Об охране и защите лесов Костанайской области в пожароопасные периоды 2002-2003 годов Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысының ормандарын 2002-2003 жылдардың өрт қауіпі бар кезеңдерінде күзету және қорғау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 07.07.2004 № 36 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 мамырдағы № 699 "Қазақстан Республикасындағы ормандарды сақтауды қамтамасыз ету жүнінде шұғыл шаралар туралы" қаулысына сәйкес және Қостанай облысының аумағындағы ірі өрттерді жоюға қатысушы адамдар мен техниканы уақытында жұмылдыру, жедел қызметтер мен меншіктің әртүрлі нысандарындағы субъектілер арасында бірлесе іс-қимыл жасау мақсатында ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысының ормандарында өртті және химиялық күйікті болдырмау мен өрт санының болуын тұрақты төмендету және оның орманға келтіретін шығын мөлшерін азайтуға бағытталған іс-шаралар жоспары бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Қала және аудан әкімдері:
2002 жылдың 10 сәуіріне дейінгі мерзімде өртті сөндірудің және орман кәсіпорындарының көлік техникасын орман және дала өрттерін жоюға тарту тетігінің жоспарларын әзірлесін және бекітсін:
өрт қауіпі бар кезеңдерге инженерлік техникасын, жанар-жағар май материалдарының резервін құруды қамтамасыз етсін;
шаруа қожалықтарының және өзге де ауыл шаруашылық құрылымдардың шөптесін өсімдіктерді өртеуін жүргізуге бақылауды қамтамасыз етсін, сондай-ақ, сөндіруге шамасы жетпейтінін өртеуге тыйым салсын;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ормандардағы өрттердің алдын алу, олардың қауіптілігі және ормандағы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары жөнінде түсіндіру жұмысын ұйымдастырсын;
өрт қаупі жоғары кезеңде орманға баруды шектеу туралы шешімдерді уақытылы қабылдасын және олардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Т.Е. Омаровқа жүктелсін.
Басқа 4. Қостанай облысының ормандарында өртті және химиялық күйікті болдырмау жөніндегі іс-шаралардың жоспары
Қостанай облысы әкімінің
2002 жылғы 1 наурыздағы
№ 23 шешіміне қосымша
Қостанай облысының ормандарында өртті және химиялық күйікті болдырмау жөніндегі іс-шаралардың жоспары