О региональной Программе по борьбе с наркоманией и наркобизнесом в Актюбинской области на 2002-2003 годы и составе региональной комиссии по борьбе с наркоманией и наркобизнесом Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы мен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссияның құрамы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 22.12.2003 № 29 шешімімен. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі № 736 «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы» Қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссияның құрамы бекітілсін (№ 1 қосымша).
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары О. Г. Химчукке жүктелсін.
Басқа 4. МАЗМҰНЫ:
Облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 жедтоқсандағы № 9 шешімімен бекітілген Ақтөбе облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестід 2002 - 2003 жылдарға арналған АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ МАЗМҰНЫ:
Тармақ 1
1. Бағдарламаның паспорты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Бағдарламаның жай-күйін талдау
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Тармақ 5
5. Іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
Тармақ 6
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
Тармақ 7
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Тармақ 8
8. Бағдарламаны іске асыру шараларының жоспары
Бөлім 1. 1. Бағдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты Атауы: Ақтөбе облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы. Талқылауға негіз: Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 «Қазақстан Республикасында 2001-2005 жылдарға арналған нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің стратегиясы туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі № 736 «Қазакстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы» Қаулысы, Ел Президентінің "Қазақстан - 2030». Қазақстан халқына Жолдауы. Әзірлеуші: Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі Мақсаты: Ақтөбе обльсында нашақорлықтың және есірткі бизнесінің одан әрі таралуына қарсы тиімді мемлекеттік және қоғамдық іс-қимыл жүйесінің негізгі буындарын құру Міндеттері: 1) Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына бақылауды күшейту; 2) есірткінің, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл тетігін нығайту; 3) есірткіні теріс пайдаланудың алдын алу және есірткіге тәуелді адамдарды емдеу және оңалту; 4) есірткінің заңсыз айналымын және оларды теріс пайдалануды бақылау саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Қаржыландыру көздері: Жергілікті бюджет Күтілетін нәтижелер: 1) есірткі, психотроптық заттардың заңсыз айналымының жолын кесу, сондай-ақ оларды теріс пайдалану нәтижесінде жасалынатын қылмыстардың алдын алу, ескерту және санын қысқарту; 2) есірткіні заңсыз пайдаланғаны анықталған адамдар санын қысқарту 3) нашақорлықпен ауыруды төмендету, сондай-ақ аурулардың дәрігерге жолығуын арттыру
Бөлім 2. 2. КІРІСПЕ
2. КІРІСПЕ Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы ел Президенттің 1997 жылғы 10 қазандағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2030», «Барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауының негізгі ережелеріне, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі "Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің 1999 жылғы 9 қарашадағы № 4 хаттамалық шешіміне сәйкес әзірленді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі № 736 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған Бағдарламасы» Ақтөбе облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасын жасаудың негізі болып табылады және 2002-2003 жылдары оларға қол жеткізуге бағытталған басым міндеттер мен шаралар кешенін анықтайды. Осы бағдарлама Қазақстан Республикасында 2001-2005 жылдарға арналған нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес Стратегиясының Ақтөбе облысы бойынша құрамдас бөлігі болып табылады.
