23 ақпанда жарияланған) аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 15 сәуірдегі №17-8 тіркеу №1496, аудандық «Шұғыла» газетінде 2002 жылғы 30 мамырда жарияланған) шешімімен енгізілген толықтыруларды қоса) төмендегіше өзгерістер енгізілсін:
Аталған шешіммен бекітілген қосымшасында:
Белгіленген қызмет түрлерінің:
Тармақша 1
1) 5 тармағы алып тасталсын;
Тармақша 2
2) 8 тармағында:
«Көлік иелері көрсеткен қызметтер» деген сөздер «Жолаушылар мен жүктерді (лицензиялы тасымалдардан басқасы) тасымалдау бойынша жеке жеңіл және жүк автомобильдері иелерінің қызмет көрсетулері» деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) 9 тармағы алып тасталсын;
Тармақша 4
4) 10 тармағы алып тасталсын;
Тармақша 5
5) 11 тармағы алып тасталсын;
Тармақша 6
6) 12 тармағы алып тасталсын;
Тармақша 7
7) 13 тармағында:
«Мал бағу» деген сөздер «Үй жануарлары мен құстарды жаю» деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 8
8) 14 тармағында:
«Жүк тасымалдау автокөліктерімен тракторлар қызметі және 6-25 орындық адам тасымалдайтын автокөліктер үшін» деген сөздер «Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері» деген сөздермен ауыстырылсын.