О подготовке производственного и социального комплексов области к работе в осенне-зимний период 2002-2003 гг. Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың өндірістік және әлеуметтік кешендерін 2002-2003 жылдардың күзгі-қысқы маусымына әзірлеу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 23.05.2003 № 107 қаулысымен.
Өткен жылу беру маусымының қорытындысы көрсеткенiндей облыстың өндiрiстiк және әлеуметтiк кешендерi тұрақты жұмыс iстедi.
Оларды күзгi-қысқы маусымға әзiрлеу жөнiндегi барлық жұмыстар мерзiмiнде аяқталды, 2001 жылдың қазан айының ортасында барлық тұрғын үйлер мен әлеуметтiк және мәдени нысандарға жылу берiлдi, тұтынушыларға көмiр мен сұйық отынды мерзiмiнде жеткiзу қамтамасыз етiлдi.
Сонымен бiрге осындай онды нәтижелермен қатар кемшiлiктер мен пайдаланылмай отырған резервтердiң де бар екендiгi айқындалды. Жылу мен электр қуаты үшiн тұтынушылардың берешегi жоғары болып отыр.
Жабдықтаушылармен толық есептеспеу салдарынан тұтынушыларды газ беруден айырып тастау қаупi болды. Жылу қуаты қызуының кестесi барлық уақытта бiрдей сақталған жоқ, бюджет саласының жекелеген нысандарында отынның нормадағы қоры сақталды.
Облыстың өндiрiстiк және әлеуметтiк кешендерiн 2002-2003 жылдардың күзгi-қысқы маусымына мерзiмiнде және сапалы әзiрлеу мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Аудандардың және Орал қаласының әкiмдерi:
аудандық және қалалық қызметтердiң энергиямен және жылумен жабдықтау нысандарының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтардың 2001-2002 жылдардың күзгi-қысқы маусымдағы жұмыстарына талдау жасап қорытындысын шығарсын, өткен жылу беру маусымында орын алған кемшiлiктердiң себептерiн анықтасын, алдағы жылу беру маусымына әзiрлену жөнiнде жұмыс жоспарын және көлемiн белгiлесiн;
2002 жылдың 1 шiлдесiнен бастап, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, бiлiм беру, денсаулық сақтау нысандарын, тұрғын үйлердi 2002-2003 жылдардың күзгi-қысқы маусымына әзiрлеуге апта сайын мониторинг өткiзсiн және облыстық штабқа мәлiметтер берiп отырсын;
он күн мерзiмде жылу көздерiн, жылу және электр қуатын тасымалдау және тұтыну жүйесiн, сондай-ақ тұрғын үй, әлеуметтiк сала, өндiрiстiк- техникалық бағыттағы нысандарды қаржы және материалдық ресурстармен беркiндiре отырып, жылу беру маусымына әзiрлеу жөнiндегi ұйымдастыру- техникалық шараларды әзiрлесiн және бекiтсiн және жұмысты 2002 жылдың 25 тамызына дейiн аяқтасын;
өндiрiстiк және әлеуметтiк кешендердi алдағы жылу беру маусымына әзiрлеу мәселесiн әкiмдiк мәжiлiстерiнде қарасын, 2002-2003 жылдардағы күзгi-қысқы маусымға әзiрлеу жөнiнде штабтар құрсын;
пәтер меншiк иелерi кооперативтерiн жөндеу, алдын ала даярлық шараларын жүргiзу және дер кезiнде әзiрлiк паспортын алу жөнiндегi жұмыстарға тартсын;
коммуналдық қызметтердi пайдаланушыларды жылу қуаты, салқын және ыстық су есептегiш приборлармен жабдықтауға көмектер көрсетсiн;
бюджеттiк сала объектiлерiн өз алдына бөлек жылыту көзiне көшiру жұмыстарын жалғастырсын;
коммуналдық қызметтердi пайдаланушылардың электр, жылу қуатын, табиғи газ және суды пайдаланғаны үшiн берешегiн өтеу жөнiндегi жұмыстарды күшейтсiн.
Тармақ 2
2. 2002 жылы қазандықтарды, жылу желiлерiн, су құбыры - канализация шаруашылығын және әлеуметтiк сала объектiлерiн, тұрғын үйлердi жөндеу жөнiндегi жоспар-тапсырма бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақ 3
3. "Жайықжылуқуат" ААҚ-ның президентi А.Н. Котовқа мыналарды орындау тапсырылсын:
жылу беру маусымы басталғанға дейiн Жылу-электр орталығын резервтiк отын қорымен қамтамасыз етсiн;
Орал жылу-электр орталығында желiдегi суды нормадан тыс пайдалануға жол бермеу жөнiндегi шараларды әзiрлесiн және iске асырсын.
Тармақ 4
4. Облыс әкiмiнiң орынбасары С.П. Качало, облыс әкiмiнiң штаттан тыс кеңесшiсi Я.К. Чудров "Батыс Қазақстан РЭК" АҚ-ның Ресей ЕЭС РАО алдындағы және электр қуатын Екiбастұз ГРЭС-тен КЕГОК желiсiмен және ресейлiк желiмен нөлдiк тариф бойынша транзиттеу жөнiндегi қарыздар бойынша есеп айырысуды жүргiзуге жәрдемдессiн.
