Об утверждении комплексной программы развития туризма в Акмолинской области на 2002-2005 годы Күшін жойған
Басқа 0
2002 - 2005 жылдарға арналған Ақмола облысындағы туризімді дамытудың кешенді бағдарламасын бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 23.02.2004 № 3С-4-5 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 6 - бабындағы 1 - тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2002-2005 жылдарға арналған Ақмола облысындағы туризмді дамытудың кешенді бағдарламасы және оны іске асыру шараларының жоспары бекітілсін (қоса берілді).
Тармақ 2
2. Шешімнің іске асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың жастар ісі, тұрғындардың денсаулығын сақтау, білім, мәдениет, туризм, спорт, және ұлтаралық қатынастар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Ақмола облыстық әділет Басқармасында тіркеуден өткеннен кейін шешім өз күшіне енеді.
Басқа 4
Облыстық мәслихаты 16 сессиясының
шешімімен бекітілген
2002 ж. 12.04 № С-16-7
2002-2005 жылдарға арналған Ақмола облысында туризмді дамытудың
кешенді бағдарламасын іске асыру шараларының
жоспары
№
п/п
Шаралар
мерзімі
аяқтау түрі
қаржы шығындары
орындаушылар
1. Ақмола облысының тартымды туристік беделін қалыптастыру
1
Ақмола облысының туристік әлеуетін зерттеу және туристік бағыттарды өңдеу бойынша кешенді экспедиция өткізу.
2002ж.
тамыз
Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне ақпарат.
Бюджетте қарастырылған қаражат мөлшерінде (0,5)
Облыстық туризм және спорт басқармасы (ОТСБ) Облыстық ақпарат және коғамдық келісім басқармасы.
2
Туристік бағыттардың тізілімін жасап, оларды шетелдік туристерге ұсынуға болатындығына талдау жасап, сапасын арттыру шараларын қолдану.
2002ж.
қараша
Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне, облыстық туризм және спорт басқармасына ақпарат (ОТСБ).
бюджетте
қарастырылған қаражат мөлшерінде (0,1), тур фирмалар қаражаты арқылы (0,1)
Облыстық туризм және спорт басқармасы, аудан әкімдері және Көкшетау қ., Степногорск к. туристік фирмалары.
3
Облыста тақырыптық семинарлар, туристік жәрмеңкелер және көрмелер ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу.
желтоқсан, жыл сайын
Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне, облыстық туризм және спорт басқармасына ақпарат.
бюджетте
қарастырылған қаражат мөлшерінде (2,5-жыл сайын)
Облыстық туризм және спорт басқармасы, облыстық экономика басқармасы, туристік фирмалар.
4
Ақмола облысында біріккен экспозиция жасау, жылда кем дегенде бір рет БТҰ өткізетін халықаралық туристік жәрмеңке көрмелерге қатысу.
желтоқсан, жыл сайын
Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне, ОТСБ ақпарат.
бюджетте
қарастырылған қаражат мөлшерінде (1-жылда), турфирмалар қаражаты арқылы (1-жыл сайын)
Облыстық туризм және спорт басқармасы, туристік фирмалар.
5
Шетелдердегі қазақ диаспораларымен мәдени қарым-қатынас байланысын жолға қою, шетелдердегі қазақ диаспоралары орталықтарымен ынтымақтастық келісім-шартқа қол қою.
желтоқсан, жыл сайын
Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне, ОТСБ ақпарат,
бюджетте қарастырылған қаражат мөлшерінде (0,5-жыл сайын), турфирмалар қаражаты арқылы (0,5- жыл сайын)
Облыстық туризм және спорт басқармасы, облыстық мәдениет басқармасы, туристік фирмалар.
6
Қазақстан Республикасының басқа облыстарының туристік фирмаларымен және шет елдердегі туристік фирмалармен ынтымақтастық келісім-шартына қол қою.
желтоқсан, жыл сайын
Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне, және ОТСБ ақпарат,
-
Облыстық туризм және спорт басқармасы, облыстық мәдениет басқармасы, туристік фирмалар
7
Ақмола облысы жайлы жарнама-ақпарат материалдарын шығару (жол көрсетушілер, жылдағы орыс және ағылшын тілінде өтетін, халықаралық мәдениет, спорттық шаралар, бизнес-форумдер, конференциялар, көрмелер туралы ақпараттар кіргізілген дайджестер және т.б.), соның ішінде ИНТЕРНЕТ жүйесіне енгізу.
2002ж. ақпан айынан бастап жыл сайын
Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне, облыстық туризм және спорт басқармасына ақпарат,
бюджетте қарастырылған, қаражат мөлшерінде (0,5-жыл сайын)
Облыстық туризм және спорт басқармасы, облыс мәдениет басқармасы, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, туристік фирмалар.
8
Қазақстан Республикасы және шетел бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Ақмола облысы туралы жарнама - ақпараттық материалдар тарату.
желтоқсан, жыл сайын
Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне, облыстық туризм және спорт басқармасына ақпарат
бюджетте қарастырылған, қаражат мөлшерінде (0,5-жыл сайын)
Облыстық туризм және спорт басқармасы, аудан әкімдері және Көкшетау, Степногорск қалалары, туристік фирмалар
9
Әрдайым туризм экономиканың басымды секторы болып табылатындығын насихаттау.
