О подготовке объектов жилищно-коммунального хозяйства, предприятий и организаций бюджетной сферы к работе в осенне-зимний период 2002-2003 годов Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтардың, кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдардың нысандарын 2002-2003 жылғы күзгі-қысқы кезеңге дайындау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 11.04.2003 № а-4/120 қаулысымен. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтардың, кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдардың нысандарын 2002-2003 жылғы күзгі-қысқы кезеңге дайындаудың нәтижелері қысқы кезеңді өткізу барысында қалалар мен аудандардың әкімдері, кәсіпорындар мен бюджеттік сала ұйымдарының басшылары нақты шаралар жүргізудің арқасында жоспарланған жөндеу - қалпына келтіру жұмыстары мен оларды қысқы жағдайда пайдалануға дайындау мақсатты түрде жүргізгендігін көрсетті. Қыс бойы жоғарыда аталған нысандар жүйелі қызмет көрсетіп, аппатты жағдайларда қатты және сұйық отынмен қамтамасыз ету мәселесі шешіліп отырылды. Сонымен қатар, 2001-2002 жылғы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс жүргізуге дайындалу барысында кейбір аудандар мен қалалар дайындалған іс-шаралар мен кестелерге сәйкей жұмыс жүргізе алмады. Ерейментау, Щучье, Бұланды, Қорғалжын, Аршалы, Астрахан, Ақкөл аудандарында жылу көздерін дайындау жұмыстарының кестесі орындалмады. Ақкөл, Аршалы, Зеренді аудандарында және Көкшетау, Атбасар қалаларында жылу құбырларын, Көкшетау, Щучье, Степногорск қалаларында, Ақкөл, Бұланды, Ерейментау, Жарқайың, Щучье аудандарында су құбырлары мен канализация жүйелерін жөндеу нашар жүргізілді. Өткен жылдың 15 тамызына дейін Зеренді, Шортанды, Жақсы, Астрахан аудандарының, Көкшетау, Степногорск қалаларының кейбір білім нысандары оқу жылының басына дейін қысқа дайын болмады. Қорғалжын, Бұланды, Зеренді, Еңбекшілдер, Шортанды, Ақкөл, Жарқайың аудандарының денсаулық сақтау нысандары түгел жөнделіп болмады. Он ауданда орталық аудандық ауруханаларда және Жарқайың Аршалы, Бұланды, Еңбекшілдер, Астрахан, Шортанды, Зеренді аудандарының мәдени нысандарында жөндеу жұмыстары аяқталмады. Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық басқармалар мен ведомстволардың басшылары, мемлекеттік және жеке меншік коммуналдық қызмет орындарының басшылары мамыр-тамыз айлары кезінде қатты және сұйық отын сатып алуды дайындау бойынша нақты іс-шаралар қолданбады, ол өз кезегінде жылу беру кезеңін өткізу сапасын нашарлатты. Мысалы, Щучье қаласында мазуттың болмауына байланысты «Орталық» қазандығы жылу беру кезеңін үстіміздегі жылдың 28 наурызында аяқтады. Көкшетау, Щучье қалалары алдын ала төлемей берілген отын үшін қарыз көлемін өсіріп алды. Егіндікөл, Қорғалжын, Атбасар аудандарында, Жолымбет поселкесінде, Краснояр селосында және басқа да елді-мекендерде нысандарды қысқы кезеңде жұмыс істеуге нашар дайындаудың нәтижесінде кузгі-қысқы кезеңде сумен қамтамасыз ету жүйелі түрде жүргізілмеді. Көкшетау қаласында жөндеу жұмыстары толық көлемде орындалмауы себебінен су құбырларын бірнеше сағатқа жауып тастау жағдайлары орын алуда. Көрсетілген коммуналдық қызмет үшін қаржы жинау жұмыстары Егіндікөл, Қорғалжын аудандарында, Степногорск, Көкшетау, Щучье қалаларында қанағаттанғысыз жүргізілді. Жалпы облыс бойынша 2001 жылдың 1 мамырына дейін су, электр қуаты, жылумен қамтамасыз ету қызметі бойынша дебиторлық карыз 769 млн.тенге құрады. Оның 63 проценті Көкшетау қаласынікі, 24 проценті Степногорск қаласынікі, 5 проценті Щучье қаласынікі. Кейбір аудандар мен қалалардың әкімшіліктері пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына тиісті мән бермейді. Қалалар мен аудан орталықтарындағы кейбір көпқабатты тұрғын үйлер осы себептен қысқы кезеңде пайдалануға дайын емес болып шықты. Тұрғын үй-коммунаддық шаруашылық нысандарын, кәсіпорындарды және бюджеттік сала ұйымдарын 2002-2003 жылғы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс жүргізуге уақытында және сапалы дайындау мақсаттарында облыс әкімияты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Көкшетау, Степногорск қалаларының, аудандардың әкімдері:
Тармақша 1
1) кәсіпорындар мен коммуналдық шаруашылық ұйымдарының, бюджеттік саланың 2001-2002 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмыстарының нәтижесіне жан-жақты терең сараптама жасасын. өткізілген алқа мәжілістері мен жиналыстарының нәтижесі бойынша қалалық, аудандық іс-шаралар, жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының кестесін дайындап бекітсін; қысқы кезеңге дайындалу жұмыстарының аяқталу мерзімі 2002 жылдың 20 тамызы болып белгіленсін;
Тармақша 2
2) аудандар мен қалалардың әкімдері жанынан жылу жүйелерін, жылу көздерін, су және канализация жүйелерін, су коймаларын, тұрғын үй қорын қысқы жағдайда пайдалануға дайындау жөніндегі бекітілген іс-шаралардың орындалу барысына бақылау жүргізу жөніндегі штабтар құрсын, тұрғын үйлерді, жылу құбырларын, әкімшілік ғимараттарды қымтап, жөндеуге, жылу шығынан азайтуға, жылу қуаты ресурстарын және қаржыны үнемдеуге баса назар аударсын;
Тармақша 3
3) бекітілген аудандық, қалалық іс-шараларға сәйкес қысқа дайындық жұмыстарын жоспарлы түрде және толық қаржыландыруды жүзеге асырсын;
Тармақша 4
4) пайдаланылған электр, жылу энергиясы және су үшін, сонымен қатар, алынған қатты және сұйық отын үшін мамыр айының ішінде қарыздарды толық өтеу жөнінде нақты шаралар қолдансын;
Тармақша 5
5) 2002 жылдың 1 маусымына дейін бюджеттік ұйымдар үшін сұйық және қатты отын сатып алу, орталықтандырылған жылу көздеріне жеткізу кестелерін дайындап бекітсін. Тендерлер өткізу арқылы отын қорын жинау бойынша шаралар қолдансын.
Тармақ 2
2. Аудандардың, Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері, облыстық білім басқармасы (Дмитриенко Е.А.), денсаулық сақтау басқармасы (Комалдинов И.М.), мәдениет басқармасы (Сейітжанова Н.С.), еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Мадияров А.С.), туризм және спорт басқармасы (Ахметов К.А.):
Тармақша 1
1) үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне дейін жылу көздеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталуын, магистральдық және тарату жүйелеріндегі жуу және сынақтан өткізу жұмыстары аяқталуын қамтамасыз етсін, жылу құбырларының изоляциясын толық қалпына келтірсін;
Тармақша 2
2) үстіміздегі жылдың 1 қазанына дейін Көкшетау қаласындағы барлық мөлтек аудандардың, қаланың кварталдарын жылы сумен қамтамасыз ету жүйелерінің жұмысы қалпына келтірілсін;
Тармақша 3
3) 2002 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жылумен қамтамасыз ету нысандарында үш айлық отын қорын жинау және оны қыс аяғына дейін толықтырып отыру бойынша шаралар қолдансын.
Тармақша 4
4) әлеуметтік сала нысандарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етсін, ауыз суын тазалау сүзгілері мен құралдарын сатып алып орнатсын.
Тармақ 3
3. «КазСабтон» ЖАҚ басқармасына Степногорск жылу электр орталығында жылу электр жабдықтарын жоспарлы түрде жөндеу бойынша іс-шаралар жүргізу, жылу магистральдарында, су-канализация жүйелерінде жөндеу жүргізу, үш айлық сұйық және қатты отын қорын дайындау шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар жасалсын. Степногорск қаласының әкімі Н.Я. Денинг көрсетілген коммуналдық қызмет үшін қала тұрғындары мен бюджеттік ұйымдарды қарыздары өтелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Көкшетау қаласының әкімі Е.Б. Баяхметов, «ГазСинегорья» ЖШС-мен (М.К. Кәркенова) бірлесе отырып көпқабатты үйлерде бөлшек саудадағы газ баллондарының қолданылауын мейлінше қысқарту мақсатында тұрмыстық сұйық газбен қамтамасыз ету қондырғыларын толық іске қосу жөніндегі іс-шараларды қолдансын.
