О ходе подготовки объектов социальной сферы и жилищно-коммунального хозяйства к осенне-зимнему периоду на 2002-2003 год Қолданыста
Басқа 0
Әлеуметтік сала және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы объектілері 2002-2003 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындау барысы туралы
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін жылу беру кезеңінде уақытылы дайындау мақсаиында Қазақстан Респуликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару туралы» Заңының 27 бабын басшылыққа ала отырып, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТІЛДІ :
Тармақ 1
1. Қала және аудан әкімдері , еңбек , жұмыспен қамту және халықты әлеуілімметтік қорғау басқармасының бастығы ( С.Қайрешев ) , білім беру басқармасының бастығы ( Ә.Қарасаева), мәдениет басқармасының бастығы ( Б. Иманғалиев ) , «Жарас-Болашақ» жауапкершілігі серіктестігінің директоры ( Ж.Е.Ізмайлов)- (келісім бойынша ):
Тармақша 1
1) бөлінген қаржы мөлшерінде жылу беру кезеңі басталғанға дейін бюджеттік сала объктілерін жөндеу жұмыстарының аяқталуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әлеуметтік сала және тұрғын үй объектілерінің дайындаған уақытылы аяқтау және жылу беру шараларын алсын;
Тармақша 3
3) жылу беру кезеңі басталғанға дейін барлық жылумен жабдықтау көздерін нормативтік отын қорымен қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) коммуналдық қызметтер үшін бережақтарды жою және жылу беру көздеріне уақытылы газ , су , электрқуатын беру шараларын алсын .
Тармақ 2
2. Жылыой ауданының әкімі (Н. Мұхтаров ) Құлсары қаласының тұрғын үйлерін жылумен жабдықтау және жылу қазандықтарын дайындау жұмыстарын уақытында аяқтау шараларын алсын.
Тармақ 3
3. «Атырау жылуэлектр орталығы» ( М. Қалиев)-(келісім бойынша), «Атырауоблгаз» ( В. Сердюк ) – (келісім бойынша ), « Атырау –Жарық» (А.Рахманов ) – (келісім бойынша ) ашық акционерлік қоғамдарына, «Атыраугазинвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (М. Артығалиев) –(келісім боййынша), «водоканал» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (И. Сердюк) - (келісім бойынша) облыстың тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің күзгі-қысқы кезеңдерде үздіксіз жұмыс істеу үшін,олардың уақытылы дайындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы департаменті (Е. Сәлімбаев) 2002 жылдың 15 мен 30 қазаны аралығында төтенше жағдайлар жөніндегі басқармамен (Жұмағалиев Ғ.) бірлесе отырып, қала және облыс аудандарындағы тіршілік қамту объектілерінің күзгі-қысқа кезеңдерде үздіксіз жұмыс істеу жағдайларына коммисиялық тексеру жүргізсін.
Тармақ 5
5. Ауыл шаруашылық басқармасы (Қ. Арыстанов) аудан әкімдерімен бірлесе отырып, шағын елді-мекендерінің, шалғай учаскелердегі қыстақтардың отынмен, азық – түлік өнімдерімен, дәрі-дәрмектермен, ауыл шаруашылық азықтарымен қамтамасыз етілуін тексерсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары – С.К. Нокинге жүктелсін.