желтоқсан, жыл сайын
Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне, облыстық туризм және спорт басқармасына ақпарат
Бюджетте қарастырылған қаражат мөлшерінде (0,5-жыл сайын)
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы.
10
Орысша, қазақша латын транкрипциясымен жазылған мәтінді билборд ақпаратты таблоларын туристер көп болатын жерлерде орнату.
2002ж. мамыр айынан бастап жыл сайын
Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне, облыстық туризм және спорт басқармасына ақпарат,
Бюджетте қарастырылған қаражат мөлшерінде (0,1 - жыл сайын), шаруашылықтар, субъектілер қаражаты (0.9 жыл сайын)
Обл. сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылықтары басқармасы, аудан және Көкшетау, Степногорск қалалары әкімдері.
2. Келу және ішкі туризімнің дамуы
1
Облысаралық туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту (жоспарлар, туристер алмасу, туризм саласында біріккен іс-шаралар өткізу).
желтоқсан, жылсайын
Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне, облысытық туризм және спорт басқармасына ақпарат.
бюджетте
қарастырылған қаражат мөлшерінде (0,1 - жыл сайын), турфирмалар қаражаты арқылы (0,2- жыл сайын)
Облыстық туризм және спорт басқармасы, турфирмалар
2
Облыстық 2002-2005 жылдарға арналған туризмді дамытудың кешенді бағдарламасын жүзеге асыру барысында әлеуметтік туризімді, сонымен қатар өлкетану, спорттық, емдеу - сауықтыру, мәдени-тану, экологиялық, жастар және балалар мен жасөспірімдер туризмін, жанұялық саяхатты, егде жастағылар және
мүгедектер туризмін, мамандандырылған туризм түрлерін (экотуризм, этнотуризм, орнитология, флористика, шетел тураңшылығы, балық аулау және т.б.) дамыту шараларын ескере отырып қалалық және аудандық бағдарламалар мен шаралар жоспарын әзірлеу.
2002ж.
31 мамыр
Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне, облыстық туризм және спорт басқармасына бағдарламалар және шаралар жоспар.
Бюджетте қарастырылған қаражат мөлшерінде (0,1)
Көкшетау, Степногорск қалаларының және аудандардың әкімдері, облыстық туризм және спорт басқармасы, турфирмалар, Ақмола аймақтық табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау басқармасы, «Бурабай», «Көкшетау» парктері
Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, «Қорғалжын» мемлекеттік қорық әкімшілігі.
3
Облыстық туризм федерациясын, маршруттық-квалификациялау комиссиясын құру (МКК).
2002ж.
мамыр
Облспортуризм федерациясының Жарғысы, МКК қаулысы туралы Ақмола облыс әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне ақпарат.
Бюджетте қарастырылған қаражат мөлшерінде ( 0,5 жыл сайын)
Облыстық туризм және спорт басқармасы.
4
Бұрын қысқартылған облыстық, қалалық және аудандық балалар-жасөспірімдер туризм станцияларын, орта білім беретін оқу орындарындағы туристік үйірмелерді қалпына келтіру.
2002ж.
қаңтар
Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі бөліміне, облыстық туризм және спорт басқармасына ақпарат.
бюджетте қарастырылған қаражат мөлшерінде (0,5-жыл сайын)
Облыстық білім басқармасы, қалаларының және аудандар әкімдері.
5
Спорттық туризмді кеңінен насихаттау мақсатында аудандық және облыстық жарыстар еткізу.
жылына 1 рет
Облыстық туризм және спорт басқармасына жарыс өткізу туралы есептер беру - Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне ақпарат.
бюджетте
қарастырылған, қаражат мөлшерінде (0,5 жыл сайын)
Облыстық туризм және спорт басқармасы, Көкшетау, Степногорск қалаларының және аудандардың әкімдері.
6
Бастауыш туристік (БТД) және ортаща туристік дайындық (ОТД) семинарларын өткізу.
қазан
айында,
жылсайын
Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне, облыстық туризм және спорт басқармасына ақпарат.
бюджетте
қарастырылған қаражат мөлшерінде (0,3-жыл сайын)
Облыстық туризм және спорт басқармасы
7
Көкшетау, Степногорск қалалары мен аудаң әкімдерінің аппараттарындағы туризм басқармасының туризм бөлімдерін немесе басқа аумақтық бөлімшелерінің құрылымдарын құру.
2002ж.
қаңтар
Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне, облыстық туризм және спорт басқармасына ақпарат.
бюджетте
қарастырылған қаражат мөлшерінде (10-жыл сайын)
Көкшетау, Степногорск қалаларының және аудандардың әкімдері
8
Көкшетау қаласының және облыс мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдерімен мектеп туризімінің нұсқаушылар курстарын өткізу.
желтоқсан
жылсайын
Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне, облыстық туризм және спорт басқармасы ақпарат.
бюджетте
қарастырылған қаражат мөлшерінде (0,1-жыл сайын)
Облыстық білім басқармасы, Көкшетау қаласы әкімінің жанындағы туризм және спорт бөлімі
9
Бұқаралық ақпарат құралдарында спорттық туризм мәселелері туралы жеке бағдарлама, рубрикалар ұйымдастыру.
желтоқсан
айында,
жылсайын
Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне, облыстық туризм және спорт басқармасына ақпарат.
бюджетте
қарастырылған, қаражат мөлшерінде (0,05-жыл сайын)
Облыстық туризм және спорт басқармасына ақпарат және қоғамдық келісім обл. бас.