Тармақ 5
5. «АРЭК» жабық түрдегі акционерлік қоғамының және «КөкшетауЭнерго» ЖШС басшыларына жылу көздерін, насос стацияларын, сумен қамтамасыз ету және басқа да өмірлік маңызды нысандардың электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету туралы ұсыныс жасалсын. Энергетикалық жабдықтарды, электр жүйелерін қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау жөніндегі кешенді шаралар дайындасын. Ақысын төлей алатын тұтынушыларды электр энергиясымен үзбей қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. «Астана-су» РМК (Петрищев В.Н.) аудан әкімдерімен бірлесе отырып, үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне дейін Нұраның топтмалық су құбырындағы сумен қамтамасыз ету тарату жүйелерінде, магистралында, су тораптарында жөндеу бойынша нақты шаралар қолдану және қажетті су қорын су қоймаларында жинақтау шараларын қолдану туралы ұсыныс жасалсын. Су шаруашылығы нысандарын күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау жөніндегі кешенді іс-шаралар әзірлесін. Пайдалануға берілген су үшін қаржыны толық көлемде жинау бойынша іс-шаралар қолдансын, пайдаланған электр энергиясы үшін есеп айырыссын. Нұра су құбырында пайдаланған суды есептеу құралдарын орнатсын.
Тармақ 7
7. Ақмола теміржолымен тасымалдау бөлімінің (Назарбеков Е.К.) «Инфраструктура» ЕМК-на жасалған келісім-шартқа сәйкес облысқа қатты және сұйық отын тасуды бірінші кезекті жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Аудандар мен қалалардың әкімдері, Ақмола облыстық автомобиль жолдар басқармасы (Долгих Г.В.), «Қазақавтодор» РМК-ның Ақмола филиалы (Құлышев Б.Ш.) жалпы қолданыстағы автожолдарды сапалы түрде жөндеу, күтіп ұстау және жайлыландыру жөніндегі іс-шаралар қолдансын. Жергілікті автожолдарды жөндеу жөніндегі қалалық, аудандық шағын отрядтар құру жұмыстарын жандандырсын. Жол қызметтерінің басшылары көпірлердің, жол көрсеткіштерінің, су өткізу құбырларының, тюбингтердің және басқа жасанды құрылыстардың жағдайына баса назар аударсын.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарының нысандарын, кәсіпорындарды және бюджеттік сала ұйымдарын 2002-2003 жылғы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау жөніндегі облыстық іс-шаралар және облыстық комиссия құрамы бекітілсін (Қосымша 1,2).
Тармақ 10
10. Аудандардың, Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері ай сайын, келесі айдың 10-на дейін облыс әкімі аппаратына осы шешімнің орындалу барысы туралы ақпарат тапсырып отырсын.
Тармақ 11
11. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С. Сейітжановқа жүктелсін.
Тармақ 12
12. Облыс әкімінің 3 мамыр 2001 жылғы №94 шешімінің күші жойылсын. Облыс әкімі С. Кулагин
Басқа 22
Қосымша Ақмола облысы әкімиятының 3 мамыр 2002 ж. № а-5/59 қаулысы Коммуналдық шаруашылықтардың, кәсіпорындардың және бюджеттік сала ұйымдарының нысандарын 2002-2003 жылғы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау жөніндегі ІС-ШАРАЛАР р/с Іс-шаралардың атауы Орындалу мерзімі Орындаушылар Орындалуына жауаптылар 1 2 3 4 5 1. 1. Электржылу энерге гика нысандары Көкшетаудың аудандық қазандықтарында (РК-1, 2,3), Степногорск ТЭЦ және қалалар мен аудан орталықтарындағы жеке қазандықтардын негізгі технологиялық жабдықтарын жөндеу 20.08.02 ж. дейін «Техноконгракт»ЖШС әкімшілігі, «Каз-Сабтон» ЖАҚ басшылары, жеке қазандық басшылары Аудандардың, қалалардың әкімдері 2. Қалалар мен аудандарда жылу, су, канализация жүйелеріне ағымдағы және күрделі жөндеу Үстіміздегі жылдың мамыр, тамыз айларында жұмыс жоспары бойынша «Техноконтракт» ЖШС әкімшілігі, «КазСабтон» ЖАҚ басшылары, коммуналдық кәсіпорындардың басшылары мен жүйелердің иелері Аудандар мен қалалардың әкімдері 3. 