Облыс әкімиятының 2002 жылғы 16 қаңтардағы № 119 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімиятының 2002 жылғы 16 қаңтардағы № 119 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 Заңына, "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы" Казақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулысына және "Облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 21 желтоқсандағы "2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы" IX сессиясының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар егізу туралы" облыс мәслихатының 2002 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс ХVI сессиясының шешіміне сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Облыстық мәдениет басқармасының 2002 жылға арналған бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын бекіту туралы» облыс әкімиятының 2002 жылғы 16 қаңтардағы №119 қаулысына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін: қаулының 1 тармағындағы «№ 1-12 қосымшалар» деген сөздер «№ 1-13 қосымшалар» деген сөздермен ауыстырылсын (қоса беріліп отыр).
Басқа 2
Облыс әкімиятының 2002 жылғы16 қаңтардағы № 119 қаулысымен бекітілген № 13 қосымша 2002 жылға арналған “Жергілікті деңгейде мемлекет қайраткерлерін мәңгілік есте қалдыру" бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ
Тармақ 1
1. Құны: 450000 ( төрт жүз елу мың) теңге.
Тармақ 2
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 1999ж. 01.04. № 357 «Бюджет жүйесі туралы» Заңы.- «Облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 21 желтоқсандағы «2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы» IX сессиясының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыс мәслихатының 2002 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс XVI сессиясының шешімі.
Тармақ 3
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: Облыстық бюджет.
Тармақ 4
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Жергілікті деңгейде мемлекет қайраткерлерін мәңгілік есте қалдыру.
Тармақ 5
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Мемлекет қайраткерлерін есте қалдыру.
Тармақ 6
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: № Бағ- дар- лама коды Кіші бағдар лама коды Бағдарлама- лардың (кіші бағдарламалар дың) атауы Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі шаралар Орындау мерзімі Жауапты орындаушылар 42 00 Жергілікті деңгейде мемлекет қайраткер- лерін мәнгілік есте қалдыру Мемлекет қайраткерлеріне ескерткіш орнату-450000 теңге 2002 жыл бойы Облыстық тарихи және мәдени ескерткіш-терді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме.
Тармақ 7
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: мемлекет қайраткерлерін есте қалдыру.