Бөлім 3. 3. ПРОБЛЕМАНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ
3. ПРОБЛЕМАНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің соңғы жылдары ушығып отырған проблемалары Азия мен Еуропада болып жатқан әскери-саяси және экономикалық сипаттағы дүниежүзілік процестерге, сондай-ақ әртүрлі елдер қылмыстық күштерінің жер әлеуметтік проблемаларын арандату, есірткінің заңсыз саудасын, діни фанатизм мен экстремизмді, халықаралық терроризмді дамыту арқылы шешуге ұмтылуларына байланысты. Нашақорлықтың кең таралуы қоғамда белгілі ахуалды қалыптастырады. Нашақорларға, есірткі заттарды теріс пайдаланаған және оларды таратушы адамдарға деген қатынас неғүрлым қатая түседі. Нашақорлық індет сынды таралуда. Әрбір нашақор орташа есеппен 10-15 адамға жұқтырады. Өткен жылдарға қарағанда бүгінгі әлемде есірткінің заңды таралу жолдары бар. Оның себеп-салдары тұтыну ауанының өзгеруі мен елдер арасындағы байланыстың жеңілдеуінде. Әпиынды, көкнарды және басқа да «ауыр» есірткілерді заңсыз өндіретін және өткізетін ең ірі табысы мол базарлардың ортасында, яғни әлемдік тасымалдың маңызды жолында орналасқан Қазақстан Ауғанстаннан Ресейге және батыс елдерге есірткі контробандасы тасымалданатын басты маршруттардың құрамдас бөлігіне айналды. Ақтөбе облысындағы ахуалды талдау барысы облыс аумағына әпиын, көкнар және гашишпен қатар героин де жеткізілетіндігін көрсетуде. Есірткі заттары облыс аумағына Орта Азияның оңтүстік аймақтары мен біздің республикамыздың оңтүстігінен автомобиль, теміржол магистральдары арқылы келеді. Өндірісте шығарылған әсері күшті дәрі-дәрментер мен прекурсорлар Ресей мен Украина коммерциялық құрылымдары арқылы жабдықталады. Соңғы жылдары есірткі және психотроптық заттарды теріс пайдалану және олардың заңсыз айналымы республикада бойынша кеңінен тарауда және экономиканың, құқықтық тәртіптің жай-күйіне, әлеуметтік-психологиялық ахуалға, халықтың денсаулығы мен тектік қорына теріс әсер ете түсуде. Орналасу ерекшелігіне орай Қазақстан Республикасының аумағы есірткіні Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен, ең алдымен, Ауғанстаннан Еуропа елдеріндегі, соңғы/жылдары Ресейдегі оларды өткізетін әлемдік рыноктарға жеткізу үшін оны транзиттік дәліз ретінде пайдаланатын халықаралық есірткі картельдері мүдделерінің аясында қалып отыр. Есірткі транзитінің ертеден пайдаланылып келе жатқан Азиядан Орталық Қазақстан арқылы Ресейге және әрі қарай - Еуропаға созылған бағытын "Өлім Жібек жолы" деп атайды. Қалыптасқан ахуал тиісінше мемлекеттен халықтың психикалық және тән саулығын есірткінің лекіген толқынынан қорғауға бағытталған нақты пәрменді шаралар қабылдауды талап етеді. Қазақстан Республикасында есірткінің таралуы мен оларды теріс пайдалануға байланысты тіркелген құқық бұзушылық санының өзгеру серпіні олардың ұдайы өсуін айқын көрсетіп отыр. Бұдан басқа, есірткіні жүйелі пайдаланатын адамдар саны да көбеюде. Бұл факторлар Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік ахуалға теріс әсер етеді және үрей туғызады. Мысалы, Ақтөбе облысы бойынша 2001 жылдың 12 айының ішінде есірткінің заңсыз айналымы бойынша 818, соның ішінде оны өткізуге байланысты -153 кылмыс анықталды. 2001 жылдың 1 жартыжылдығында есірткінің заңсыз айналымы бойынша 232, соның ішінде оны өткізуге байланысты 73 кылмыс анықталды. 2001 жылы есірткімен байланысты жасаған қылмысы үшін 74 әйел, 16 жасөспірім ұсталды. 2002 жылдың бірінші жартыжылдығында 4 9 әйел, 3 жасөпірім ұсталған. 2001 жылы есірткіге байланысты құқық бұзғандығы үшін 71 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2002 жылдың бірінші жартыжылдығында 68 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жоғарыда көрсетілген статистикалық және өзге де мәліметтерді талдау нәтижесі қылмыстар мен есірткінің заңсыз таралуына және оларды медицинадан тыс салаларда тұтынуға байланысты өзге құқық бұзушылықтар санының тұрақты өсу тенденциясының сақталып отырғандығын көрсетеді.
