Об итогах работы объектов жилищного, социально-культурного и административно-хозяйственного назначения области в отопительный период 2002-2003 годов и задачах по подготовке к зиме 2003-2004 годов Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік-шаруашылық маңызы бар объектілерінің 2002-2003 жылдардағы жылу беру кезеңіндегі жұмысының қорытындылары және 2003-2004 жылдардағы қысқа дайындығы жөніндегі міндеттер туралы
Облыстың тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік-шаруашылық маңызы бар объектілерінің 2002-2003 жылдарғы қыс кезіндегі жұмысын талдау қалалар мен аудандар әкімдерінің, басқармалар мен департаменттердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың қазандықтарды, жылу желілерін, тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілерді қыс жағдайындағы жұмысқа әзірлеу жөнінде белгілі жұмыс атқарғандарын көрсетті.
Облыстың барлық қалалары мен аудандарында іс-шаралар әзірленіп бекітілді, жөндеу-профилактикалық жұмыстар жүргізудің кестелері белгіленді, отын көлемі айқындалды және оны жеткізу үшін жергілікті жерлерде конкурстар өткізілді. Белгіленген барлық іс-шаралардың орындалуына қысқа дайындық жөніндегі аудандық және облыстық штабтардың тұрақты бақылауы қойылды.
Қолданылған шаралар тұрғын үйлер мен бюджеттік сала объектілеріне белгіленген мерзімдерде уақтылы жылу беруге, өткен қысты негізінен онша қиындықсыз және төтенше жағдайларсыз өткізуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар жылу беру маусымына дайындық кезінде және оның барысында бірқатар олқылықтар мен кемшіліктерге жол берілген.
Қалалар мен аудандардың әкімдері пайдаланылған коммуналдық қызметтер үшін берешектерді өтеу және оларды қысқарту мәселесі жөніндегі облыс әкімиятының 2002 жылғы 30 мамырдағы N 165 қаулысын толыққанды орындамаған. Облыс бойынша жалпы берешек 2002 жыл үшін 2211,3 млн. теңгеге кемігенмен, Абай, Зырян, Күршім және Шемонаиха аудандарында ол өскен.
Үлкен берешек, айналымдық қаражаттардың жетіспеуі коммуналдық кәсіпорындарға жөндеу жұмыстарын дер кезінде және сапалы орындауға, отынның, ал авариялар бола қалған жағдайда-қосалқы бөлшектер мен материалдардың қажетті қорын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
Қаржыландырудың жеткіліксіздігінен "АЕS Согра ЖЭО" ЖШС қазандықагрегатта су экономайзерін ауыстырудан бас тартқан еді, мұның өзі қазандықагрегаттардың тоқтауына әкеліп соқты және ЖЭО жұмысы ақпан-наурыз айларында күрделі жағдайда қалды.
"АЕS Лениногор ЖЭО" ЖШС-та турбогенератор 15 күн кешіктіріліп іске қосылды.
Өскемен қаласының "Мұнайгазмаш" ААҚ тұрғын үй ауданындағы жылу жүйесі құрылысының аяқталуына қарай "Карабах" ПИК тұрғын үйлері жылу қабылдауға әзір етілмеген. Дизель отынын алуға қаражаттардың болмауына байланысты Шемонаиха ауданының Первомайка кентіндегі сұйық отын арқылы жұмыс істейтін қазандықтардан жылытылатын тұрғын үйлерге жылу беруге байланысты күрделі жағдай қалыптасқан.
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының қазандықтарды отынмен дер кезінде қамтамасыз ету туралы қаулысы толық көлемінде орындалмаған. "АЕS Семей ЖЭО" ЖШС-нің жылумен жабдықтайтын кәсіпорындарды басқарудан бас тартуы қаланың тұрғын үйлері мен әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілерін жылумен қамтамасыз етуге теріс ықпал етті, қазандықтар мен ЖЭО-да көмір қоры қамтамасыз етілмеген, олар бүкіл жылу беру маусымында "доңғалақтардан" жылу алып отырды.
Бородулиха және Көкпекті аудандарындағы сотқа жүгінулер мен шарттарды қайта жасасулар нәтижесінде бюджеттік қазандықтар үшін көмір дайындау баяу жүргізілді. Тарбағатай ауданында білім беру объектілеріне көмір жеткізуге байланысты проблема туды. Облыстың өндірістік және әлеуметтік кешендерін алдағы 2003-2004 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмысқа дер кезінде және сапалы дайындау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өскемен, Семей қалалары, Бородулиха, Көкпекті және Шемонаиха аудандары әкімдерінің 2002-2003 жылдардағы жылу беру маусымының барысында өздеріне бағынышты қалалар мен кенттердегі тұрғын үй және әлеуметтік-тұрмыстық сектор объектілерінің бірқатарында тұрақты және үзіліссіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз етпегендері атап көрсетілсін және олар орын алған кемшіліктерді 2003-2004 жылдардың жылу беру кезеңінде жою жөнінде шаралар қабылдауға міндеттелсін.
Тармақ 2
2. Облыс бойынша әлеуметтік-мәдени және тұрғын үй-коммуналдық маңызы бар объектілерді, қазандықтарды, жылу желілерін 2003-2004 жылдарғы қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындау туралы жиынтық іс-шаралар бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдері:
Тармақша 1
1) белгіленген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі кестелер әзірлеп бекітсін, оларды іске асыру жөнінде нақты шаралар қабылдасын;
Тармақша 2
2) белгіленген іс-шаралардың орындалу барысын үйлестіру және оған бақылау жасау үшін жұмыс топтарын (штабтар) құрсын.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың әкімдері білім, денсаулық сақтау, мәдениет басқармаларымен және бөлімдерімен бірлесіп бюджеттік ұйымдар үшін қажеттілігіне қарай отын сатып алу жөнінде жергілікті жерлерде 2003 жылғы маусым-шілдеде конкурстар өткізсін, оны жеткізудің кестесін әзірлеп бекітсін және жылу беру маусымының басына дейін нормативтік қор жасасын.
Тармақ 5
5. Қалалар мен аудандар әкімдерінің пайдаланылған коммуналдық қызметтер үшін дер кезінде ақы төлеу жөнінде қажетті шаралар қабылдамағаны атап көрсетілсін, тұрғындардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың берешегін өтеу жөнінде кесте әзірлеп, бекіту тапсырылсын және олардың орындалуы қамтамасыз етілсін, абоненттік қызметтердің тиімді жұмысы ұйымдастырылсын.
Тармақ 6
6. Шығыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік басқармасы (Уранхаев Н.Т.):
Тармақша 1
1) келісілген кестелерге сәйкес ГЭС-тегі, ЖЭО-дағы негізгі жабдықты, электркүштік жабдықты, жылу магистральдарын жөндеу жұмыстарының орындалуына және оларда жылу беру маусымының басталуына дейін отынның нормативтік қорын жасауға бақылау орнатсын;
Тармақша 2
2) мемлекеттік энергетикалық қадағалау талаптарына сәйкес энергетикалық кәсіпорындардың дайындық паспорттарын алуды ерекше бақылауға алсын;
Тармақша 3
3) облыстың жылу көздерін, инженерлік желілерді, тұрғын үйді және әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілерді қысқа дайындау, бюджеттік ұйымдар үшін отынды уақтылы әзірлеу барысына бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Шығыс Қазақстан облысының білім департаменті (Ферхо С.И.), Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Андагулов К.Б.), Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы (Тусипбеков Т.Т.), Шығыс Қазақстан облысы еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (Шерубаев А.С.) ведомстволық бағынышты мекемелердің, кәсіпорындардың қолда бар қазандықтарын, жылу желілерін, ғимараттарын алдағы қысқа уақтылы және сапалы дайындауға және олардың қыс кезінде қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндеттелсін.
Тармақ 8
8. Қалалар мен аудандардың әкімдері отын-энергетика ресурстарын үнемдеу мақсатында желілер мен трассалардағы өндірістік емес шығындардың алдын алу жөніндегі жұмысты қажетті деңгейге қойсын, жылумен, сумен жабдықтау схемаларын оңтайландыру, жылу энергиясын, суық суды және газды есептеу аспаптарын қою жөніндегі жұмыстар жүргізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 9
9. Облыстың 2003-2004 жылдарғы қысқа дайындығы барысына басшылық жасау және оны үйлестіру үшін мына құрамда облыстық штабы құрылсын:
Төрағасы:
Сухорукова Вера Николаевна
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Штаб мүшелері:
Андагулов Қыдырбек Баянбаевич
Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Байгазов Михаил Георгиевич
бас маман-мемлекеттік энергетикалық қадағалау Комитетінің аймақтық инспекторы (келісім бойынша)
Құрманғалиев Айтмұханбет Алмадиевич
Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының бастығы
Мыңбаев Майдан Түлесович
Шығыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Темный Григорий Владимирович
Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бастығы (келісім бойынша)
Түсіпбеков Түсіпхан Түсіпбекович
Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бастығы
Уранхаев Нұрлан Тельманович
Шығыс Қазақстан облысы энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік басқармасының бастығы
Ферхо Светлана Ивановна
Шығыс Қазақстан облысы білім департаментінің бастығы
Шерубаев Айтказы Сеидович
Шығыс Қазақстан облысы еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы
Тармақ 10
10. "Облыстың өндірістік және әлеуметтік кешендерінің 2001-2002 жылдарғы жылу беру кезеңіндегі жұмысы қорытындылары және 2002- 2003 жылдарғы қысқа дайындық жөніндегі міндеттер туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2002 жылғы 30 мамырдағы N 165 қаулысының күші жойылды деп саналсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары В.Н. Сухоруковаға жүктелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 18. Облыс объектілерін 2003-2004 жылдарғы
қыс жағдайындағы жұмысқа дайындау жөніндегі
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының
2003 жылғы 24 маусымдағы N 99
қаулысына қосымша
Облыс объектілерін 2003-2004 жылдарғы
қыс жағдайындағы жұмысқа дайындау жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР
Объектілер атауы
Өлшем бірлігі
Жоспар
1
2
3
1. Қазандықтарды дайындау, барлығы
дана
812
Олардан: - жөндеу
-//-
331
- қазандықтарды ауыстыру
-//-
85
2. Жылу жүйелерін дайындау, барлығы
км
1190,4
Олардан жөндеу: - ішінара ауыстыру
-//-
165,7
- толық ауыстыру
-//-
48,8
3. Білім саласының объектілерін дайындау, барлығы
дана
881
Олардан жөндеу: - жылу беру жүйелері
-//-
87
- шатыры
-//-
96
4. Денсаулық сақтау объектілерін дайындау, барлығы
дана
669
Олардан жөндеу: - жылу беру жүйелері
-//-
79
- шатыры
-//-
48
5. Орталық жылу беру жүйесі бар тұрғын үйлерді дайындау, барлығы
үй
4168
Олардан жөндеу: - жылу беру жүйелері
-//-
1523
- шатыры
-//-
987
6. Суқұбырлық кәріздік желілерді дайындау, барлығы
км
3789,9
Олардан жөндеу: - ішінара ауыстыру
-//-
136,8
- толық ауыстыру
-//-
20,5
7. Кәріздік сорғылық станцияларды қысқа дайындау, барлығы
дана
91
8. Тазарту құрылғыларын қысқа дайындау, барлығы
дана
27
9. Сутартқылық ұңғыларды қысқа дайындау, барлығы
дана
334
10. Отын дайындау:
- көмір
мыңтонна
162,3
- сұйық отын
тонна
3767
Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық және көлік басқармасының
бастығы