О проведении осеннего двухмесячника по санитарной очистке и благоустройству населенных пунктов, смотра готовности объектов водоснабжения и канализации к зимнему сезону 2002-2003 года Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс елдi мекендерiн санитарлық тазалау және көрiктендiру жөнiндегi күзгi екi айлығын, ауыз сумен қамту және канализация объектiлерiнiң 2002-2003 жылғы қысқы маусымға дайындығы жөнiнде байқау өткiзу туралы Облыс елдi мекендерiнiң санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында жӘне өазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27 бабын басшылыққа ала отырып, облыстық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2002 жылдың 23 қыркүйегiнен 23 қарашасына дейiн облыс елдi мекендерiнде күзгi санитарлық тазалау, көрiктендiру жөнiнде күзгi екi айлығы, ауыз сумен қамту және канализация объектiлерiнiң 2002-2003 жылғы қысқы маусымға дайындығы жөнiнде байқау жариялансын.
Тармақ 2
2. Екi айлықты дайындау және өткiзу кезiнде қала және аудан әкiмдерiнiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың қызметiне басшылық ету және үйлестiру жөнiндегi облыстық штабтың құрамы бекiтiлсiн (тiркеледi).
Тармақ 3
3. Қала мен аудан әкiмдерi елдi мекендерде санитарлық тазалау және көрiктендiру жөнiнде тиiстi шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Сумен қамту және канализация объектiлерiнiң басшылары су құбыры және канализация желiлерiн, байқау құдықтарын, су тарату қондырғыларын тексерiп, олардың дұрыс жұмыс iстеуiн қалпына келтiрiп 3 айға жетерлiктей қажеттi құралдар мен реагенттер ұнтақтары қорын қамтамасыз етсiн. Ауыз су тазартатын қондырғылары мен құбырлар желiлерiн тазарту және залалсыздандыру жұмыстарын жүргiзсiн.
Тармақ 5
5. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық стансасы (Ө.Зинуллин), облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Б.Сапуанов), облыстық iшкi iстер басқармасы (Х.Хайдар) елдi мекендердегi санитарлық тазалық және көрiктендiру жұмыстарына үнемi бақылау жүргiзсiн.
Тармақ 6
6. "Атырау-Ақпарат" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны (Е.Дошаев), облыстық телерадиокомпаниясы (А.Нұрғалиев) санитарлық тазалау және көрiктендiру жөнiндегi екi айлықтың барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелi түрде жариялап отырсын.
Тармақ 7
7. Қала, аудан әкiмдерi, облыстық iшкi iстер басқармасы, қоршаған ортаны қорғау басқармасы және облыстық санитарлық-эпидемиологиялық стансасы облыстық штабқа жұмыстың жүру барысы мен қорытындылары жөнiнде әр аптаның жұма күнi мәлiметтер берiп отырсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.Нокинге жүктелсiн.
Басқа 9
Облыс әкімиятының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 232 қаулысына қосымша Облыс елді мекендерін санитарлық тазалау және қоректендіру күзгі екі айлығын дайындау, өткізу жөніндегі облыстық штаб құрамы Нокин Серік Кеңесұлы төрағасыә - облыс әкімінің орынбасары, штаб Зинуллин Өмірзақ Зиноллаұлы - облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жұмағалиев ибад Ғалиәскерұлы - төртінші жағдайлар жөніндегі басқарма бастығы Дошаев Ерген Николаевич - "Атырау-Ақпарат" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын төрағасы Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы - мемлекеттік құқықтық және әскери жұмылдыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі Нұрғалиев Айтқали Құрмарғалиұлы - облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы Сәлімбаев Ермек өайсаұлы - құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментінің директоры Сапуанов Болат Байарыстанұлы - облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Хайдар Халмұрат Саламатұлы - облыстық ішкі істер басқармасының бастығы (келісім бойынша).