10
Аулалық клубтар, мектептер, мекемелер базасында туристік клубтар ашу.
желтоқсан
айында,
жылсайын
Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне, облыстық туризм және спорт басқармасына ақпарат.
бюджетте
қарастырылған қаражат мөлшерінде (0,5-жил сайын), шаруашылық субъектілері .арқылы (1,5-жыл сайын)
Турспорт басқармасы, Көкшетау, Степногорск қалаларының және аудандардың әкімдері
11
Спорттық-туризмнің материалдық-техникалық базасын нығайтуға туристік жабдықтарды сатып алуға қаржы бөлуді қамтамасыз ету.
желтоқсан
айында,
жылсайын
Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне, облыстық туризм және спорт басқармасына ақпарат.
Бюджетте қарастырылған қаражат мөлшерінде (0,5-жыл сайын)
Турспорт басқармасы, Көкшетау, Степногорск қалаларының және аудандардың әкімдері
12
Мүдделі мекемелерге ұсынатын облыс бойынша сипаты мен ұзақтығы бойынша әр түрлі көрініс экскурсияларын әзірлеу.
2002 ж;
тамыз
айында
Облыстық туризм және спорт басқармасына бағдарламалар, карта - схемалар және экскурсиялық материалдар.
бюджетте қарастырылған қаражат мөлшерінде (0,1), турфирмалар қаражары арқылы (0,1)
Туризм және спорт басқармасы, Көкшетау, Степногорск қаларының және аудандардың әкімдері
13
Бурабай, Зеренді, Шалқар, Сандықтау, Қорғалжын, Ерейментау, Аккөл, Бұланды жол бағыттары бойынша демалыс маршруттарын әзірлеу.
2002ж.
тамыз
айында
Облыстық туризм және спорт басқармасына бағдарламалар, карта - схемалар және экскурсиялық материалдар, маршруттар паспорты
бюджетте
қарастырылған қаражат мөлшерінде (0,1), турфирмалар қаражары арқылы (0,1)
Туризм және спорт басқармасы, Көкшетау, Степногорск қалаларының және аудандардың әкімдері
3.Облыстық туризм инфрақұрылымының дамуы
1
Облыс туризм инфрақұрылымының мәлімет базасын даярлау.
желтоқсан
2002ж.
Акмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне, облыстық туризм және спорт басқармасына ақпарат.
бюджетте
қарастырылған қаражат мөлшерінде (0,5)
Облыстық туризм және спорт басқармасы, аумақтық мемлекеттік мүлік жэне жекешелендіру комитеті, Көкшетау, Степногорск к. және аудандардың әкімдері
2
Туризм инфрақұрылымының бар объектілерін жақсарту бойынша және жаңа құрылыс жөніндегі сұрақтарын талқылау:
1)жол бойындағы кемпинг, мотелдер жүйесін дамыту;
2)Облыс аймағындағы туристік базалар, демалу аймақтары, лагерлердің құрылыстарын карта жүргізу және жаңадан салу.
2002-2005Ж.
Акмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне, облыстық туризм және спорт басқармасына ақпарат.
бюджетте
қарастырылған қаражат мөлшерінде (3), турфирмалар қаржылары және шаруашылык субъектілері аркылы (5)
Көкшетау, Степногорск к. және аудандардың әкімдері
3
Авто көлікті жалға беру пунктерін ұйымдастыру.
2003ж.
Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне, облыстық туризм және спорт басқармасына ақпарат.
турфирмалар қаражаты және шаруаш. субъектілері арқылы (25)
Облыстық өнеркәсіп және сауда басқармасы
4
Бурабай п. және Көкшетау, Щучье қалаларының орталықтарында стационарлық экскурссиялық-анықтама бюросын ұйымдастыру.
2004ж.
Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне, облыстық туризм және спорт басқармасына ақпарат.
бюджетте
қарастырылған қаражат арқылы (0,5)
Облыстық туризм және спорт басқармасы
5
Туристік кадрлардың біліктілігін жоғарлату дайындығына көмек көрсетілу.
2002-2005ж.
Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне, облыстық туризм және спорт басқармасына ақпарат.
бюджетте қарастырылған қаражат арқылы (0,25)
Облыстық білім басқармасы, ЖОО, облыстық туризм және спорт басқармасы
6
Облыста туристік сала мониторингін өткізу
2002-2005ж.
Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне, облыстық туризм және спорт басқарма ақпарат.
бюджетте қарастырылған қаражат арқылы (0,1)
Туризм және спорт басқармасы, Көкшетау, Степногорск к. және аудандардың әкімдері
7
Туристік фирмалармен, компаниялардың облыстық гильдиясын құру.
2002ж.
Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне, облыстык туризм және спорт басқармасына ақпарат
турфирмалар қаражаты арқылы (0,3)
Турфирмалар
8
Санаторлық-курорттық объектілер бойынша және ресімделмеген туристік ағымдардың («жабайы» туризм) статистикасын қоса, туризм бойынша кажетті статистикалық мәліметтер жинақтауды қамтамасыз ету.
тоқсан
сайын,
жылсайын.
Облыс әкіміне, облыстық туризм және спорт басқармасына әр токсандық және әр жылдық бюллетені
бюджетге
қарастырылған қаражат арқылы (0,1)
Облыстық статистика басқармасы
4. Туризм дамуының әлеуметтік және құқықтық шарты
1
Туристік кызмет көрсету экспортын жүзеге асыруға, ішкі туризмді дамытуға, жарнама материалдарын, экологиялық таза өнім және сувенир өндіруге бағытталған шағын бизнес субъектілеріне несие берілуін қамтамасыз ету
2002 ж.
қаңтар
Акмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөліміне, облыстық туризм және спорт басқармасына ақпарат
бюджеттен тыс қаражаттар арқылы
Облыстық экономика басқармасы, Көкшетау, Степногорск к. және аудандардың әкімдері
2
Акмола облысына келген туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
қаңтар,
жылда
Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар боліміне, облыстық туризм және спорт басқармасына акпарат
бюджетте
қарастырылған каражат арқылы
облыстық туризм және спорт басқармасы, облыстық НБ
Басқа 5. Мазмұны:
Облыстық мәслихат
16 сессиясының шешімімен бекітілген
2002ж 12.04 № С-16-7
2002 - 2005 жылдарға арналған Ақмола
облысындағы туризмді дамытудың кешенді
бағдарламасы
Көкшетау қаласы - 2002 жыл
Мазмұны:
бет
Паспорт..................................................................................................................................3
Кіріспе....................................................................................................................................4
1. Туризмнің қазіргі кезеңдегі жаи-күиі..............................................................................4
2. Ақмола облысындағы туризмді дамытудың стратегиясы.............................................7
1) Акмола облысының көріктендіру туристік беделін қалыптастыру..............................8
2) Ішкі және сыртқа шығу туризмінің дамуы.....................................................................8
3) Облыстык туристік инфрақұрылымның дамуы............................................................10
4) Туризмді дамыту үшін экономикалық және құқықтық жағдайлар жасау...................10
3. Бағдарламаны ресурспен қамтамасыз ету......................................................................11
4. Күтілетін нәтижеге баға беру...........................................................................................11
5. Бағдарламамен басқаруды ұйымдастыру және оның
жүзеге асырылу барысын бақылау......................................................................................11
Паспорт
Бағдарламаның толық атауы
2002-2005 жылдарға арналған Ақмола облысындағы туризмді дамытудың кешенді бағдарламасы
Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме
1.2000 жылғы 7 наурыздағы «2000-2002 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-әрекет Бағдарламасы» Шаралар жоспарын іске асыруы туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
2.2000 жылғы 26 қазандағы № 1604 «Қазақстанның туристік беделін қалыптастыру жөніндегі 2000-2003 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
3.2000 жылы 29 желтоқсандағы №1947 «Туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
4.2001 жылғы 6 наурыздағы № 333 «Қазақстан Республикасындағы туризмді дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
5.1998 жылғы 27 ақпандағы №3859 Жібек Жолының тарихи орталықтарын кайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.
6.1997 жылы 6 наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытудыц белсенділігі Мен мсмлекеттік қолдауды күшейтудің косымша шаралары туршіы» Қазақстан Республикасы Прсзидентінің Жарлығы.
7.1996 жылғы 14 маусымдағы №3036 «Кәсіпкерлік іскерлік еркіндігіне кепілдік беруін іске асыру шаралары туралы»
8.1998 жылғы 27 сәуірдегі №3928 «Азаматтық құқық және заңды түлғалардың кәсіпкерлік қызмет бостандығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.
9.2000 жылғы 12 қырқүйектегі № 568 «Ақмола облысындағы Щучье-Бурабай курорттық аймақтың дамыту Бағдарламасы туралы» Акмола облысы әкімінің шешімі.
10.2000 жылы 13 қыркүйектегі № С-4/1 «Щучье - Бурабай курорттық аймағының даму бағдарламасының бекіту туралы» Ақмола облысы мәслихатының 13.09.2000ж. № С-4/1 төртінші (кезектен тыс) сессиясының шешімі.
Бағдарламаның негізгі мақсаты
Ақмола облысында туристік саланың әрі қарай мақсатты дамуына қолайлы жағдай жасау.
Бағдарламаның негізгі мәселелері
1.Ақмола облысының туристік беделін қалыптастыру.
2.Ішкі және сыртқа шығу туризмін дамыту.
3.Облыстық туризм инфрақұрылымын дамыту.
4.Туризм дамуына экономикалық және құқықтық жағдай жасау.
Бағдарламаны ресурспен қамтамасыз ету
Максатты бағдарламалардың мемлекеттік қаржыландырудың шеңберіндегі республикалық, облыстық қаражат құралдары, инвестициялар, басқа да туристік кызмет субъектілерінің өз қаражаттары.
Бағдарламаны
дайындаған
Акмола облысының туризм және спорт басқармасы.
Бағдарламаны орындаушылар
Акмола облысының туризм және спорт басқармасы, баска да облыстық басқармалар мен ведомствалар.
