Қолданыстағы ред. 20.03.2002

2002-2003 жылдарға арналған Қызылорда облысының өнеркәсiбiн дамытудың аймақтық бағдарламасы туралы от 20.03.2002 г. № 81 (2002-2003 жылдарға арналған Қызылорда облысының өнеркәсiбiн дамытудың аймақтық бағдарламасы туралы)

0

2002-2003 жылдарға арналған Қызылорда облысының өнеркәсiбiн дамытудың аймақтық бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жұмыссыздық пен кедейшiлiкке қарсы күресу, жұмыс iстемей тұрған кәсiпорындарды жандандыру және жаңа жұмыс орындарын ашу, облыстың өңдеушi кәсiпорындарының қаржылық-экономикалық жағдайын сауықтыру жөнiндегi тапсырмаларын iске асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 1-тармақшасын, 7-бабының 1-тармағын басшылыққа алып облыстық Мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI: