Об областной программе борьбы с наркоманией и наркобизнесом на 2002 – 2003 годы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нашақорлыққа және есіртке бизнеске қарсы күрестің 2002 – 2003 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы туралы Облыс бойынша әдiлет басқармасының бастығы Т.Ж. Қожамжаровтың нашақорлыққа және есiрткі бизнеске қарсы күрестiң 2002 - 2003 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап және талқылай келе, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған нашақорлыққа және есiрткі бизнеске қарсы күрестiң 2002 - 2003 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыс бойынша әдiлет басқармасы, облыс Iшкi iстер басқармасы, облыс денсаулық сақтау департаментi жыл сайын 20 қаңтар мерзiмiне орай облыстық мәслихаттың заңдылықты сақтау және азаматтардыі құқығын қорғау жөнiндегi тұрақты комиссиясына Бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
Тармақ 3
3. Облыс қаржы департаментi Бағдарламаның дер кезiнде қаржыландыруын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың заңдылықты сақтау және азаматтардың құқығын қорғау жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.