Об итогах начальной военной подготовки в 2002-2003 учебном году и задачах на новый 2003-2004 год Күшін жойған
Басқа 0
2002-2003 оқу жылындағы бастапқы әскери дайындықтың қорытындылары және 2003-2004 оқу жылының міндеттері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бастапқы әскери даярлау туралы" қаулысына сәйкес өткен 2002-2003 оқу жылында Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарында жастардың бастапқы әскери дайындығының сапасын жақсарту бағытында елеулі жұмыс атқарылды. Бастапқы әскери дайындық бағдарламасы толық орындалды. Шақыру жасына дейінгі және шақырылатын жастармен оқу-далалық (лагерлік) жиындар өткізу талаптарға сай жүргізілді. Бастапқы әскери дайындық барысына облыстық әскери комиссариаттары тарапынан бақылау және басшылық жасау жақсарды. Барлық оқу орындары әскери оқу мүліктерімен жабдықталды. Мұның өзі бастапқы әскери даярлық сабақтарының деңгейін көтеруге мүмкіндік берді.
Сонымен бірге облыстық білім беру ұйымдарында бастапқы әскери даярлық жүргізуде елеулі кемшіліктер мен олқылықтар бар.
Әсіресе, Бөкейордасы, Жәнібек, Қаратөбе аудандарының оқу орындарында бастапқы әскери даярлықтың оқу-материалдық базасы толық жасақталмаған. Оқу қаруларын сақтайтын бөлмелер мен оларды сақтауға ішкі істер органдарынан рұқсат алу мәселелері толық шешімін таппаған. Тек Зеленов, Тасқала және Сырым аудандарының оқу орындарында ғана ішкі істер органдарынан рұқсат алған қару сақтау бөлмелері бар.
Облыстық барлық ауданында бірдей жастарды әскери қызметке даярлау және лагерлік жиындар өткізу үшін қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлері ұйымдастырылмаған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1340 "Бастапқы әскери даярлау туралы" қаулысын орындау жолында, жастардың бұдан әрі бастапқы әскери даярлығын жақсарта түсу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы, Батыс Қазақстан облыстық әскери комиссариат, Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы, төтенше жағдайлар жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық басқармасы, аудандар мен Орал қаласының әкімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бастапқы әскери дайындық туралы" қаулысын сөзсіз орындау жолында шұғыл шаралар алсын.
Тармақ 2
2. Аудандар мен Орал қаласының әкімдері:
Тармақша 1
1) шақыру жасына дейінгі және шақырылатын жастарды әскери қызметке даярлау және оқу-далалық (лагерлік) жиындар өткізу үшін қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерінің (ҚССЛ) жұмысын ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) оқу пункттері мен ҚССЛ материалдық-техникалық жабдықталуы, кадрлармен және қаржымен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ оқу-далалық (лагерлік) жиындардың жергілікті бюджет қаржысы есебінен жүргізілуі жолында шаралар алсын.
Тармақ 3
3. Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының бастығы:
Тармақша 1
1) шақыру жасына дейінгі және шақырылатын мектеп оқушыларын бастапқы әскери даярлыққа және жауынгерлік-патриоттық рухта тәрбиелеуді қамтамасыз етсін, олардың оқу-далалық (лагерлік) жиындарға қатысуын ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) жастардың бастапқы әскери даярлығы туралы Ереже талаптарына сәйкес оқу-материалдық базаларын тұрақты жетілдіру шараларын алсын;
Тармақша 3
3) облыстық оқу орындарында бастапқы әскери даярлыққа қажетті арнаулы мүліктерді сақтайтын бөлмелер жабдықтасын;
Тармақша 4
4) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушылардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы:
Тармақша 1
1) дәрігерлік-санитарлық даярлық бойынша оқытушылар іріктеуді және даярлауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) оқу ұйымдарына мектеп оқушыларымен практикалық сабақтар өткізу және олардың жұмысын бақылау үшін емдеу мекемелерін бекітсін.
Тармақ 5
5. Батыс Қазақстан облысының әскери комиссары:
Тармақша 1
1) белгіленген тәртіпте есеп және есеп беруді жүргізсін;
Тармақша 2
2) оқу орындарының бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушылармен үш күндік оқу-әдістемелік жиындары мен бір күндік әдістемелік сабақтар ұйымдастырсын, ынталы ұйымдардың өкілдерін қатыстыра отырып оқу орындарында бастапқы әскери даярлық жағдайын тексерсін.
Тармақ 6
6. Төтенше жағдайлар жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық басқарманың бастығы адамдардың тіршілік қызметі қауіпсіздігінің негіздері бойынша жастардың оқуына басшылық жасауды және үйлестіріп отыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Батыс Қазақстан облысының әскери комиссары, Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының бастығы, Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы 2003-2004 оқу жылындағы бастапқы әскери даярлықтың қорытындыларын шығарып, жаға оқу жылының негізгі іс-шаралар жоспарын жасасын. Атқарылған жұмыстар туралы облыс әкіміне 2004 жылғы 1 тамызда ақпарат берсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С. Иманғалиевке жүктелсін.