Об областной программе функционирования и развития языков на 2002 – 2003 годы «Ана тілі» Қолданыста
Басқа 0
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2002 – 2003 жылдарға арналған «Ана тілі» облыстық бағдарламасы туралы
Ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы бастығының мiндетiн атқарушы Н.П. Чудовскийдiң тiлдердi қолдану мен дамытудың 2002 - 2003 жылдарға арналған "Ана тiлi" облыстық бағдарламасы туралы хабарламасын тыңдап және талқылай келе, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДі:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған тiлдердi қолдану мен дамытудың 2002 - 2003 жылдарға арналған "Ана тiлi" облыстық бағдарламасы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы жыл сайын 1 ақпан мерзiмге орай облыстық мәслихаттың әлеуметтiк саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына Бағдарламаның жүзеге асыру барысы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
Тармақ 3
3. Облыс қаржы департаментi Бағдарлама шараларының дер кезiнде қаржыландыруын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы Бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтiк саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына (Лебедь В.Д.) жүктелсiн.