Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 15 сәуірдегі «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы» №17-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 15 сәуірдегі «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы» №17-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы негізінде және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің хатына сай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 17-6 «Тұрғын үй көмегі көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Жәнібек аудандық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №1495 нөмірмен тіркелген, аудандық «Шұғыл» газетінде 2002 жылғы 30 мамырда жарияланған), 2003 жылғы 15 ақпандағы №26-5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №2009 нөмірмен тіркелген), 2006 жылғы 23 желтоқсандағы №32-6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №7-6-39 нөмірмен тіркелген, аудандық «Шұғыла» газетінде 2007 жылғы 26 қаңтарда жарияланған), шешімдерімен енгізілген өзгерістермен қоса) төмендегі өзгерістер енгізілсін: 2 тарауының 4 бабында «шекті шығындар үлесі-көмек алатын отбасының жиынтық табысының 30 проценті мөлшерінде есептеледі» деген сөйлем «тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызметті пайдалану ақысын төлеудің шекті шығын көлемі келесідей болып белгіленсін: жалғыз басты зейнеткерлер үшін – 15%, аз қамтылған отбасылар үшін-20%, басқа санаттарға-30%» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім аудандық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.