Кіріспе
Ақмола облысының кешенді туризм бағдарламасы 2000 жылғы 26 қазандағы № 1604 «Қазақстанның туристік беделін қалыптастыру жөніндегі 2000-2003 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1947 «Туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары туралы», 2001 жылғы 6 наурызындағы № 333 «Қазақстан Республикасының туризмін дамыту тұжырымдамасы туралы» қаулыларын, 2000 жылғы 22 тамызда № 21 Қазақстан Республикасының Үкіметі отырысының «Қазақстан Республикасының туризмін дамыту шаралары туралы» хаттамалық шешімін, Ақмола облыстық Мәслихатының төртінші (кезектен тыс) сессиясының 2000 жылғы 13 қырқүйектегі № С4\1 «Щучье-Бурабай курорттық аймағының даму бағдарламасын бекіту туралы» шешімін іске асыру мақсатында және «Қазақстан 2030» стратегиясының басымдылық саласы ретінде белгіленген, Ақмола облыстық туристік өнеркәсібін әрі қарай дамыту үшін қолайлы ұйымдастыру-басқару, экономикалық және құқықтық орта құру мақсатында ұстанады.
Тарау 1. 1. Туризмнің қазіргі кезеңдегі жай-күйі
1. Туризмнің қазіргі кезеңдегі жай-күйі
Әлем туризмінің жай-күйіне мінездеме
Қазіргі туризм өнеркәсібі дүниежүзілік экономиканың ең жоғары кірісті және үдемелі дамитын салаларының бірі.
Дүниежүзілік Туристік Ұйым (ДТҰ) деректері бойынша, әлемнің 83 елінде экспорттық категориялық туризм бойынша бесінші орынға ие болды және әлемнің кемінде 38 елінде шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді.
Туризм әлемдік экономикада басты ролдің бірін атқарады.
Дүниежүзілік Туристік Ұйым (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. 1998 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүние жүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторында экспорттың 37 пайызын құрады және мұнай, мұнай өнімдері мен автомобиль өндірісінің кірісінен кейін үшінші орынға шықты. ДТҰ болжауы бойынша 2005 жылдары туризм кірісі мұнай және автомобиль экспортынан асып бірінші орынға шығады.
Соңғы жылдары қалыптасқан орташа өсу қарқыны сақталған жағдайда, 2005 жылға қарай шет елдік туристер саны 900 млн. адамға жетеді деп болжануда.
Туризмнің дамуы еліміздің әлеуметтік мәселелерін шешуде басты рөл атқарады. ДТҰ деректері бойынша көптеген елдерде туризм өндірісі жаңа жұмыс орындарын (әр турист 9 жұмыс орнымен қамтамасыз етеді) ашуға, халықтың әл ауқатын арттыруға, баланс төлеміне ықпал етеді. Туризм саласын дамыту қажеттігі, білім деңгейінің жоғарлауына, ақпарат таратудың жаңа түрлерін еңгізуге әсер етеді.
Ақмола облысында туризм
нарықының проблемалары және жағдайының сипаты
1999 жылы Ақмола облысында 4875 туристке қызмет көрсетілді. 2001 жылы осы көрсеткіштер 9681 адам кұрады, ал 2001 жылы - 10513 адам.
Диаграмма 1. 1999-2001 жылдары Ақмола облысында тур фирмалар
қызмет көрсеткен туристер саны
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт Агенттігінің мәліметі бойынша әр шетел азаматы республикада болған уақытта орта есеппенен 700 АҚШ доллар кіріс әкеледі. Ақмола облысында туризм рыногінің кызметінде 16 фирма жұмыс істейді. Оның 9-ы Көкшетау қаласында, Щучье қаласында 4, Степногорск, Атбасар, Ақкөл қалаларында бір-бір фирмадан бар. 2000 жылы тур фирмалардан түскен кіріс 8 млн. 366 мың теңге деңгейіне көтерілді. 1999 жылы осы көрсеткіш 5 млн.766 мың теңге құрады, 2001 жылы - 6 млн. 972 мың теңге кұрады (облыстық туризм және спорт басқармасының мәліметі бойынша)
Диаграмма 2. Ақмола облысының тур фирмалары ұсынатын
қызмет көлемі (мың теңге)
2001 жылы 1999 жылмен салыстырғанда облыс тур фирмаларынан мемлекет бюджетіне салықтар мен басқа да төлемдер 1,46 есе көп аударылды.
Диаграмма 3. Мемлекеттік бюджетке Ақмола облысының
турфирмаларынан түскен салықтар мен басқа да төлемдер
Туристік қызметтің лицензиялаудан туристік қызмет жасаушы субъектілерге қойылатын талаптардың қатаюы арқылы бюджетке салық төлемдерін аудару тез өсуіне әсер етті.
Сонымен катар, осы сектор жұмысының белсенділігі өсуі байқалады, бірақ фирмалардың негізгі кіріс туризмі мен ішкі туризм дамуының орнына, бастысы кіріс туризмі болды, өйткені кіріс туризмінің импорт қызметі басқа елдерден капитал түсуін іске асырады
Кіріс және ішкі туризм дамуына мән бермеу мына факторларменен түсіндіріледі:
Тармақ 1
1. Ақмола облысында өткен жылдары туризм дамуының кешенді бағдарламасының жоқтығы, ішкі және кіріс туризімін дамытуға жұмсалған күштің бытыраңқылығы.
