О подготовке производственного и социального комплекса Костанайской области к работе в осенне-зимний период 2002-2003 годов Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысының өндірістік және әлеуметтік кешенін 2002-2003 жылғы күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмысқа даярлау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 08.04.2003 № 66 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес және облыстың өндірістік және әлеуметтік кешенін 2002-2003 жылғы күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмысқа уақытында және сапалы даярлау мақсатында Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалар, аудандар әкімдері, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары:
Тармақша 1
1) 2002 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде жылу көздерін, электр, газ, жылу және су құбырлары желілерін, сондай-ақ тұрғын және әлеуметтік сала объектілерін 2002-2003 жылғы күзгі-қысқы жағдайдағы жұмысқа даярлау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Қалалар және аудандар әкімдері мынадай ұйымдастыру жұмыстарын жүргізсін:
Тармақша 1
1) қалалар мен аудандардың кәсіпорындарының жабдықтаушылармен қатты, сұйық және газ түріндегі отынды, электр энергиясын жеткізу мен қатты және сұйық отынның жинақталу кестесінің орындалуына өзара шарт жасауға бақылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) коммуналдық қызметті тұтынушылардың пайдаланған электр, жылу энергиясы, табиғи газ, су үшін борыштарын 2002 жылғы 1 шілдеге дейін өтеу;
Тармақша 3
3) Пәтер иелері кооперативтерінің басшыларымен тұрғын үйлерді алдағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа даярлау жөніндегі жөндеу-алдын алу іс-шараларын өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүргізу;
Тармақша 4
4) энергетика, өнеркәсіп және сауда департаментіне апта сайын, әр сәрсенбіде қысқа даярлық барысы туралы белгіленген нысан бойынша ақпарат түсіріп отыру.
Тармақ 3
3. Қаржы департаменті (М.А. Щеглова) алынатын жылу-энергетикалық ресурстарға уақытында төлем төлеу және коммуналдық қызметтер үшін бұрындары жинақталған борыштарын өтеу үшін бюджеттік мекемелерді уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Өндірістік және әлеуметтік кешеннің көзгі-қысқы кезеңнің жұмысына даярлығына бақылау жасау және жедел ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссия құрылсын (қосымша).
Тармақ 5
5. Қостанай облысы әкімінің 2001 жылғы 30 наурыздағы № 19 "Қостанай облысының өндірістік және әлеуметтік кешенін 2002-2003 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмысқа даярлау туралы" шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В. Мейстерге жүктелсін.
Басқа 12. Облыстың өндірістік және әлеуметтік кешенін 2002-2003 жылғы күзгі-қысқы маусымға даярлау жөніндегі облыстық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімиятының
2002 жылғы 9 сәуірдегі
№ 81 қаулысына қосымша
Облыстың өндірістік және әлеуметтік кешенін 2002-2003 жылғы күзгі-қысқы маусымға даярлау жөніндегі облыстық комиссияның құрамы
Мейстер Виктор Викторович - облыс әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы
Кочин Владимир Федорович - энергетика, өнеркәсіп және құрылыс департаментінің директоры, төрағаның орынбасары
Комиссия мүшелері
Батов Евгений Владимирович - төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарманың бастығы
Ғалымжанов Едіге Молдахметұлы - Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Каткенов Құсайын Амангелдіұлы - Қостанай облысы білім департаментінің директоры
Нақанов Болат Әуезханұлы - Қостанай облысының жол шаруашылығы және көлік департаментінің директоры
Осоченко Владимир Григорьевич - "KEGOC" ААҚ "Сарыбай ЭАЖ" филиалының директоры (келісім бойынша)
Сидаш Сергей Борисович - "Қостанайэнерго" ААҚ бас директоры (келісім бойынша)
Тайкешов Әубәкір Салкенұлы - "Қостанайгаз" МКК бас директоры
Щеглова Мария Александровна - Қостанай облысы қаржы департаментінің директоры