Об открытии осенне-зимней охоты на 2002-2003 годы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2002-2003 жылдарға күзгi-қысқы аңшылықты ашу туралы "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану" Қазақстан Республикасының 21.20.1993 жылғы Заңын басшылыққа ала отырып, "2002 жылдың аң аулау маусымында жабайы аңдарды аулау лимитiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 шiлдедегi № 834 қаулысына және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау Министрлiгi Орман, балық және аң шаруашылығы Комитетiнiң 2002 жылғы 09 тамыздағы № 156 бұйрығына сәйкес облыс әкiмияты қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысының аумағында 1, 2 қосымшаларда көрсетiлген мерзiмге сәйкес жабайы аң-құстарды күзгi-қысқы маусымда аулауға рұқсат етiлсiн.
Тармақ 2
2. Маңғыстау облыстық орман және биоресурстар жөнiндегi аймақтық басқармасына (Бердалиев Қ.Б.) мыналар ұсынылсын:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк аңшылық алқаптан аң-құс аулау жоспарын белгiлеу;
Тармақша 2
2) аңдарды қорғау мен ұлғайтуды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) аңшылыққа рұқсат қағаз берудi ұйымдастыру.
Тармақ 3
3. Маңғыстау облыстық аймақтық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттiк бақылау басқармасына (О.Ш.Қоданов) аң аулау мерзiмi мен аулап алу нормаларының сақталуына қатаң бақылау орнату ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Қалалардың, аудандардың әкiмдерi, облыстық iшкi iстер басқармасы (К.Ж.Мырзабаев) сенiп тапсырылған аумақтарында заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасын сақтауына қатаң бақылау орнатсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары С.Б.Керелбаевқа жүктелсiн.
Басқа 9
Маңғыстау облысы әкiмиятының 2002 жылғы 6 қыркүйектегi № 153 қаулысына 1 қосымша 2002-2003 жылдары Маңғыстау облысындағы күзгi-қысқы аңшылық мерзiмi 1. Әуесқой аңшылық ________________________________________________________________ № | Аң-құс түрi | Мерзiмi | Аймағы __|___________________|_________________________|_______________ 1 |Көгершiн, кептерлер|6 қыркүйектен бастап |Ерекше қорғалатын табиғи | |30 қарашаны қоса |аймақтардан (ЕҚТА) басқа | | |жерлерде __|___________________|_________________________|_______________ 2 |Жылғышы, шәукiлдек |6 қыркүйектен бастап |Бейнеу ауданында | |30 қарашаны қоса | | | | | |2002 жылдың |ЕҚТА-дан басқа жерлерде | |5 қазанынан бастап | | |30 желтоқсанды қоса | __|___________________|_________________________|_______________ 3 |Үйректер, қаздар |2002 жылдың |Бейнеу ауданында |суқұзғыны, |6 қыркүйектен бастап | |қасқалдақтар, |30 желтоқсанды қоса | |көкқұтандар | | | |5 қазанынан бастап |ЕҚТА-дан басқа жерлерде | |30 желтоқсанды қоса | | |28 ақпаннан бастап | | |9 наурызды қоса 2003 жылы| __|___________________|_________________________|_______________ 4 |Кекiлiктер |2002 жылдың |ЕҚТА-дан Шалшағылқұм, | |5 қазанынан бастап |Қызылқұм, Бостанқұм және | |15 желтоқсанды қоса |Сам құмынан басқа __|___________________|_________________________|_______________ 5 |Түлкi, қарсақтар |1 қарашадан бастап |ЕҚТА-дан басқа жерлерде | |2003 жылдың 14-шi | | |ақпанын қоса | __|___________________|_________________________|_______________ 6 |Қоян |1 қарашадан бастап |ЕҚТА-дан басқа жерлерде | |2003 жылдың 3-шi | | |ақпанын қоса | __|___________________|_________________________|_______________ 7 |Қасқыр, шиебөрi |Жыл бойы |Барлық жерлерде, | | |ЕҚТА-да арнайы рұқсат | | |қағазымен __|___________________|_________________________|_______________ 8 |Қабан |6 қыркүйектен бастап |Арнайы рұқсат қағазымен | |30 желтоқсанды қоса |Бейнеу ауданында ________________________________________________________________ Ескертпе: сейсенбi мен сәрсенбi күндерi облыс көлемiнде аңшылық жабық болады. 2. Кәсiпқой аңшылық ________________________________________________________________ 1 |Қаздар, үйректер |Спорттық-әуесқой |ЕҚТА-дан басқа жерлерде | |аңшылық мерзiмiне сай | __|___________________|_________________________|_______________ 2 |Қоян, қарсақ, түлкi| -//- |ЕҚТА-дан Шалшағылқұм, | | |Қызылқұмнан басқа | | |барлық жерде __|___________________|_________________________|_______________ 3 |Қабан | -//- |Бейнеу ауданында ________________________________________________________________
Басқа 10
Маңғыстау облысы әкiмиятының 2002 жылғы 6 қыркүйектегi № 153 қаулысына 2 қосымша Бiр аңшыға аң аулау мөлшерi ________________________________________________________________ | Атып алу мөлшерi Аң-құс түрлерi |_________________________________ | 10 күнде | Мерзiм iшiнде ________________________________________________________________ Үйректiң аулауға рұқсат еткен түрлерi мен шалшықтағы құстар жылқышы мен шәукiлдектен басқа, 10 50 Соның iшiнде үйректер Бiзқұйрық, қоңыр үйрек 5 Басқа түрлерi 10 Көкқұтан, тырна мен оқпандар, суқұзғыны 10 Қаздар 3 10 Көгершiн, кептерлер 8 60 Жылқышылар мен шәукiлдектер қалауынша 60 Кекiлiктер 8 40 Қояндар 3 20 Түлкi, қарсақ, қасқыр, шиебөрi 24 ________________________________________________________________ Ескертпе: Мемлекеттiк аңшылық жер қорынан жылдық аң аулау мөлшерiн Маңғыстау облыстық орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармасы мен Маңғыстау аумақтық жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттiк бақылау басқармасы бiрлесе анықтайды. Аңшылыққа рұқсат қағаз он күнге берiледi. Еңбек демалысындағы аңшыларға бiрден 2 рұқсат қағаз берiлуi мүмкiн. Ұлы Отан соғысының ардагерлерi, зейнеткерлерге және еңбек ардагерлерiне рұқсат қағаз 50% пайыздық жеңiлдiкпен берiледi. Аң-құсты атып алған аңшыда рұқсат қағаз болуы тиiс және қанша бас атқаны жөнiнде қорықшы-инспектордың белгiсi болуы керек. Қорықшы-инспектор жоқ болса, аңшы аз қолымен белгi қоюы тиiс.