Тармақ 2
2. Экономикалық кооперация мен басқару механизімін іске асыруға мән бермеу
Тармақ 3
3. Мемлекет жағынан накты қолдау болмағандықтан;
Тармақ 4
4. Қатал салық тәртібі;
Тармақ 5
5. Қаржы базасының жоқтығы;
Тармақ 6
6. Әлемдік іскерлік өмір орталықтарының алшақтығы;
Тармақ 7
7. Инфрақұрылымдардың нашар дамуы және туристік кызметтің халықаралық стандартқа сәйкес еместігі;
Тармақ 8
8. Туристік өнім жоғары бағасы мен сапасы төмендігі және т. б.;
Тарау 2. 2. Ақмола облысында туризмді дамыту стратегиясы
2. Ақмола облысында туризмді дамыту стратегиясы
Қазіргі уақытта экономикалық реформаны тереңдету қажеттігі экономиканы тұрақтандыруды бірінші кезекке шығарды, Щучье-Бурабай мемлекеттік табиғи паркінде және рекреациялық аймақтарда сауықтыру кызметі дамытып Қазақстан Республикасының жақсы қаржылық - экономикалық дамуына жағдай калыптастыру, әлемдік демалыс индустриясының деңгейіне жеткізу.
Осыған байланысты Бағдарламаның ең маңызды стратегиялық мақсаты құралады, Ақмола облысындағы бәсекелестікке жарамды туристік рекрияциялық сала қалыптастыруды көздейді, экономиканың дамуының тұрақты бір жағы болып, тұтынушылардың көңілінен шығу (жергілікті және шетелдер) туристік рекрияциялық қызмет көрсету және аймақтың әлеуметтік экономикалық дамыту. Ақмола облысының кіріс және ішкі туризмін дамыту облыс бюджетіне қосымша қаржы ағынын қамтамасыздандырады, тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, туристік бизнес экономиканың көптеген салаларының дамуына эсер етеді.
Ақмола облысында туризмді дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары:
Тармақ 1
1. Ақмола облысында көрікті туристік бейнесін жасау
Тармақ 2
2. Кіріс және ішкі туризмінің дамуы.
Тармақ 3
3. Туристік инфрақұрылым дамуы.
Тармақ 4
4. Туризм дамуының экономиканың және құқықтық жағдайын жасау
Тармақ 1. 1) Ақмола облысының көрікті туристік беделін жасау.
1) Ақмола облысының көрікті туристік беделін жасау.
Біздің еліміз әдет–ғұрпымен және қонақ жайлылығымен таныс. Кіріс туризмі экономика нарықының жағдайына ықпал жасайды. Осы бағытта жылда Астана қаласында шетел теле операторлар қатысуымен туристік көрмелер өткізу және ДТҰ бағытында әр облыстардың біріккен экспозицияларын құру (туристік фирмалар стенді, осының барлығы туристік қызмет туралы жарнама басылымдар және шет елдерде жоғарғы сапалы жарнама полиграфиялық материалдар, жол бағыттары және конференция, көрмелер, мәдени-спорттық шаралар). Интернет жүйесінде облыс туризм WЕВ сайтын жасау, жоғарғы сапалы туристік өнім дайындау Шетелдік тур фирмалармен қала тур фирмалары арасында тығыз қарым-қатынас орнату, шетел журналистерімен жұмыс жасау.
Ақмола облысының туристік көрікті беделін қалыптастыру үшін визалық және кедендік процедураларды жеңілдету қажет, осы мәселелер шетел туристері келуіне көп кедергі жасайды.
Туристер болатын жерлерде орыс, қазақ тілдерінде латын транскрипциясымен жазылған ақпаратты тақталар орнату керек.
Тармақ 2. 2) Кіріс және ішкі туризм дамуы.
2) Кіріс және ішкі туризм дамуы.
Тармақша 1
1) Кіріс туризм дамуы
Қазақстанның экономиканы инвестициялау саласындағы алыс және жақын шет елдердің өкілдерімен ашық саясаты қатынас орнатуға ықпал етеді.
Көкшетау және (АҚШ) Уокешо қалалары арасындағы қарым-қатынас әрі қарай дамып келеді. Өткен жылдар тәжірибесі шет елдердің біздің елмен мәдени және іскерлік қарым-қатынас жасауға қызығушылық танытып отырғандығын көрсетті. Осының барлығы туризм дамуына жол ашады, сыртқы туризмге қарағанда ішкі туризм көп кіріс әкеледі. Іскерлік туризм әр мемлекеттер қатысуымен көпсалалы тематикалық көрмелер, ғылыми-техникалы конференциялар, бизнес форумдер өткізуін болжайды.
Соңғы уақытта белсенді демалыс бос уақыт өткізу туризімін артқа шегіндірді, өйткені мәдени, спорттық және ойын-сауық, таным белсенділігін жоғарлататын туризм көңілден шығады, сондықтан туризм қызықты және пайдалы болу керек. Шетел туристерінің қызығатыны мәдениет, салт-дәстүр, тұрмыс және әдет-ғүрып, жаңа туристік бағыттар жасағанда осы мәселелерді қозғағаны дұрыс. Қазақстан көп ұлттық құрылымына негізделген, танымдық маңызы бар, әртүрлі фольклорлық этнографиялық іс-шаралар ұйымдастырған өте тартымды болады:
1. фольклорлық фестивальдер;
2. шетел театр катысуымен ұлттық театрлар аптасын өткізу;
3. халық шеберлерінің және өнерпаздарының көрме-жәрмеңкелері;
4. халықаралық шығармашылық конкурстар т.б.
Мамандандырылған туризм бір экотуризм болуы мүмкін, экологиялық аудандарға қарасты туристің «деревняда» демалуы қызықтырады, әсіресе біздің жерлерде «көшпенділер» тұрмысы қызықты болады Туризмнің осы түрі, туристер тобын демалыс уақытын қаладан алшақ жерде өткізу қызықтырады. Альтернативті туризм (орнитологиялық, флористикалы және т.б.) Ақмола облысында туризмнің негізі мемлекеттік қолдауды қажет етеді.
Альтернативтік туризмнің жалпы сипаттамасы: Неғұрлым азайтылған кызмет, баға төмендігі, сондықтан туризмнің осы түрі туристерге қолайлы. Ақмола облысының географиялық орналасқан орны «Бурабай», «Зеренді», «Қорғалжын» табиғи жерлері туризмнің әр түрлі саласымен айналысуға мүмкіндік береді, олар аңшылық (шығыс туристер көңілінен шығатын) балық аулау, су - спорты туризмі
Тармақша 2
2) Ішкі туризм дамуы
Халықтың тұрмысы, ішкі туризмнің белсенді дамуына ықпал етеді, туризмнің осы саласының дамуына жағдай жасалынған. Соңғы жылдары Ақмола облысында экономикалық және саяси өзгерістер болды, туризм сферасы элитарлы туризмнен бұқаралық арзан түріне кайта бағдарланды. Сонымен қатар, оз туристерімізге көрсететін қызмет стандартын жақсарды, өйткені эксперт болжаулары бойынша болашақ туризмнің 60-70 пайызын жеткілікті тұтынушылар құрайды, оның 60-70 пайызы шетелдерден келген туристер.
Жаңа Астана қаласының рекрияциялық объектілеріне жақын орналасқан Щучье-Бурабай, Зеренді, Ерейментау, Қорғалжын, Ақкөл, Бұланды, Сандықтау, Атбасар және Көкшетау қаласына деген қызығушылық жылдан жылға өсіп келе жатыр, сондықтан Астана қаласын ішкі туризм дамуының орталығына айналдыру қажет. Мәдени объектілеріне және тәулік бойы көңіл көтеру индустриясының дамуына назар аударуымыз керек.
Іскерлік және мәдени-танымдық жол жүру сапарлары санының көбеюі, экскурсиялық қызмет жүйесін дамытуды талап етеді, туристерге әр түрлі бағытты, әр түрлі мерзімді саяхаттар ұсынылуы керек. Осы жұмысқа тәжірибелі жергілікті өлкетанушыларды, экскурсаводттарды тарту керек.
Жергілікті оқу орындарында мамандандырылған сапалы экскурсовод гидтер дайындалуына жағдай жасалуы қажет, жастарға өлкетану арқылы экологиялық және патриоттық тәрбие беріледі. Арзан тамақ және қолайлы көлік мәселесін шешу керек.
Демалыс күндері табиғатқа жақын орналасқан тұрғындар өз ұжымдарымен және қонақтарымен демалуға орманға шығады. Ақмола облысының тұрғындарын, Ақмола спорт базаларында спорттық туризммен айналысуға үгіттеу, балалардың спорттық - біліктілік туризмін дамыту, сонымен қатар әлеуметтік туризм дамуына әр түрлі жеңілдік, ақшалай өтемақы төленуіне жағдай жасау.
Сыртқа шығу туризмінің орнына ішкі туризммен айналысу аумақтың қаржылары өзінде қалуына ықпал етеді, осының барлығы дамып кележатқан экономикаға үлкен әсер етеді.
Тармақ 3. 3) Облыстың туристік инфрақұрылымды дамыту
3) Облыстың туристік инфрақұрылымды дамыту
Облыс инфрақұрылымын дамыту үшін туристер ағынын тұрақты қамтамасыз ететін төмендегі қаржы жұмсауларын қажет ететін біріңғай жоспар құру керек:
Тармақша 1
1) Ақмола облысының курорттық қалалары мен облыс орталығында болашақта туризмді дамытуды ескере отырып жайлыландыруға;
Тармақша 2
2) қонақ жай базасын дамыту;
Тармақша 3
3) тамақтану мекемелерін дамыту (дәмхана, кафе, асхана, т.б.) туристерге кызмет көрсетіп тамақтандыратын ерікті қоғам аккредитациясын енгізу, қорытындыларын баспасөзде жариялау тамақтандыру мекемелеріне жақсы жарнама болады, облыс тур фирмаларының жоғарғы сапалы кызметінің кепілдігі;
Тармақша 4
4) көлік-жол инфрақұрылымының дамуы (қазіргі заманғы автомагистральдер жүйесі жол бойы әр түрлі қызметтерімен: техқызмет көрсету, жанармай құю станциялары, көлік жуу т.б.). Облыстағы туристердің көлік мәселесін қамтамасыз ету мақсатында, көлікті жалға алу пункті жүйесінің дамыту қажетті, осыған орай облыста көлікті жалға алу мәселелерін шешу.
Тармақша 5
5) Көңіл көтеру индустриясының дамуы (театрлар, кинотеатрлар, мұражайлар, аквапарк, зоопарк, цирк, диско-клубтар, гольф-клубтар, боулинг-орталықтары, бильярд казино, варьете, әр түрлі спорт ғимараттары және т.о.Ү
Тармақша 6
6) Мамандандырылған гид қызметін дамыту (гид - аудармашылар, экскурсиялық бюролар және т.б.) қалалық анықтама бюросын ұйымдастыру. Ақмола облысындағы туризм саласының жылда өтетін мониторингін өткізу, барлық туризм түрлерінен статистикалық есеп беруді жетілдіру (туристердің келуі (қайдан және қанша), келу мерзімі, келген мақсаты және т.б) туризм саласының қалпын және өзгерістерін анықтау мақсатында әр кезде нақты қолданатын кешенді шаралар.
Туризм инфрақұрылымын жақсарту туризм қызметі жүйесінің негізгі компоненттері бойынша келешекте сыртқы және ішкі туризмнің өсу санын болжауға мүмкіндік береді.
Тармақ 4. 4) Туризмді дамыту үшін экономикалық және
құқықтық жағдайлар жасау
4) Туризмді дамыту үшін экономикалық және
құқықтық жағдайлар жасау
Ақмола облысындағы туризмнің әрі қарай дамуы үшін шағын бизнесті қолдау Бағдарламасы бойынша туризмнің басымдылық бағытындағы тізіміне енгізіп жеңіл кредит берілуіне ұсыну. Сонымен катар, басымдылық ретінде мына бағыттарды ескерген жөн: ішкі және келетін туризмді дамытуды, туризм инфрақұрылымының дамуын.
Туризм саласының дамытылуына өзіміздің және шетелдік инвестицияларды тартып, инвестор жеңілдігіне қарастырылған инвестициялық климатты жақсарту.
Туризм саласын дамыту үшін заманға сай құқықтық реттеу өте маңызды. 1999 жылы 19 мамырда өткен Қазақстан туристер одағының конференциясында айтылғандай туризм саласының құқықтық базасы ескіріп, дамуын тоқтатып, еліміздің экономикасына кедергі болды. Облыстағы туристік фирмалар және компаниялар гильдиясының құрылуы, казіргі жағдайдың өзгеруіне ықпал етеді, Қазақстан Республикасы заңдарының жобасына ұсыныстар енгізуін талап етеді. Сонымен катар, туризм дамуының, іскерлікті қорғауға бағытталған заңдардың және нормативтік актілер қолдануын іске асыруына әрдайым бақылау жасау.
Тарау 3. З. Бағдарламаны ресурспен қамтамасыз ету
З. Бағдарламаны ресурспен қамтамасыз ету
Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде қолданылатын негізгі ресурстар - қаржы, материалдық-техникалық және еңбек ресурстары. Қаржыландыру көздері ретінде Республикалық бюджет қаражаттары; мемлекеттік бағдарламалар қаржылау мақсатындағы облыс бюджетінің қаражаты, инвестициялар, екінші денгейдегі банктердің қаржысы кызмет ете алады; сонымен қатар, халықаралық ұйымдардан алынатын гранттар, туристік фирмалардан түсетін қаражаттар және т.б.
Қаражат ресурстерінің кажеттілігі жылда бағдарлама шараларын іске асыру барысын ескере отырып белгіленеді. Белгіленген өзгерістер жылсайын құрастырылатын қаражат өтінімінде бейнеленеді.
Ал негізінде, 2002-2005 жылдарға арналған Ақмола облысында туризмді дамытудың кешенді бағдарламасын іске асыру шараларының жоспарының тармақтары бойынша туризм шараларын өткізу үшін 2002 жылы - 7,3 млн. теңге, 2003 - 8,5 млн., 2004 - 9 млн., 2005 жылы - 11 млн. теңге қаражат қажет.
Бағдарламаны орындаушылармен орындасушылар, егер мемлекеттік орган болып табылмаса, байқау негізінде тартылады.
Тарау 4. 4. Күтілген тиімділік бағасы
4. Күтілген тиімділік бағасы
Туризм саласындағы жұмыс орны көбеюі, заманға сай туризм инфрақұрылымының дамуына қолайлы жағдай тудыру, туризм шараларының әрі қарай дамытылуы, туристік бизнес субъектілері санының өсуі, олардың жұмыстары кіріс және ішкі туризм дамуына жағдай жасайды.
Бағдарламаның әлеуметтік негізінің іске асырылуы облыс тұрғындарына және демалуға келген қонақтарға жағдай жасау. Бағдарламаның қайта ұйымдастырылуының қорытындысында облысқа келетін туристер және денсаулығын жақсартушылар саны 2005 жылдарда 120-150 мың адамға көбейеді.
Тарау 5. 5. Бағдарламамен басқаруды ұйымдастыру және іске асырылуына бақылау жасау
5. Бағдарламамен басқаруды ұйымдастыру және іске асырылуына бақылау жасау
Бағдарламамен басқару ағысын бақылау облыстың Ақмола облысының туризм және спорт басқармасы іске асырады. Бағдарламаның жақсы нәтижелі іске асырылуы үшін бюджетінде «Туризм және рекреация» деген бөлек бапты жазу керек. Бюджеттік өтініште бағдарлама шараларына деген ақшалар көлемі қарастырылады. Бюджеттік өтініште қосымша түсініктеме хат қосылуы керек және жаңадан құрылған бизнес-жоспар шаралары, кезекті келесі қаржы жылға ұсынылып іске асырылады.
Бағдарламаның барлық кезенерінде іске асырылуын бақылау жарты жылда бір рет мына көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:
Тармақ 1
1. Бағдарлама бойынша Ақмола облысының туристік келбетін көтеруге өткізілген шаралар саны;
Тармақ 2
2. Бағдарлама бойынша қаржы жұмсау және т.б.