Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 321 «Атырау облысы Сарықамыс кентінің тұрғындарын көшіру туралы» қаулысын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 321 «Атырау облысы Сарықамыс кентінің тұрғындарын көшіру туралы» қаулысын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 321 «Атырау облысы Сарықамыс кентінің тұрғындарын көшіру туралы» қаулысын орында мақсатында және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 29-тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Сарықамыс кентінің көшірлетін тұрғындары үшін жаңа тұрғын үйлер, әлеуметтік объектілер және инженерлік комуникациялар салу жөніндегі тапсырыс беруші болып – коммуналдық меншік, құрылыс және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы департаменті (В. Оспанов) анықталсын.
Тармақ 2
2. Коммуналдық меншік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаменті:
Тармақша 1
1) 2006 жылға дейінгі мерзімде Сарықамыс кенті тұрғындарының Атырау қаласы және Жаңа-Қаратон кентіне көшірілуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Сарықамыс кентінің көшерілетін тұрғындары үшін жаңа тұрғын үйлер, әлеуметтік объектілер және инженерлік коммуникациялар құрылысын жобалау мен салуға мердігерлік ұйымдарды анықтау бойынша конкурс өткізілуін ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Атырау қаласы әкімі (Д. Тұрғанов), Жылыой ауданының әкімі (А. Бисенов), жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет (А. Жмыхов) және сәулет және қала құрылысы басқармасы (Қ. Қияшев) құрылысқа уақытылы жер бөлуді жүзеге асырсын және Департаментке Сарықамыс кенті тұрғындарынын көшірудің және құрылыстың ағымды мәселелерін жедел шешуге жәрдемдессін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ. Ищановқа жүктелсін.