О проведении учебно-полевых (лагерных) сборов в 2002-2003 учебном году с юношами-учащимися средних общеобразовательных профессионально-технических школ (лицеев) и средних специальных учебных заведений (колледжей) области Қолданыста
Басқа 0
Облыстың жалпы орта білім беретін кәсіптік–техникалық мектептері (лицей) мен орта оқу орындары (колледж) оқушыларымен 2002-2003 оқу жылында оқу
далалық (лагерьлік) жиынын өткізу туралы
«Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңын «Бастапқы әскери дайындық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 қаулысын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29 бабын іске асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Далалық-оқу жиындары облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 11-ші сынып оқушыларымен 2003 жылғы мамыр-маусымда және маусым айында кәсіптік-техникалық мектеп (лицей) және орта арнаулы оқу орындарының (колледж) үшінші курс оқушыларымен бастапкы әскери дайындык бойынша белгіленген оқу жоспарына сәйкес өткізілсін.
Тармақ 2
2. «Облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (Н. Қ. Мұхлісов) «Облыстық әскери комиссариат» мемлекеттік мекемесімен (Қ. А. Сәтенов) бірлесе отырып, бес күндік далалық оқу жиындарын өткізу жөніндегі бағдарлама мен іс-шаралар жоспарын жасасын.
Тармақ 3
3. «Облыстық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Н. М. Шомбалов), «Облыстық білім басқармасы» (Н. Қ. Мұхлісов) «Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы» (С. А. Алтынбаев) мемлекеттік мекемелерімен келісе отырып, жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныпта оқитын қыздарының жиын кездерінде тәжірибеден өтетін орны мен одан өту тәртібін анықтасын.
Тармақ 4
4. Облыстық әскери комиссар (К. А. Сәтенов) әскери бөлімдердің және әскери оқу орындарының әскери кафедралар мен техникалық мектептің командирлерімен байланысты қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері мүдделі ұйымдар және мекемелермен кеңейтілген кеңестер өткізсін, жиындар өткізетін орындарды, жиындардың уақытша штаттарын, аталған іс-шараларды өткізуге жауапты адамдарды анықтасын.
Тармақ 6
6. «Облыстық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекеме (Н. М. Шомбалов) оқушылардың жұқпалы, тағы да басқа аурулармен науқастанып қалуына қарсы медициналық шаралар белгілесін, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің тұрақты кезекшілігін камтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. «Облыстык туризм және спорт комитеті» мемлекеттік мекемесі (М. Н. Скендіров) жастардың жиындар кезінде дене тәрбиесі дайындығын бақылауды жүзеге асырсын, спорттық іс-шаралар ұйымдастыруда қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. «Облыстық ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Қ. Б. Өскімбаев) оқу-далалық жиындары өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуына бақылау облыс Әкімінің орынбасары
А. Қ. Есіркеповке жүктелсін.