Об утверждении плана мероприятий по подготовке территориальной подсистемы предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций на 2002-2004 годы Қолданыста
Басқа 0
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың аумақтық жүйесін дайындау жөніндегі 2002-2004 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 29-бабына сәйкес және азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың басшы құрамының біліктілігін арттыру, апат-құтқару қызметі құрамалары күштерінің облыс халқын қорғауды, апаттардан, күйреулерден келетін зияндарды азайту жөніндегі іс-шараларды өткізуге даярлығын қамтамасыз ету, ұйымдардың табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардағы жұмысының тұрақтылығын арттыру мақсатында ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың аумақтық жүйесін дайындау жөніндегі 2002-2004 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қала, аудан әкімдері, ұйымдар мен кәсіпорындар басшылары аталған Жоспарды орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В. Мейстерге және төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бастығы Е.В. Батовқа жүктелсін, ол жыл сайын шілденің 1 жұлдызына және желтоқсанның 20 жұлдызына жоспардың іс-шараларының орындалу туралы облыс әкіміне ақпарат беріп отырсын.
Басқа 4. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға аумақтық кіші жүйені 2002-2004 жылдарға даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспары
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2002 жылғы 5 сәуірдегі № 38
шешімімен бекітілген
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға аумақтық кіші жүйені 2002-2004 жылдарға даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспары