Об областной программе обеспечения спортивным инвентарем и реконструкции комплексных спортивных площадок государственных учебных заведений на 2002 – 2003 годы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2002 – 2003 жылдарға арналған облыс оқу орындарын спорттық керек-жарақпен қамтамасыз ету және кешендік спорт алаңдарын қайта жаңарту жөніндегі облыстық бағдарламасы туралы Облыс білім департаментінің бастығы З.П. Овчинникованың 2002 - 2003 жылдарға арналған облыс оқу орындарын спорттық керек-жарақпен қамтамасыз ету және кешендік спорт алаңдарын қайта құру туралы баяндамасын тыңдап және талқылай келе, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2002 - 2003 жылдарға арналған облыс оқу орындарын спорттық керек-жарақпен қамтамасыз ету және кешендік спорт алаңдарын қайта құру бағдарламасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыс білім департаменті жыл сайын 10 қаңтар мерзіміне орай облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына Бағдарламаны жүзеге асыру туралы ақпарат ұсынатын болсын.
Тармақ 3
3. Облыс қаржы департаменті Бағдарламаның дер кезінде қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. ХІІ сессиясының шешімімен бекітілген облыстық 2002 - 2003 жылдарға арналған облыс оқу орындарын спорттық керек-жарақпен қамтамасыз ету және кешендік спорт алаңдарын қайта жаңарту жөніндегі облыстық бағдарламасының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 5
5. Бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Лебедь В.Д.) жүктелсiн.