Бөлім 4. 4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Бағдарлама мақсаты Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасындағы сияқты нашақорлықтың" және есірткі бизнесінің одан әрі таралуына қарсы тиімді мемлекеттік және қоғамдық іс-қимыл жүйесінің негізгі буындарын нығайту болып табылады. Бағдарламаның аса маңызды міндеттері деп мыналарды бөлу қажет:
Тармақша 1
1) алдын алу, нашақорлықты емдеу жүйесін нығайту және есірткіге тәуелді адамдарды оңалту жүйесін жасау;
Тармақша 2
2) есірткінің, психотроптық заттдрдың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл тетігін нығайту;
Тармақша 3
3) есірткінің заңсыз айналымы және оларды шектен тыс пайдалануды бақылау саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
Бөлім 5. 5. ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЕТІГІ
5. ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЕТІГІ Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу әрі басты міндеттерді шешу үшін Бағдарламада Ақтөбе облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің қазіргі жүйесін нығайтуға бағытталған шаралар кешенін іске асыру көзделіп отыр. Нашақорлықтың алдын алу, оны емдеу жүйесін нығайту және есірткіге тәуелді адамдарды оңалту жүйесін құру ісінде медициналық-әлеуметтік оңалту орталықтарының қызметіне зор көңіл бөлінетін болады. Бүгінгі таңда алдын алу, емдеу және оңалту осы келеңсіз құбылысқа қарсы күрестің неғүрлым пәрменді жолдары болып табылатындықтан, мәселенің осы қыры ерекше назар аударуға лайық және нашақорлыққа "нәр беретін" тамырларды анықтауға, жоюға немесе оқшаулауға бағытталады. Мұқтаж адамдардың көмекті уақтылы алу және тиісті қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігін туғызу керек. Бұл ретте есірткі мен психотроптык заттарды пайдаланатын және пайдалануға бейім жасөспірімдерді емдеуге және әлеуметтік оңалтуға ерекше көңіл бөлінеді, осы орайда барлық наркологиялық диспансерде жасөспірімдер бөлімдері ашылатын болады. Қазіргі кезеңде наркологиялық диспансер жанындағы медициналық - әлеуметтік проблемалары бөлімі нашақорлықтың алдын алу, оны емдеу және оңалту саласында облыстың басты емдеу-клиникалық, ғылыми және оқу-әдістемелік базасына айналуға тиіс. Есірткіге тәуелді адамдарды емдеу және оңалту саласындағы қазіргі заманғы стратегияның негізінде осы салада ааймақтық саясаттың негізгі бағыттары әзірленетін болады. Наркология саласында:
Тармақша 1
1) нашақорлықты әлеуметтік қауіпті ауру ретінде тану жағдайында наркологиялық қызметтерді жетілдіру мен дамыту;
Тармақша 2
2) бас бостандығынан айыру орындарында наркологиялық қызметтерді ұйымдастыруды және жарақтайдыруды жақсарту;
Тармақша 3
3) наркологиялық мекемелерді аса тиімді дәрілермен және осы заманғы жабдықтармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану керек. Әлеуметтік есірткі иммунитетін егу мақсатында балаларға, жасөспірімдер мен жастарға арналған есірткіге қарсы оқу-танымдық әдебиеттер әзірлеу және басын шығару қажет, оқу орындарының жоспарында есірткіге қарсы тақырыптарда лекциялар енгізілетін болады. Бұдан басқа, есірткіге қарсы тақырыптарда көркем шығармаларға конкурстар, спорттық жарыстар ұйымдастырып, телеарналар мен кинотеатрларда қоғам үшін есірткінің залалы туралы деректі, ғылыми-көпшілік және көркем фильмдер көрсете отырып, жергілікті деңгейлерде Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне (26 маусым) арналған акциялар өткізу белгіленіп отыр. Осы Бағдарламаны іске асырудың келесі бағыты нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласындағы заңдарды жетілдіруге және есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына бақылауды күшейтуге бағытталған шаралар кешенін қамтитын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл тетігін нығайту болып табылады. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес проблемасы тиімділігі осы салаға тартылған барлық мемлекеттік органдардың бірлесіп үйлестірілген күш-жігері мен іс-әрекеттеріне байланысты жан-жақты сипат алатынын ескере отырып, мемлекеттік органдардың есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын бақылауды жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді одан әрі әзірлеуі қажет болады. Осы кезеңде есірткі бизнесінде ақшаның "ағылуына" қарсы күрес стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға кірісу керек. Осы қызметте келесі маңызды бағыт зертхана жабдықтарын сатуға бақылауды қамтамасыз ету, прекурсорлардың заңсыз жасалуына, таралуы мен олардың ашық айналымнан жасырын айналымға шығарылуына жол бермеу жөнінде шаралар қолдану болып табылады. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті жүзеге асыратын органдарда кинологиялық қызметтерді ұйымдастырушылық-кадрлық және техникалық нығайтуды жүзеге асыруға бағытталған қосымша шаралар қабылдау қаажет. Бас прокуратура жанындағы құқықтық статистика және ақпарат Орталығы жүргізген есірткіге байланысты қылмыстар туралы ақпаратты жедел талдау негізінде есірткі қылмысының серпінін құбылу себептерін зерделеу және оған қарсы іс-қимылдың тиімді шараларын әзірлеу керек. Есірткіге байланысты істерді қарау бойынша қай құрамды аудандық соттарда судьяларды мамандандыруды енгізу процесі дамитын болады. Заңсыз егілетін және жабайы өсетін қарасора мен апиын көкнәрін анықтау және құрту жөніндегі жыл сайынғы науқандар, олардың жасырын айналымға түсуінің жолын кесу мақсатында жалғаса беретін болады. Осы мақсатта құрамында есірткі бар өсімдіктердің өсуі және өсірілуі туралы деректер қорын құру, мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты нығайту керек. Есірткінің заңсыз айналымын бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды нығайту үшін ғылыми-практикалық конференциялар өткізу керек. Халықаралық ұйымдар мен донор елдерді есірткіге сұранысты қысқарту, есірткіге тәуелді адамдарды емдеу және оңалту, есірткінің заңсыз айналымының жолын кесу саласында перспективалы бағдарламалар әзірлеу мен енгізуге техникалық көмек көрсетуі үшін оларды кеңірек тарту керек. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары оларды кезең-кезеңмен орындауды көздейді. Іс-шаралардың кешенділігі нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресте мемлекеттік және жергілікті билік пен басқару органдарының қызметін барынша үйлестіруге әрі мүмкіндіктерін шоғырландыруға септік жасайды. Жоспарланған іс-шараларды орындау Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған Стратегиясын іске асырудың екінші кезеңін қамтиды. Бағдарлама нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің қолданылып жүрген нысандары мен әдістерінің тиімділігін арттыруға, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған. Ақтөбе облысы бойынша нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссия Бағдарламаның әкімшісі болып табылады. Бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін барлық қаражат, сондай-ақ сыртқы техникалық көмек шеңберіндегі жабдықтар мен техника нақты іс-шаралардың орындалуына жауапты органдарға берілетін болады.
Бөлім 6. 6. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
6. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ Осы Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет есебінен және қаржысы шегінде және заңнамамен тыйым салынбаған басқа көздерден жүзеге асырылады.
Бөлім 7. 7. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ
7. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ Бағдарламаны іске асыру кезінде мынадай нәтижелер күтіледі:
Тармақша 1
1) нашақорлықтың алдын алу, оны емдеудің тиімді жүйесін нығайту және нашақорлықпен ауыратын адамдарды оңалту жүйесін құру;
Тармақша 2
2) есірткіні, психотроптық заттарды және прекурсорларды жасырын айналымнан алу жөніндегі қызметті жандандыру;
Тармақша 3
