О плане мероприятий реабилитации инвалидов на 2002-2005 г. г. Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған жоспары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы әкімдігінің 24.12.2006 № 07-4/670 хаты.
Мүгедектерді жоғалтқан қарекетінің орнын толтыру, тұрмыстық, қоғамдық, кәсіби қызметіне қабілетін қалпына келтіру және мүгедектердің қоғамға мейілінше толығырақ кірігуіне септесу мақсатында "Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 қаулысын орындау үшін облыс әкімияты ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының мүгедектерін оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақтөбе қаласы, аудандардың әкімдері осы қаулының орындалу барысы туралы облыс әкімінің аппаратын жыл сайын 10 каңтарда және 10 шілдеде хабардар етіп отырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Қ. Есіркеповке жүктелсін.
Басқа 4
Облыс әкімиятының 2002 жылғы
03.05. № 56 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Ақтөбе облысының мүгедектерін оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Р/с
№
Іс-шаралар
Жауапты орындаушылар
Орындау
мерзімі
Аяқтау нысаны
1
2
3
4
5
1.
Мүгедектерді жеке оңалту Бағдарламасына сәйкес орта арнаулы және жоғары білім алу үшін мүгедектердің кэсіби бағдарлануын қамтамасыз ету
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, облыстық , қаржы басқармасы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті (келісім бойынша)
тұрақты
Облыс Әкімінің аппаратына жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шілдеге ақпарат
2.
Мүгедектерді техникалық құралдармен әртүрлі модификациядағы кресло-қораптармен қамтамасыз ету
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы
тұрақты
Облыс Әкімінің аппаратына жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шілдеге ақпарат
3.
Тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға мүгедектер кіре алатындай жағдай жасау үшін, кіру жолдары мен пандустар жасауды мүгедектер қораптары жүре алатын құрылғылар әзірлеуді қамтамасыз ету
Облыстың Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдері, меншік нысандарына қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары
тұрақты
Облыс Әкімінің аппаратына жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шілдеге ақпарат
4.
Республикалық санаторияларда және Ақтөбе қаласының жергілікті профилакторияларында мүгедектердің санаториялық-курорттық сауықтырылуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы облыстық денсаулық сақтау басқармасы
тұрақты
Облыстың Ақтөбе қаласы және аудандары әкімдерінің шешімдері
5.
Ақтөбе қаласында балаларға арналған психоневрологиялық 100 орындық интернат-үйін ұйымдастыру
Ақтөбе қаласының әкімі,облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, облыстық каржы басқармасы
2005 жылдың
4 тоқсаны
Ақтөбе қаласы әкімінің шешімі
6.
Мүгедектерге қызмет көрсететін мекемелер орналасқан жерлерде, синхронды дыбыс сигналы бар бағдаршамдар, жол белгілері мен корсеткіштер жасап, орнату
Ақтөбе каласының әкімі
2003 жылдың
3 тоқсаны
Облыс Әкімінің аппаратына жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шілдеге ақпарат
7.
Ақтөбе қаласында дыбысты құрылғылары бар жаяу адамдар жүретін жол салу
Ақтөбе қаласының әкімі
2003 жылдың
3 тоқсаны
Облыс Әкімінің аппаратына жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шілдеге ақпарат
8.
Жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту, кадрларды кәсіби даярлау мен қайта даярлау, жыл сайын мүгедектерді қорғау жөніндегі әлеуметтік шараларды анықтау арқылы қосымша жүмыс орындарын құру жолымен мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
Облыстың Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдері
тұрақты
Облыс Әкімінің аппаратына жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шілдеге ақпарат
9.
Мүгедектерді жеке еңбек қызметімен айналысу үшін мүгедектерді кәсіби даярлауды жүзеге асыру
Жұмыспен қамту орталықтары
тұрақты
Облыс Әкімінің аппаратына жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шілдеге ақпарат
10.
Тілектері мен дене мүмкіндіктерін ескере отырып, уақытша жұмыспен камтуды камтамасыз ету тәртібінде мүгедектерді қоғамдық ақылы жұмыстарға жіберу
Жұмыспен қамту орталықтары
тұрақты
Облыс Әкімінің аппаратына жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шілдеге ақпарат
11.
Мүгедек балаларды белсенді өмір сүруге тарту мақсатында аудандық, қалалық, облыстық көркемөнерпаздар байқауын өткізіп, суреттер, ұсақ-түйек заттар көрмелерін және тағы басқа шығармашылық түрлерін өткізу
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, облыстық білім
басқармасы, облыстық мәдениет басқармасы
2002 жылдың 3 тоқсаны, 2003 ж, 2004 ж, 2005 ж.
Облыс Әкімінің аппартына жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шілдеге акпарат
12.
Мүгедектердің шығармашылық жұмыстарының, мүгедектер ұйымдары өнімдерінің көрме-сатуларын жүйелі түрде өткізіп отыру
Облыстың Ақтөбе қаласының және аудандарының әкімдері облыстық мәдениет басқармасы
тұрақты
Облыс Әкімінің аппаратына жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шілдеге ақпарат
13.
Интернат үйлеріндегі мүгедектер мен қарт адамдардың бос уақытын ұйымдастыру үшін көркемөнерпаз ұжымдарын тарту
Облыстық мәдениет басқармасы, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік
қорғау басқармасы
тұрақты
Облыс Әкімінің аппаратына жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шілдеге ақпарат
14.
Мүгедектердің барлық санаттары арасында аудандық, қалалық, облыстық спорт жарыстарын өткізу
Облыстың Ақтөбе қаласының және аудандарының әкімдері, облыстық туризм және
спорт комитеті
тұрақты
Облыс Әкімінің аппаратына жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шілдеге ақпарат
15.
Әйелдер босанатын және амбулаториялық-емханалық ұйымдарда "қатерлі" топтағы балаларды ертерек анықтауды ұйымдастыру және анықталған "қатерлі"
топтағы және кемтар балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберу
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық білім басқармасы
2002 жылдын
4 тоқсаны,
2003 ж, 2004 ж,
2005 ж.
Облыс Әкімінің аппаратына жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шілдеге ақпарат
16.
Ақтөбе қаласында орталық жүйке жүйесі органикалық зақымдалған балалар үшін оңалту орталығын ұйымдастыру
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы,
Ақтөбе қаласының әкімі
2004 жылдың
4 тоқсаны
Ақтөбе қаласы әкімінің шешімі
17.
Стомирленген аурулар мен мүгедектер үшін консультативтік-диагностикалық емханалар негізінде оңалту бөлмелерін ашу
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Еңбек және халықты әлеуметтіқ қорғау министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті (келісім бойынша)
2002 жылдың
3 тоқсаны
Ақтөбе қаласы әкімінің шешімі
18.
Қалалық және аудандық телемарафондар өткізуді қамтамасыз ету, оларды өткізуден түскен қаражатты мүгедектерге көмек көрсетуге жұмсау
Облыстың Ақтөбе қаласының және аудандарының әкімдері, облыстық ақпарат және
қоғамдық келісім басқармасы
тұрақты
Облыс Әкімінің аппаратына жыл сайын 10 каңтарға ақпарат
19.
Оларды спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ете отырып, спортшы мүгедектердің облыстық, аудандық спорт жарыстарына қатынасуын қамтамасыз ету
Облыстың Ақтөбе қаласының және аудандарының әкімдері, облыстық туризм және
спорт комитеті
тұрақты
Облыс Әкімінің аппаратына жыл сайын 10 қаңтарға акпарат
20.
Мүгедектерді дене тәрбиесі және спорт құралдарымен оңалтуға арналған әдістемелік ұсынымдар жасау
Облыстық туризм және спорт комитеті, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2003 жылдың
3 тоқсаны
Облыс Әкімінің аппаратына жыл сайын 10 каңтарға ақпарат
21.
Үйлерге барып әлеуметтік қызмет көрсететін бөлімшелер қызметкерлерін қайта даярлауды және түзеу мекемелерінде жұмыс істейтін мұғалімдердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, облыстық білім
басқармасы
тұрақты
Облыс Әкімінің аппаратына жыл сайын 10 қаңтарға ақпарат
22.
Тұрақты жұмыс жасайтын облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясын құру
Облыстық білім басқармасы, обдыстық денсаулық сақтау басқармасы
2003 жылдың
3 тоқсаны
Облыс Әкімінің аппаратына жыл сайын 10 қаңтарға ақпарат