Тармақ 5
5. Табиғи монополияны реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi департаментке (Кондратенко) 2002-2003 жылдарда жылу беру маусымында тарифтердiң айтарлықтай өсуiне жол бермеу мақсатында мыналар ұсынылсын:
табиғи монополия нысандарының мүлiктерiн негiзгi қызметiнен басқаға айыру процесiн аяқтасын;
табиғи монополия субъектiлерiнiң материалдық қорларын тендерлiк негiзде сатып алу процесiне бақылауды күшейтсiн;
тарифтердi көтеру үшiн берiлген өтiнiмдердегi шығындарды оңтайландыру мүмкiндiктерiн анықтасын.
Тармақ 6
6. Инфрақұрылым және құрылыс басқармасы (Сытдықов), Өнеркәсiп және отын-энергетикалық кешен департаментi (Дүйсембаев) дейiн газ құбырлары мен тармақтарын және "Январцев", "Шежiн-1", "Қайрат" АГРС-терiн "Орал" магистралды газ құбырлары басқармасының балансына беру мәселенiң шешiлуiне көмектессiн.
Тармақ 7
7. Облыстық мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментi (Бекбергенов) 2002 жылдың 10 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде облыстың бюджеттiк ұйымдарына отын жеткiзiп беруге тендер өткiзсiн.
Облыстық бiлiм беру, денсаулық сақтау басқармасының және басқа да бюджеттiк ұйымдардың басшылары тендер жеңiмпаздарымен көмiр және сұйық отынды жеткiзiп беруге қажеттi шарттар жасасын және аудандар әкiмдерiмен бiрлесiп, отынды мезгiлiнде жеткiзiп алуды және оның сақталуын қамтамасыз ететiн болсын.
Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) бюджеттiк қаржы шегiнде қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 8
8. Күзгi-қысқы кезеңде көпшiлiк пайдаланатын жолдарда көлiктердiң үздiксiз қозғалысын және жол қызметiнiң тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында облыстық автомобиль жолдары басқармасына (Оразов) және облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлiк басқармасына (Имашев) мыналар тапсырылсын:
жол шаруашылықтарын күзгi-қысқы маусымға әзiрлеу жөнiнде шаралар әзiрлесiн және оның орындалуын қамтамасыз етсiн;
жолды қалыпты жағдайда ұстауға қосымша техникалар тарту үшiн жол учаскелерiн оны пайдалануға мүмкiндiгi бар заңды тұлғаларға тендерлiк негiзде бекiтiп берсiн;
облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармамен, облыстық жол полициясымен, көлiк бақылау комитетiнiң басқармасымен және облыстық кеден қызметiмен бiрлесiп, 2002 жылдың 15 қыркүйегiне дейiн жолдардағы жағдайлар туралы шұғыл ақпарат жинаудың тетiктерiн әзiрлесiн;
қысқы кезеңде тиiстi құрылымдардың жауапты қызметкерлерiнен күн сайын кезекшiлiктер ұйымдастырсын және облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармамен, облыстық жол полициясымен, аудандық әкiмдiктермен бiрлесiп әрекет жасаудың тетiктерiн жасасын.
Қыс кезiнде жолдарды күтiп-ұстауға арналған жол техникаларын өзiнiң мақсатынан басқаға пайдалануға жол берiлмесiн.
Тармақ 9
9. Облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма (Маючий) қар құрсауында қалған адамдарды құтқару жұмыстарын орындау үшiн жүру өткiштiгi жоғары техникалармен жабдықталған облыс орталығында ең кемi төрт құтқару топтарын құрсын.
Тармақ 10
10. Облыстық iшкi iстер басқармасына (Тыныбеков) қыс кезiнде жол апатын азайту мақсатында:
облыстың жол жағдайлары ерекшелiктерiн ескере отырып, жүргiзушiлер арасында қауiпсiздiк ережелерiн сақтап отыру жөнiнде кеңiнен түсiнiк жұмыстарын жүргiзсiн;
автожолдардың жағдайына, оның күзгi-қысқы кезде пайдаланылу әзiрлiгiне ай сайын тексерулер жүргiзсiн, шаралар алсын және бұл туралы қозғалыс қауiпсiздiгi жөнiндегi облыстық комиссияға хабарлап отырсын.
Тармақ 11
11. Облыстың өндiрiстiк нысандары мен әлеуметтiк кешендерiн күзгi-қысқы маусымға әзiрлеу жөнiндегi iс-қимылдарды үйлестiрiп отыру және оған шұғыл басшылық жасау үшiн облыстық штаб құрылсын (N 2 қосымша).
Тармақ 12
12. Бiлiм беру, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелерiн алдағы жылу беру маусымына дер кезiнде әзiрлеу үшiн дербес жауапкершiлiк облыс әкiмiнiң орынбасары Т.С. Сапаровқа, аудандардың және Орал қаласының әкiмдерiне, облыстық басқармалардың бастықтары: бiлiм беру - Е.Қ. Қасымбековке, денсаулық сақтау - Б.Т. Мырзахметовке, мәдениет - М.К. Омарғалиевке жүктелсiн, олар осы мақсаттарға арналған бюджет қаржысының орынды жұмсалуын бақылауға алсын.
