Об утверждении плана мероприятий на 2002 год по реализации «Программы развития и государственной поддержки малого предпринимательства в области на 2001 – 2002 годы» утвержденной решением XII сессии областного маслихата II созыва от 25 мая 2001 года Қолданыста
Басқа 0
II сайланған облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 25 мамырдағы XII сессиясының шешімімен бекітілген «Облыста шағын кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік қолдаудың 2001 – 2002 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру бойынша 2002 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, облыста кәсiпкерлiктiң тұрақты дамытуын қамтамасыз ету мақсатында, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған "Облыста шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен мемлекеттiк қолдаудың 2001 - 2002 жылдарға арналған бағдарламасының 2002 жылға арналған iс-шаралар жоспары" (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыс индустрия, сауда және кәсiпкерлiктi дамыту департаментi бастығы Ш.Д. Әлимусиннiң"Облыста шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен мемлекеттiк қолдаудың 2001 - 2002 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы" хабарламасы еске алынсын.
Тармақ 3
3. Индустрия, сауда және кәсiпкерлiктi дамыту департаментi (Әлимусин Ш.Д) 2003 жылғы 10 қаңтарға орай облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөнiндегi тұрақты комиссиясына Жоспардың орындалуы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөнiндегi тұрақты комиссиясына (Шабрат Н.П) жүктелсiн.