Об областной программе импорт замещения и качества на 2002 – 2003 годы Қолданыста
Басқа 0
Облыстық 2002 – 2003 жылдарға арналған импорт алмастыру және сапа бағдарламасы туралы
Облыс индустрия, сауда және кәсiпкерлiктi дамыту департаментiнiң бастығы Ш.Д. Әлимусиннiң 2002 - 2003 жылдарға арналған импорт алмастыру және сапа облыстық бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап және талқылап, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған 2002 - 2003 жылдарға арналған импорт алмастыру және сапа облыстық бағдарламасы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыс индустрия, сауда және кәсiпкерлiктi дамыту департаментi жыл сайын 20 қаңтар мерзiмiне орай облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөнiндегi тұраұты комиссиясына Бағдарламаның орындалу барысы туралы хабарлайтын болсын.
Тармақ 3
3. Облыс қаржы департаментi 2002 жылы Бағдарламаның дер кезiнде қаржыландыруын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. 2003 жылға арналған облыстығ бюджеттi ғалыптастыру кезiнде облыста шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен мемлекеттiк қолдау бағдарламасы бойынша импортты алмастыратын өндiрiстердi несиелендiру үшiн бюджеттiң шығыс бөiгiнен ортақ қаржыландыру шартымен 100 млн, теңге қарастырылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөнiндегi тұрақты комиссиясына (Шабрат Н.П.) жүктелсiн.