3) мүдделі органдарды ұйымдық, кадрлық және материалдық-техникалық нығайту, олардың арасында тиімді өзара іс-қимыл орнату арқылы олардың қызметін жақсарту;
Тармақша 4
4) нашақорлық пен есірткі бизнесінің таралуымен байланысты проблемаларды шешуде қоғамның барынша жұмыла түсуіне қол жеткізу;
Тармақша 5
5) есірткінің заңсыз айналымын және оларды теріс пайдалануды бақылау саласында халықаралық ұйымдар мен донор елдердің назарын аудару арқылы есірткіге сүранысты азайту, есірткіге тәуелді адамдарды емдеу және оңалту, есірткінің заңсыз айналымының жолын кесу саласында перспективалы бағдарламаларды әзірлеуде және енгізуде оларға техникалық көмек көрсету үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
Басқа 31
Ақтөбе облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасына қосымша Ақтөбе облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары р/с № Іс-ша­ра­лар Аяқ­та­лу ны­са­ны Орын­да­у­ға (іс­ке асы­ру­ға) жа­у­ап­ты­лар Орын­дау (іс­ке асы­ру) мер­зі­мі Бо­лжа­нып отыр­ған шы­ғы­стар (млн. тен­ге) Қар­жы­лан­ды­ру кө­зі 1. 2. 3, 4. 5. 6. 7. 1 Есірт­кі­ге бай­ла­ны­сты про­бле­ма­лар­ды ше­шу­ге кө­мек көр­се­ту мақ­са­тын­да жастар мен жа­сө­спі­рім­дер­ге ар­нал­ған әле­умет­тік қыз­мет­тер құ­ру жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­дау Об­лыс әкі­мі­нің ше­ші­мі Об­лы­стық бі­лім бас­қар­ма­сы, об­лы­стық ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы, об­лы­стық іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша) 2003 жыл 4,0 Жер­гі­лік­ті бюд­жет 2. Жер­гі­лік­ті дең­гей­де на­ша­қор­лық­қа қар­сы кү­рес та­қы­ры­бы­на ар­нал­ған кә­сі­би кон­кур­стар мен спорт­тық де­мон­стра­ци­я­лар­дың на­ша­қор­лық­қа қар­сы кү­ре­стің Ха­лы­қа­ра­лық кү­ніне ар­нал­ған ак­ци­я­ла­рын өт­кі­зу Ве­дом­ство­лық бұй­рық­тар Об­лы­стық бі­лім бас­қар­ма­сы, об­лы­стық ту­ризм және спорт ко­ми­те­ті, об­лы­стық ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы, об­лы­стық іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы, (ке­лі­сім бой­ын­ша) 2002 жыл, 2003 жыл 0,5 Жер­гі­лік­ті бюд­жет 3. БАҚ ар­қы­лы қо­ғам­дық са­на­да әле­умет­тік есірт­кі им­му­ни­те­тін қа­лып­та­сты­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жан­дан­ды­ру және аза­мат­тар­ды мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың на­ша­қор­лық­қа және есірт­кі биз­не­сіне қар­сы кү­ре­сте қол­да­нып жа­тқан ша­ра­ла­ры ту­ра­лы ха­бар­дар ету Об­лы­стық әкі­ми­ят­қа ақ­па­рат, се­ми­нар­лар дөн­ге­лек үстел ұй- ым­да­сты­ру Об­лы­стық бі­лім бас­қар­ма­сы, об­лы­стық ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы, об­лы­стық іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша) Тұ­рақ­ты 0,5 Жер­гі­лік­ті бюд­жет 4 Түр­ғы­лық­ты жер­лер­де және оқу орын­да­рын­да БЖ­СМ, мек­теп­тен тыс ме­ке­ме­лер­дің, спорт­тық сек­ци­я­лар­дың жұ­мыс іс­те­уін қам­та­ма­сыз ету Об­лы­стық әкі­ми­ят­қа ақ­па­рат Об­лы­стық бі­лім бас­қар­ма­сы, об­лы­стық спорт және ту­ризм ко­ми­те­ті Тұ­рақ­ты 5. Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­те­рін­де нар­ко­лог дә­рі­гер­лер­дің ал­дын алу тек­се­ру­ле­рін жүй­е­лі жүр­гі­зу Об­лы­стық әкі­ми­ят­қа ақ­па­рат Об­лы­стық бі­лім бас­қар­ма­сы, об­лы­стық ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы 6. Жастар, жа­сө­спі­рім­дер мен ба­ла­лар ара­сын­да те­ме­кі ше­гу­дің, на­ша­қор­лық­тың ал­дын алу ба­ғы­тын­да бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сын әзір­леу Ве­дом­ство­лық бұй­рық­тар Об­лы­стық бі­лім бас­қар­ма­сы, об­лы­стық ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы, об­лы­стық іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша) 2002 жыл та­мыз 2003 жыл Жер­гі­лік­ті бюд­жет 7. Об­лы­стық нар­ко­ло­ги­я­лық дис­пан­сер құ­ры­лы­мын­да кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­ды ем­де­у­ге ар­нал­ған ста­ци­о­нар­лық бө­лім ашу және ны­ғай­ту Об­лы­стық әкі­ми­ят­қа ақ­па­рат Об­лы­стық ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы 2002 жыл - жел­тоқ­сан 2003 жыл 5,0 Жер­гі­лік­ті бюд­жет 8. 