О плане мероприятий акима Акмолинской области по реализации Программы Правительства Республики Казахстан на 2002-2004 годы Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Ақмола облысы әкімінің іс-шаралар жоспары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 01.08.2005 № 16 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 наурыздағы № 827 «Қазақстанның 2030 жылдарға дейінгі даму стратегиясын орындаудың алдағы шаралары туралы» Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» қаулысының 4 тармағын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 27 ақпандағы № 11-р«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған іс-әрекеттер бағдарламасы және оларды орындауға арналған шаралар жоспарын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы» өкімін орындау мақсатында облыс әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын орындауға арналған Ақмола облысы әкімінің іс-шаралар жоспары бекітілсін. (қосымша 1)
Тармақ 2
2. Көкшетау, Степногорск қалалары мен аудандар әкімдері, облыстық басқармалар мен ведомстволардың бастықтары (келісім бойынша) Ақмола облысы әкімінің іс-шаралар жоспарын орындау негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламаларының орындалу барысы туралы талдау ақпараттарын тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 2-сінен кешіктірмей, облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасына тапсырып отырсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З. Әділбековке жүктелсін.
Басқа 4
1-қосымша
Облыс әкімінің 2002 жылғы
29 сәуірдегі № 39 а шешімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ақмола облысы Әкімінің іс-шаралар жоспары
№ р/н
Іс-шаралар
Аяқталу нысаны
Орындалуына жауаптылар
Орындалу мерзімі
1
2
3
4
5
1. ҮКІМЕТ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАСЫМ МІНДЕТТЕРІ МЕН МАҚСАТТАРЫ
1.
Облыстың орта мерзімдік кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарын әзірлеу
Облыстық мәслихаттың шешімі
Облыстық басқармалардың бастықтары (келісім бойынша), қалалар мен аудандар әкімдері
III тоқсан, жыл сайын
2. МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2.1 КӘСІБИ БАСҚАРУ
2.
2003-2004 жылдарға облыстық бюджетті қалыптастыру кезінде мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін көтеруге арналған қаражаттарды жоспарлау мәселесін қарастыру
Облыстық бюджеттік комиссия шешімі
Облыстық қаржы басқармасы
2003-2004 жылдарға облыстық бюджетті қалыптастыру кезінде
2.2. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ
3.
Өндірістік және тұтыну қалдықтары сақталып келген экологиялық қауіп тудыратын тарихи (күтімсіз) нысандарды жою бойынша Республикалық бағдарлама әзірлеуге қатысу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы яюбасына ұсыныс
Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, өнеркәсіп және сауда басқармасы, қалалар мен аудандар әкімдері
II тоқсан 2003 ж.
4.
Облыстың 2003-2005 жылдарға арналған ауыл тұрғындары бекетін сумен қамтамасыз етуді жаксарту аймақтық бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру
Бағдарлама жобасы
Облыстық санэпидемстанция, облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, қалалар мен аудандар әкімдері
IV тоқсан 2002 ж.
5.
Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою мен қатты тұрмыс қалдықтары полигонын жайландыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру
Облыс әкіміне есеп беру
Аудан әкімдері
2002-2004 ж.ж.
6.
Халықтың экологиялық білімін кеңейту (семинарлар, мақалалар)
Облыс әкіміне есеп беру
Облыстық қоршаған ортаны қорғау, білім басқармалары, бұқаралық ақпарат құралдары, қалалар мен аудандар әкімдері
2002-2004 ж.ж.
3. ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
3.1. ДЕМОГРАФИЯ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН
7.
Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдарға арналған демография және көші-қон саясатының Мемлекеттік Бағдарламасын әзірлеуге қатысу
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ұсыныстар
Облыстық демография және көші-қон, ішкі істер, экономика және шағын бизнесті дамыту, денсаулық сақтау, білім, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, туризм және спорт, статистика, қоршаған ортаны қорғау басқармалары, қалалар мен аудандар әкімдері
III тоқсан 2003 ж.
3.2. БІЛІМ БЕРУ
8.
Жалпы білім беретін мектептердің, оның ішінде ауылдың және шағын кешенді мектептердің оқу материалдық базасын нығайту, мектептері жоқ жерлерде жалпы білім беретін мектептер мен балабақшалар ашу
Облыс әкіміне есеп беру
Облыстық білім және қаржы басқармалары, қалалар мен аудандар әкімдері
2002-2004 ж.ж.
3.3. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
9.
Аймақтық «2002-2004 жылдарға арналған Ақмола облысы бойынша туберкулезге қарсы күрес» бағдарламасын әзірлеу және іске асыру
Бағдарлама жобасы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, емдеу-сауықтыру мекемелері
2002-2004 ж.ж.
10.
Аймақтық «2002-2006 жылдарға арналған Ақмола облысы бойынша онкологиялық қызметті жетілдіру» бағдарламасын әзірлеу және іске асыру
Бағдарлама жобасы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, емдеу-сауықтыру мекемелері
2002-2006 ж.ж.
11.
Аймақтық «2002-2005 жылдарға арналған ана мен сәби денсаулығын қорғау» бағдарламасын жүзеге асыру
Облыс әкіміне есеп беру
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, емдеу-сауықтыру мекемелері
2002-2005 ж.ж.
12.
Аймақтық «2002-2003 жылдары Диабет» бағдарламасын іске асыру
Облыс әкіміне есеп беру
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, емдеу-сауықтыру мекемелері
2002 ж.
13.
«2001-2002 жылдарға Ақмола облысы бойынша нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес» аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру
Облыс әкіміне есеп беру
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, емдеу-сауықтыру мекемелері
2002 ж.
14.
Ауылдың бөлімдік ауруханаларын, емдеу амбулаторияларын және фельдшерлік пунктерді қайта қалпына келтіру, денсаулық сақтау мекемесінің материалдық-техникалық базасын нығайту
Облыс әкіміне есеп беру
Аудан әкімдері, денсаулық сақтау басқармасы
2002-2004 ж.ж.
3.4. МӘДЕНИЕТ
15.
Көкшетау қаласында облыстық балалармен жасөспірімдер кітапханасын ашу
Облыс әкімінің шешімі
Облыстық мәдениет басқармасы
2003 ж
16.
Селолық клубтар мен кітапханаларды жандандыру, облыстық филармония мен кітапхана ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу
Облыс әкімінің шешімі
Облыстық мәдениет басқармасы
2002-2005 ж.ж.
17.
Мәдениет және өнер мекемелері мен кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасын нығайту (көлік, музыкалық аспаптар)
Облыс әкімінің шешімі
Облыстық мәдениет басқармасы
2002-2004 ж.ж.
18
Қазақтардың Бүкіләлемдік Құрылтайын өткізуге қатысу
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысына ұсыныстар және облыс әкімдігі қаулысының жобасы
Облыстық мәдениет, туризм және спорт басқармалары, қалалар мен аудандар әкімдері
III тоқсан 2002 ж.
3.5. СПОРТ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ
19.
Облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерін ашу.
Облыс әкімінің шешімі
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Бағдарлама жобасы 2003 ж.
20.
Облыстық олимпиадаға даярлау орталығын, жоғары шеберлік мектебін ашу
Облыс әкімінің шешімі
Облыстық туризм және спорт басқармасы
2002-2003 ж.ж.
21.
Облыстық Бөгенбай-батыр атындағы спортқа дарынды балалар мектеп интернатының спорттық-көріністі кешенінің қайта құрылуын және Степногорск қаласындағы жүзу бассейнін жөндеуді аяқтау
Облыс әкіміне есеп беру
Облыстық туризм және спорт басқармасы, Степногорск қаласындагы БЖСМ
2002-2003 ж.ж.
22.
«Юбилейный» с/к негізгі ғимаратын және «Қажы-Мұқан» с/к екінші кезегін жөндеу және жаңарту
Облыс әкімінің шешімі
Туризм және спорт басқармасы
2002- 2003 ж.ж.
3.6. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
23.
Қазақстан Республикасында 2003-2005 жылдарға кедейлікті азайту жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге қатысу
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасына ұсыныстар
Облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы және мүдделі облыстық басқрамалар мен ведомстволар
II тоқсан 2002 ж.
24.
Ақмола облысында 2003-2005 жылдарға кедейлікті азайту жөніндегі аймақтық бағдарламаны әзірлеу және жүзеге асыру
Бағдарлама жобасы
Облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы және мүдделі облыстық басқармалар мен ведомстволар
III тоқсан 2002 ж. және тоқсан сайын
25.
2000-2002 жылдардағы кедейлік және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі аймақтық бағдарлдманы жүзеге асыру
Облыс әкіміне есеп беру
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, қалалар мен аудандар әкімдері
2002 ж.
26.
2002-2005 жылдарға арналған мүгедектерді сауықтыру бағдарламасын жүзеге асыру
Облыс әкіміне есеп беру
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау және қаржы басқармалары
2002-2004 ж.ж.
27.
Экономикасы тоқыраған шағын қалалар мен ауыл аудандарын дамыту бағдарламасын әзірлеуге қатысу
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ұсыныс
Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы, ауыл шаруашылығы басқармасы, өнеркәсіп және сауда басқармасы, қалалар мен аудандар әкімдері
І тоқсан 2003 ж.
4. НАҚТЫ СЕКТОР
4.1. ӨНЕРКӘСІП
28.
Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі өнеркәсіптік саясат Тұжырымдамасын әзірлеуге қатысу
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ұсыныс
Өнеркәсіп және сауда, экономика және шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы басқармалары, қалалар мен аудандар әкімдері
Iтоқсан 2003 ж.
29.
Облысты табиғи газбен қамтамасыз етудің 2003-2010 жылдарға арналған сұлбасын әзірлеу
Облыс қалалары мен аудандарын табиғи газбен жабдықтау сұлбасы
Өнеркәсіп және сауда басқармасы, облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасы
Iтоқсан 2003 ж.
30.
2004-2015 жылдарға арналған (1кезең 2004-2006 ж.ж.) энергия үнемдеу бағдарламасын әзірлеуге қатысу
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ұсыныс
Өнеркәсіп және сауда басқармасы, «ААЭК» ЖАҚ, «АЭК» АҚ, ауыл шаруашылығы басқармасы, мемлекеттік энергия қадағалау жөніндегі комитет
IV тоқсан 2003 ж.
31.
Аймақтардың әдеуметтік-экономикалық дамуын ғылими-техникалық қамсыздандыру Бағдарламаларын әзірлеуге қатысу
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жобаларына ұсыныс
Өнеркәсіп және сауда басқармасы, ауыл шаруашылығы басқармасы, экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы, қалалар мен аудандар әкімдері
II тоқсан 2003-2004 ж.ж.
32.
Облыстың 2003-2005 жылдарға арналған өнеркәсіп ондірісі дамуының аймақтық бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру
Бағдарлама жобасы
Өнеркәсіп және сауда басқармасы, қалалар мен аудандар әкімдері
II тоқсан 2003 ж.
4.2. ҚҰРЫЛЫС
33.
«Көкшетау» Мәдениет сарайын қайта құру (Орыс драма театры)
Облыс әкімінің шешімі
Облыстық сәулет, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасы
2002 ж
34.
2002-2005 жылдарға арналған тозығы жеткен үйлерді күрделі жөндеуден өткізу және апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу Бағдарламасын әзірлеуге қатысу
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ұсыныс
Облыстық сәулет, тұрғын үй- коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасы, қалалар мен аудандар әкімдері
II тоқсан 2002 ж.
4.3. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС
35.
Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін технологиялық жаңарту жолымен өдірістің бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ықпал ету
Ақпарат
Облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы, өнеркәсіп және сауда басқармасы, ауыл шаруашылық басқармасы
2002-2004 ж.ж.
36.
Шағын бизнесті туризм саяасында дамытуға ықпал ету
Ақпарат
Аудандар мен қалалар әкімдері, экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы, туризм және спорт басқармасы
2002-2004 ж.ж.
37.
Кәсіпшілік Орталығын құру
Облыс әкіміне есеп беру
Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы
2002 ж.
38.
Шағын бизнесті қолдау инфрақұрылымының тиімділігін арттыру
Ақпарат
Аудандар мен қалалар әкімдері, Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы
2002-2004 ж.ж.
39.
Шағын бизнес үшін кадрлар біліктілігін көтеру және қайта даярлау жұмыстарын жалғастыру
Ақпарат
Аудандар мен қалалар әкімдері, Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы, Білім басқармасы, Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау барқармасы
2002-2004 ж.ж.
40.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау үшін жыл сайын облыстық бюджеттен қаражат қарастыру
Облыстық бюджеттік комиссия шешімі
Қаржы басқармасы, Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы
2002-2004 ж.ж.
41.
2003-2005 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту Мемлекеттік бағдарламасын және оларды жүзеге асыру бойынша іс- шаралар Жоспарын әзірлеуге қатысу
Нормативтік құқықтық актілер жобаларына ұсыныстар
Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы, ҚР Ақмола облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агенттік департаменті
IV тоқсан 2002 ж.
42.
Ақмола облысының 2003-2005 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту аймақтық бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру
Бағдарлама жобасы
Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы,ҚР Ақмола облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агенттік департаменті, аудандар мен қалалар әкімдері, облыстық басқармалар мен комитеттер
2002ж.-2003 ж.
43.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту сұрақтары бойынша нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар даярлау
Ұсыныстар
Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы, ҚР Ақмола облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агентгік департаменті, кәсіпкерлер қауымдастығы
Үнемі
5. КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
44.
Автобустық қатынаспен облыс елді мекендерінің 80 % қамту
Облыс әкіміне есеп беру
Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жөніндегі орталық, қалалар мен аудандар әкімдері
IV тоқсан 2004 ж.
6. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
45.
Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған азық-түлік бағдарламасын әзірлеуге қатысу
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының Жобасына ұсыныс
Ауыл шаруашылығы басқармасы, қалалар мен аудандар әкімдері
II тоқсан 2002 ж.
46
2003 жылғы көктемгі егіс және орақ жұмыстарын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелеу
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ұсыныс
Ауыл шаруашылығы басқармасы, қалалар мен аудандар әкімдері
Iтоқсан 2003 ж.
47.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілер мен инвесторлар КазАгроФинанс филиалы арқылы лизинг бойынша техникалар сатып алу нәтижесінде жыл сайын ауыл шаруашылығы техникаларының 10 % жаңартып отыруын қамтамасыз ету
Облыс әкіміне есеп беру
Аудан әкімдері, Ауыл шаруашылық басқармасы, КазАгроФинанс филиалы
2002-2004 ж.ж.
48.
КазАгроФинанс филиалымен бірлесіп облыстың үш ауданында машина- технологиялық станциялар құруды қамтамасыз ету:
-Есіл ауданы
-Щучье ауданы
-Сандықтау ауданы
Облыс әкіміне есеп беру
Аудан әкімдері, Ауыл шаруашылық басқармасы
2002-2004 ж.ж.
49
Дәнді дақылдардың егіс алқаптары құрылымын оңтайландыру жөніндегі аймақтық бағдарламаны әзірлеу, жүзеге асыру және орындалуын қамтамасыз ету
Бағдарлама жобасы
Ауыл шаруашылық басқармасы, ҚАЗАШҒИ, аудан әкімдері
IV тоқсан 2002 ж.
50.
Облыс кәсіпорындарындағы ауыл шаруашылық техникаларына арналған түйіндер мен агрегаттарды жөндеу және қосалқы бөлшектерді өндіру мен жаңарту бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асыру
Бағдарлама жобасы
Өнеркәсіп және сауда басқармасы, Ауыл шаруашылық басқармасы, аудан әкімдері
IV тоқсан 2002 ж.
7. ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІН НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС
51
Ақмола облысының 2003-2004 жылдарға арналған құқық бұзушылықтан сақтандыру және қылмыспен күрес бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асыру
Бағдарлама жобасы
ҰҚК, ІІБ, аудан әкімдері
IV тоқсан 2002 ж.