О плане мероприятий на 2002 год по реализации областной программы «Молодежь» на 2001 – 2002 годы Қолданыста
Басқа 0
2001 – 2002 жылдарға арналған «Жастар» облыстық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2002 жылға арналған іс-шаралар жоспары туралы
Облыс туризм және спорт департаментінің бастығы Е.Қ. Аймұқашевтің 2001 - 2002 жылдарға арналған "Жастар" облыстық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2002 жылға арналған іс-шаралар жоспары туралы хабарламасын тыңдап және талқылай келе, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған II сайланған облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 20 шілдедегі ХIII сессиясының шешімімен бекітілген 2001 - 2002 жылдарға арналған "Жастар" облыстық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2002 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыс туризм және спорт департаменті 2003 жылғы 10 қаңтар мерзіміне орай облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына Іс-шараларды жүзеге асыру туралы ақпарат ұсынатын болсын.
Тармақ 3
3. Облыс қаржы департаменті Іс-шаралардың дер кезінде қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына (Лебедь В.Д.) жүктелсiн.