1) ха­лық­тың әр­түр­лі са­нат­та­ры­ның есірт­кі­ні шек­тен тыс пай­да­ла­нуы­на тұ­рақ­ты мо­ни­то­ринг те­ті­гін; 2) есірт­кі­ге сұ­ра­ны­сты қы­сқар­ту және есірт­кі­ге тәу­ел­ді адам­дар­ды ем­деу және оңал­ту бағ­дар­ла­ма­сын жа­сау және ен­гі­зу Бі­рік­кен бұй­рық­тар об­лы­стық әкі­ми­ят­қа есеп Об­лы­стық ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы, об­лы­стық бі­лім бас­қар­ма­сы 2002 жыл - жел­тоқ­сан 2003 жыл 9. Есірт­кі та­ра­луы­ның жа­ңа үр­ді­сте­рін ес­ке­ре оты­рып ай­мақ­тар­да­ғы нар­ко­ло­ги­я­лық қыз­мет­тер­ді же­тіл­ді­ру жө­нін­де­гі жұ­мысты жал­ға­сты­ру Об­лы­стық әкі­ми­ят­қа есеп Об­лы­стық ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы 2002 жыл- жел­тоқ­сан 2003 жыл 10 Нар­ко­ло­ги­я­лық ме­ке­ме­лер­ді ти­ім­ді­лі­гі жо­ға­ры дә­рі- дәр­мек құ­рал­да­ры­мен және кә­зір­гі за­ман­ғы жаб­дық­тар­мен қам­та­ма­сыз ету­ге ша­ра­лар қа­был­дау Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­ме­тіне ақ­па­рат Об­лы­стық ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы 2002 жыл - жел­тоқ­сан 2003 жыл 11. Есірт­кі қыл­мыста­ры­на бай­ла­ны­сты анық­тал­ған де­ректер бой­ын­ша қыл­мыстық іс­тер мен ма­те­ри­ал­дар­ды уа­қы­тын­да қоз­ғау және жал­ға­сты­ру ба­ры­сы­на ти­іс­ті қа­да­ға­ла­уды қам­та­ма­сыз ету Об­лы­стық әкі­ми­ят­қа ақ­па­рат Об­лы­стық про­ку­ра- ту­ра (ке­лі­сім бой­ын­ша) Жар­ты­жыл­дық­та 1 рет 12. Есірт­кі, пси­хо­троп­тық заттар мен пре­кур­сор­лар­дың ай­на­лы­мы са­ла­сын­да кә­сіп­кер­лік қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға ли­цен­зия бе­ру бө­лі­гін­де мем­ле­кет­тік би­лік ор­ган­да­ры құқық­тық ак­ті­ле­рі­нің заң­ды­лы­ғын тек­се­ру­ді жү­зе­ге асы­ру Об­лы­стық әкі­ми­ят­қа ақ­па­рат Об­лы­стык про­ку­ра­ту­ра (ке­лі­сім бой­ын­ша 1 рет жар­ты жыл­дық­та
Басқа 32
Облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы № 9 шешіміне 1 қосымша Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссияның құрамы 📌 Ескерту. 1 қосымшаға өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 27.03.2003 № 20 шешімімен. Химчук Олег Геннадьевич облыс әкімінің бірінші орынбасары, аймақтық комиссияның төрагасы Қадырбеков Азамат Қадырбекұлы облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, аймақтық комиссияның хатшысы Комиссия мүшелері: Байгөрінов Жұбаныш Сүлейменұлы «Актюринский вестник» газеті бас редакторының орынбасары Бекет Бауыржан Қуандықұлы Ақтөбе облысы бойынша кеден басқармасы бастығының бірінші орынбасары (келісім бойынша) Бисембаев Марат Рахметқалиұлы Ақтөбе облысы ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бастығының орынбасары (келісім бойынша) Брязгалов Юрий Андреевич тәртіп кеңестің мүшесі, комиссия төрағасының орынбасары Досанов Есенжан Қайыпжанұлы облыс прокурорының бірінші орынбасары (келісім бойынша) Ким Юрий Иванович Ақтөбе облысы бойынша қаржы полициясы департаменті бастығының бірінші орынбасары (келісім бойынша) Құрбайғалиев Равиль Абдолұлы облыстық наркологиялық диспансердің бас дәрігері Маруев Анатолий Андреевич облыстық ІІБ бастығының бірінші орынбасары Смағұлов Аманкелді «Ақтөбе» газетінің редакторы (келісім бойынша) Нармұхаметов Жәнібек Қараұлы облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Ниямағамбетов Марат Қожабекұлы облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Ноғаев Мақсат Маратұлы Ақтөбе гарнизоны әскери полициясының бастығы (келісім бойынша) Нұрмұхамбетов Алмаз Әшімғалиұлы көліктегі ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша) Голубев Юрий Петрович облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Шарипова Наталья Ивановна Ақтөбе облыстық әділет басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша)