О подготовке военно-технических специалистов для Вооруженных Сил Республики Казахстан в 2002-2003 учебном году Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2002-2003 оқу жылына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне әскери-техникалық мамандар даярлау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 28.04.2004 № 124 қаулысымен. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 8,8-1,9 баптары негiзiнде және 2002-2003 жылдарда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi үшiн әскери-техникалық мамандар даярлаудың сапасын жақсарту мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлiгiнiң Орал әскери-техникалық мектебiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi үшiн мамандар даярлаудың ұсынылып отырған жоспары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Орал қаласының және аудандардың әкiмдерi Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлiгiнiң Орал әскери-техникалық мектебiн жасақтауда қала, аудандар әскери комиссариаттарына көмектер көрсетсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық әскери комиссариат (Мұқатаев) Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлiгiнiң Орал әскери-техникалық мектебiн шақыру жасына дейiнгi және шақыру жасындағы жастармен дер кезiнде жасақтауды қамтамасыз етсiн, оларды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыруды, өткiзудi және нәтижесiн ұдайы бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлiгiнiң Орал әскери-техникалық мектебiнiң басшылығы (Мещеряков):
Тармақша 1
1) 2002-2003 жылдарда әскери-техникалық мамандарды сапалы оқытуды қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) мектептiң оқу-материалдық базасын әскери-техникалық мамандар даярлау бағдарламасының талаптарына сәйкес келтiрiлсiн, оқытушылардың және өндiрiстiк оқу мастерлерiнiң сапалық құрамын арттырсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыстық әскери комиссар Г.Қ. Мұқатаевқа жүктелсiн.
Басқа 8. 2002-2003 оқу жылында Қорғаныс министрлiгiнiң Орал әскери-техникалық мектебi жанынан "С" санатындағы автокөлiк жүргiзушi мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi үшiн әскери-техникалық мамандар даярлаудың ЖОСПАРЫ
Облыс әкімдiгiнiң 2002 жылғы 19 қыркүйектегі N 165 қаулысына қосымша 2002-2003 оқу жылында Қорғаныс министрлiгiнiң Орал әскери-техникалық мектебi жанынан "С" санатындағы автокөлiк жүргiзушi мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi үшiн әскери-техникалық мамандар даярлаудың ЖОСПАРЫ №№ Қала, аудандар әскери комиссариаттары Жоспар Топтар бойынша Ескерту 1 топ 2 топ 15.10.2002ж бастап 15.03.2003ж. дейін 15.04.2003ж. бастап 15.10.2003ж. дейін 1 Орал ҚӘК 75 35 40 2 Ақжайық АӘК 20 10 10 3 Бөкейордасы АӘК 10 5 5 4 Бөрлi АӘК 20 10 10 5 Жаңақала АӘК 10 5 5 6 Жәнiбек АӘК 10 5 5 7 Зеленов АӘК 20 10 10 8 Казталов АӘК 10 5 5 9 Қаратөбе АӘК 10 5 5 10 Сырым АӘК 10 5 5 11 Тасқала АӘК 15 10 5 12 Теректi АӘК 20 10 10 13 Шыңғырлау АӘК 10 5 5 Барлығы 240 адам 120 адам 120 адам