Тармақ 13
13. Облыстық әкiмияттың "Облыс шаруашылық кешендерiн 2001-2002 жылдардың күзгi-қысқы мерзiмiнде бiр қалыпты жұмыс жасауына әзiрлеу туралы" 2001 жылғы 10 шiлдедегi N 27 қаулысының күшi жойылды деп саналсын.
Тармақ 14
14. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.П. Качалоға жүктелсiн.
Басқа 15. Қазандықтарды, жылу желiлерiн, су құбыры - канализация шаруашылықтарын және облыстың әлеуметтiк салаларын 2002-2003 жылдардағы жылу беру маусымына жөндеу жөнiндегi жоспар тапсырма
Облыс әкiмдiгiнiң
2002 жылғы 5 шілдедегі
№130 қаулысына
№ 1 қосымша
Қазандықтарды, жылу желiлерiн, су құбыры - канализация шаруашылықтарын және облыстың әлеуметтiк салаларын 2002-2003 жылдардағы жылу беру маусымына жөндеу жөнiндегi жоспар тапсырма
№№
Аудандар
Қазан
дықтар (дана)
Жылу желілері (км)
Су құбыры және кана
лизация (км)
Білім беру нысандары (саны)
Денсаулық сақтау нысандары (саны)
Мәдениет нысандары (саны)
1.
Ақжайық
16
3,2
2,2
22
19
11
2.
Бөкейордасы
3
-
5,6
8
3
8
3.
Бөрлi
1
0,8
-
6
3
7
4.
Жаңақала
8
4,0
11,0
15
3
3
5.
Жәнiбек
4
0,4
2,8
5
9
2
6.
Зеленов
4
0,2
-
7
6
4
7.
Казталовка
8
-
15,5
54
46
20
8.
Қаратөбе
7
0,1
1,0
25
3
8
9.
Сырым
9
0,2
0,4
9
10
1
10.
Тасқала
10
0,5
11,7
33
28
15
11.
Теректi
3
0,5
10,5
9
1
2
12.
Шыңғырлау
3
1,7
3,5
10
5
5
13.
Орал қаласы
3
0,8
8,2
8
3
18
Барлығы:
79
12,4
72,4
211
139
104
Басқа 16. Облыстың өндiрiстiк объектiлерiн және әлеуметтiк кешендерiн 2002-2003 жылдардағы күзгi-қысқы маусымға мезгiлiнде әзiрлеу жұмыстарын үйлестiрiп отыру және бақылау жөнiндегi облыстық штабтың құрамы
Облыс әкiмдiгiнiң
2002 жылғы 5 шілдедегі
№130 қаулысына
№ 2 қосымша
Облыстың өндiрiстiк объектiлерiн және әлеуметтiк кешендерiн 2002-2003 жылдардағы күзгi-қысқы маусымға мезгiлiнде әзiрлеу жұмыстарын үйлестiрiп отыру және бақылау жөнiндегi облыстық штабтың құрамы
Станислав Павлович Качало - облыс әкiмiнiң орынбасары, облыстық штабтың бастығы
Ғұмар Ислямұлы Дүйсембаев - өнеркәсiп және отын-энергетикалық кешен департаментiнiң
директоры, облыстық штаб бастығының орынбасары
Штаб мүшелерi:
Марат Маулетжанұлы Әбдiрахманов - облыстық салық комитетiнiң төрағасы
Виктор Тимофеевич Дорошенко - "Суканал" басқармасының бастығы
Ермек Қасымбекұлы Қасымбеков - облыстық бiлiм басқармасының бастығы
Қуаныш Кенжеғалиұлы Кенжеғалиев - облыстық коммуналдық меншiктер басқармасының бастығы
Валерий Алексеевич Кондратенко - табиғи монополияны реттеу, бәсекелестiктi және
шағын бизнестi қорғау департаментiнiң директоры
Анатолий Николаевич Котов - "Жайықжылуқуат" ААҚ-ның президентi
Александр Федорович Маючий - облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегі басқармасының
бастығы
Бекет Тельманұлы Мырзахметов - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Сағынбек Хайдарұлы Мұташев - "Оралоблгаз" ААҚ-ның президентi
Вениамин Қадырұлы Мұқатаев - Орал қаласының әкiмi
Қайырғали Есенғалиұлы Имашев - облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы
және көлiк басқармасының бастығы
Әлiбек Бақтыгерейұлы Сытдықов - облыстық инфрақұрылым және құрылыс басқармасының
бастығы
Самиғолла Хамзаұлы Оразов - облыстық автомобиль жолдары басқармасының бастығы
Жетiбай Жолдасұлы Отарбаев - "Батыс Қазақстан РЭК" ААҚ-ның президентi
Асқар Шәңгерейұлы Хамитов - облыстық қаржы басқармасының бастығы
Валерий Жұманұлы Шампиев - облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры