Об организации и проведении начальной военной подготовки с учащимися допризывного возрастов в организациях образования Мангистауской области в 2002-2003 учебном году Қолданыста
Басқа 0
Маңғыстау облысының білім беру ұйымдастыру әскерге шақырылғанға дейінгі және әскерге шақыру жасындағы оқушыларды 2002-2003 оқу жылындағы бастапқы әскери даярлығын ұйымдастыру және оны өткізу туралы
"Бастапқы әскери даярлық туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 Қаулысын үшiн шешiм етемiн:
Тармақ 1
1. 2002-2003 оқу жылында жастардың бастапқы әскери даярлығын ұйымдастыруды және оны өткiзудi жақсарту жөнiндегi негiзгi iс шараларының жоспары (бұдан әрi iс-шаралар жоспары) бекiтiлсiн (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, облыстық бiлiм басқармасы (Ж.Н.Сағымбаева), облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы (Қ.С.Хайрушев), облыстық денсаулық сақтау басқармасы (С.К.Төралиев), спорт және дене тәрбиесi басқармасы (А.А.Драч) және Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық әскери комиссариаты (Е.Л.Уразов) iс-шаралар жоспарын орындау жөнiнде барлық қажеттi шараларын алсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары С.Б.Керелбаевқа жүктелсiн.
Басқа 4
Облыс әкiмиятының
2002 жылғы 29 тамызда
№ 110 шешіміне 1 қосымша
Маңғыстау облысының оқу орындарында,
әскери комиссариаттарында 2002-2003 оқу жылында
бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыруды және оны
өткізуді жақсарту жөніндегі негізгі іс-шараларының
ЖОСПАРЫ
№
Ic-шаралардың атауы
Орындау
мерзiмi
Орындалуына жауаптылар
Орынд.туралы белгi
1.
1. Бастапқы әскери даярлыққа басшылық жасау
Облыстың оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлықтың, әскери патриоттық және дене тәрбиесiнiң жай күйiне тексеру жүргiзу
Кестеге Сәйкес
Қалалар мен аудандардың әкiмияттары облыстық әскери комиссариат облыстық бiлiм басқармасы
2.
Оқу жылының қорытындысын шығару, талдау-жүргiзу және БӘД, жастардың әскери патриоттық және дене шынықтыру даярлығының жай-күйi туралы облыс әкiмiн хабардар ету
2003 Жылғы шiлде тамыз
облыстық әскери комиссариат
3.
Облыстық бiлiм басқармасы мен мүдделi ұйымдардың бiрлескен кеңесiн дайындау және оны өткiзу, онда БӘД, жастардың әскери-патриоттық тәрбиесi мен дене шынықтыруын ұйымдастыру және өткiзудi жақсартудың мәселелерiн қарау
2003 Жылғы ақпан
Облыстық бiлiм басқармасы
4.
Облыстық бiлiм басқармасы мен мүдделi ұйымдардың бiрлескен кеңесiн дайындау және оны өткiзу,онда БӘД, жастардың әскери-патриоттық тәрбиесi мен дене шынықтыруын ұйымдастыру және өткiзудi жақсартудың мәселелерiн қарау
Жоспар бойынша ұдайы
Бiлiм басқармасы; әскери комиссариат
5.
Қарағанды және Талдықорған педагогикалық институттарында БӘД және тәрбиесі оқытушыларын даярлау үшін кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмыс жүргізу
ұдайы
Бiлiм басқармасы; әскери комиссариат
6.
БӘД ӘПТ жүргізу және ОМБ жасау мәселелері бойынша облыстың білім беру мекемелеріне бақылау жасау және қажет болған жағдайда практикалық көмек көрсету
оқу жылы ішінде
Бiлiм басқармасы
7.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Бастығының директивасы мен бағдарламасы бойынша 10-сынып оқушыларымен 6 күндік (48 сағат) оқу-далалық (лагерлік) жиынын ұйымдастыру және оны өткізу
2003 Жылғы мамыр маусым
Қалалар мен аудандардың әкімдері; обл. Бiлiм басқармасы; әскери комиссариат
8.
Облыстың оқу орындарындағы жастарды және дене шынықтырудың жай-күйіне бақылау жасау және қажет болған жағдайда оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету
жыл ішінде
Облыстық спорт және дене тәрбиесі басқармасы
9.
2. БӘД оқу-материалдық базасын жасау оны жетілдіру
Білім беру ұйымдары мен басқа да мүдделі ұйымдары БӘД оқу-материалдық базасының барлық элементтерін жабдықтауға қаражат бөлу мүмкіндігін іздестіру
жыл ішінде
Облыс әкімі; облыстық білім басқармасы
10.
Гимнастикалық қалашық пен кедергілер жолағының толық кешені бар дене шынықтыру жөніндегі сабақтарға арналған үздік орынға байқау конкурсын өткізу
2003 жылғы ақпан; сәуір
облыстық білім басқармасы; облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты; әскери комиссариат
11.
3. Оқу-әдістемелік жұмыс
Білім беру ұйымдары әскери комиссариаттарымен бірлесіп БӘД оқытушыларын-ұйымдасты- рушыларын аттестациялауды өткізу
2003 жылғы сәуір; мамыр
Облыстық білім басқармасы
12.
Әскери комиссариаттар жанындағы штаттан тыс әдістемелік кеңестердің жұмысын жандандыру. Кеңес мәжілістерінде секция басшыларын кемінде тоқсанына бір рет тыңдау
Кеңестің жоспары бойынша (қараша) (ақпан) (тамыз) (мамыр)
Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық әскери комиссариаты
13.
4. Жастарға әскери - патриоттық тәрбие беру және дене шынықтыру
БӘД сабақтары мен сыныптан тыс іс-шараларының тәрбиелік рөлін арттыру үшін білім беру қызметкерлерімен ғылыми-практикалық конференция өткізу
2003 жылғы ақпан
Облыстық білім басқармасы; облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты; әскери комиссариат
Ескертпе:
БӘД - бастапқы әскери даярлық.
ҚТН - қауіпсіздік және тіршілік қызметінің негізі.
МСД - медициналық-санитарлық даярлық.
АҚ - азаматтық қорғаныс.
ОМБ - оқу материалдық база.