0,4-110 кВ кабельдік электр желілеріне, трансформаторларға, подстанцияларға, ағымдағы орташа және күрделі жөндеу 1.09.02. ж. дейін жұмыс жоспары бойынша «АРЭК» ЖАҚ «КөкшетауЭнерго» ЖШС Аудандар мен қалалардың әкімдері 4. Қалалар мен аудан орталықтарының жеке қазандықтарында, орталықтандырылған жылу көздерінде магистральдық, таратушы, кварталдық жылу жүйелерін жуып, тазалау, сынақтан өткізу, гивдравликалық режимін жөндеу 1.09.02. ж. дейін жұмыс жоспары бойынша Жылумен қамтамасыз ету ұйымдарының басшылары Аудандар мен қалалардың әкімдері, басқармалардың, ведомстволардың бастықтары 5. Көкшетау қаласының РК-1,2,3 қазандықтарына, Степногорск ТЭЦ-не, аудан орталықтары мен елді-мекендердегі барлық қазандықтарға үш айлық қатты және сұйық отын қоры сатып алынып әкелінуін қамтамасыз ету Бекітілген кестеге сәйкес Жылумен қамтамасыз ету ұйымдарының басшылары Аудандар мен қалалардың әкімдері, басқармалардың, ведомстволардың бастықтары 6. Орталық энергия жүйесінен ағытып тастаған жағдайда қолдану үшін қазандықтарды авгономиялық энергиямен қамтамасыз ету көздерінен (резервтік және дизельдік электр станцияларымен). Автономиялық электрмен қамтамасыз ету көздерін қажетті дизельдік жанар май қорымен қамтамасыз ету 01.09.02 ж. дейін Жылумен қамтамасыз ету ұйымдарыныц басшыларына Аудандар мен қалалардың әкімдері , басқармалардың, ведомстволардың бастықтары 7. Тұрғын үй қорын, мәдени-әлеуметтік сала, өнеркәсіп, сауда нысандарының, кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілік ғимараттарының комиссия арқылы тексеріліп, оларға қалалардын, аудан оргалықтары мен басқа да елді мекендердің орталықтандырылған жылу жүйелеріне қосылуға дайын екендіктерін растайтын құжаттар берілуін ұйымдастыру 01.09.02. ж. дейін Кәсіпорындар мен ұйымдардың, шаруашылықтардың басшылары Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық басқармалардың, ведомстволардың бастықтары 1. 2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары нысандары Үйлердің ішкі жылу жүйелерін жуып тазалау, сылау, су құбырлары мен канализация жүйелерін жөндеу, подвалдарды жер асты және басқа да сулардан құрғату. Үйдің шатырларын, подъездерін, есіктерін, жылу жүйелерін жөндеу және изоляциялау 01.09.02. ж. дейін коммуналдық кәсіпорындардың жұмыс жоспарлары бойынша ПИК төрағалары, коммуналдық кәсіпорындардың басшылары Аудандар мен қалалардың әкімдері 2. Жылу энергиясын, суық су есептеу құралдарын орнату 01.09.02. ж. дейін ПИК жұмыс жоспары бойынша ПИК төрағалары, коммуналдық қызмет басшылары Аудандар мен қалалардың әкімдері 3. Облыс орталығы Көкшетау қаласында жылы сумен қамтамасыз ету жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру 25.09.02. ж. дейін кесте бойынша ПИК төрағалары, коммуналдық кәсіпорындардың басшылары Көкшетау қаласының әкімі 4. Тұтынылған электр жылу энергиясы үшін, су кұбырлары мен канализаңия кызметі, қоқыс шығарып төгу үшін ақы төленуіне бақылауды жүзеге асыру әрқашан ПИК төрағалары, коммуналдық кәсіпорындардың басшылары Аудандар мен қалалардың әкімдері 5. Коммуналдық кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайту, әсіресе қар тазалау мен жер қазу техникаларын сатып алу мәселелері бойынша жағдайлар жасау әрқашан Коммуналдық қызмет басшылары Аудандар мен қалалардың әкімдері 6. Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының жөнделуін қамтамасыз ету, оларды қысқы кезеңде пайдалануға дайындау. Қолда бар қар тазалау техникаларын уақытында жөндеу, көктайғақка қарсы қажетті материалдар мен жанар май сатып алу әрқашан Автомобиль жолдары ұйымдарының басшылары Аудандар мен қалалардың әкімдері 1. 3. Кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық ұйымдардың нысандары Жылу көздері мен (қазандықтар, АЖС және т.б.), жылу құбырларына, су құбырлары жүйелеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу. Электр, жылу, сумен қамтамасыз ету нысандарының сенімді және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету 01.09.01 ж. дейін Кәсіпорындар мен шаруашылықтардың басшылары Аудандардың әкімдері, ауыл шаруашылық басқармасының бастығы 2. Негізгі өндірістің барлық нысандарында резервтік дизельдік электр станциялар сатып алынып қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайын болуын қамтамасыз ету 01.09.02 ж. дейін Кәсіпорындар мен шаруашылықтың басшылары Аудандардың әкімдері, ауыл шаруашылық басқармасының бастығы 3. Қатты және сұйық отын алуға келісімшарттар жасау, үш айлық отын қоры дайындалуын қамтамасыз ету 01.09.02. ж. дейін, кестеге сәйкес Кәсіпорыпдар мен шаруашылықтың басшылары Аудандардың әкімдері, ауыл шаруашылық басқармасының бастығы 4. Шаруашылықтардағы технологиялық автожолдарды қысқы кезеңде күтіп ұстауды ұйымдастыру, оларда қыс бойы автотранспорт тұрақты жүруін қамтамасыз ету Қыс бойы Кәсіпорындар мен шаруашылықтың басшылары Аудандардың әкімдері 1. 4. Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау нысандары Мектеп, училище, лицей, колледж, жоғарғы оқу орындары, мектепке дейінгі мекеме, аурухана, емхана, СВА, ФАП, интернат-үйлері, мәдениет үйлері, клуб, кітапхана, кинотеатр, мұражай, спорт зал және тағы басқа ғимараттарда ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу, олардың жергілікті және орталықтандырылған жылу көздерінен жылу қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету. Жоғарыда аталған нысандарды электр энергиясымен, сумен тұрақты қамтамасыз ету 20.08.02 ж. дейін Кәсіпорындар мен ұиымдардың, мекемелердің басшылары Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының бастықтары 2. Облыстық басқармалардың жанынан әлеуметтік сала нысандарын қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындауға және олардың жылыту кезеңінен қиналмай өтуін бакылау жөніндегі арнайы комиссиялар құру Күзгі-қысқы кезең бойы Облыстық басқармалардың басшылары Облыс әкімі аппаратының бөлімдері 3. Бюджеттік ұйымдарға отынды мемлекеттік сатып алу жөніндегі қалалық, аудандық комиссиялардың отырыстарын өткізу, оларды сатып алу және орындарына жеткізілуін қамтамасыз ету. Белгіленген уақытта үш айлық қатты және сұйық отын қоры дайындалуын ұйымдастыру 01.09.02. ж. дейін Бюджеттік сала кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары Аудандар мен қалалардың әкімдері Өндірістік әкімі аппаратының өндірістік салалар бөлімі
Басқа 23
Қосымша 2 Ақмола облысы әкімиятының 3 мамыр 2002 ж. № а-5/59 қаулысы Коммуналдық шаруашылықтарды, кәсіпорындарды және бюджеттік сала ұйымдарын 2002-2003 жылғы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау жөніндегі облыстық іс-шаралардың орындалу барысын бақылау жөніндегі облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ 1. Сейітжанов А.С. - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы 2. Рыспаев А.М. - облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылық басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: 1. Дмитриенко Е.А. - облыстық білім басқармасының бастығы 2. Жамұқанов Т.У. - «КөкшетауЭнерго» ЖШС президенті (келісімі бойынша) 3. Комалдинов И.М. - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы 4. Мадияров А.С. - облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы 5. Мырзахметов Б.К. - облыс әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі 6. Мұстафин М.К. - ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі Департаментің директоры (келісімі бойынша) 7. Новиков О.А. - «АРЭК» ЖАҚ басқармасының төрағасы (келісімі бойынша) 8. Назарбеков Е.К. - Ақмола теміржолмен тасу бөлімшесінің «Инфраструктура» ЕМК бастығы (келісімі бойынша) 9. Петрищев В.Н. - «Астана-су» РМК директоры (келісімі бойынша) 10. Савицкий Д.Е. - облыстық қаржы басқармасының бастығы 11. Сейітжанова Н.С. - облыстық мәдениет басқармасының бастығы 12. Хамзин Т.Ғ. - облыс әкімі аппаратының бас маманы