О программе «Сохранение и развитие культурно-досуговой работы на 2002-2005 года» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2002-2005 жылдарда селода мәдени-демалыс жұмыстарын сақтау және дамытуға арналған бағдарлама» туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 29.05.2004 № 8-20 шешімімен. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы № 56-1 "Мәдениет туралы", 1992 жылғы 2 шілдедегі № 1488-ХІІ "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Заңдары мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 25 мамырдағы № 789 "Қазақстан Республикасында Бағдарламаларды әзiрлеудiң ережесiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. "2002-2005 жылдарда селода мәдени-демалыс жұмыстарын сақтау және дамытуға арналған бағдарлама" бекітілсін (жалғанады).
Басқа 2. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ 2002-2005 жылдарда селода мәдени-демалыс жұмыстарын сақтау және дамытуға арналған БАҒДАРЛАМА Орал - 2002 ж. 2002-2005 жылдарда селода мәдени-демалыс жұмыстарын сақтау және дамытуға арналған бағдарламаның
Тарау 1. 1. ПАСПОРТЫ
1. ПАСПОРТЫ 1. Бағдарламаның атауы: 2002-2005 жылдарда селода мәдени-демалыс жұмыстарын сақтау және дамытуға арналған бағдарлама. 2. Бағдарламаны әзiрлеудің негіздемесі: Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы", "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану" туралы заңдары, "Қазақстан - 2030" даму стратегиясы. 3. Бағдарламаны әзірлеушілер: Облыстық мәдениет басқармасы. 4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi: Бағдарламаның негізгі мақсаты ауыл мәдениетін арттыруда селода мәдени-демалыс жұмыстарын жақсарту және дамытуды қамтамасыз ету. 5. Бағдарламаны қаржыландыру көздері: Облыстық, аудандық бюджеттердің қаражаты бағдарламаны қаржыландыру көзі болып табылады. 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламаны қаржыландыру облыстық бюджеттің бөлінуіне сәйкес нақтыланып отырады. 6. Іске асыру мерзімі: 2002-2005 жылдар.
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе "Қазақстан - 2030" даму стратегиясының басымдықтарына, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы № 56-1 "Мәдениет туралы", Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі № 1488-ХІІ "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" заңдарына сай облыстық мәдениет басқармасымен жасақталған. Бағдарламада халықтық мәдениетін, тілін, өнері мен дәстүрін сақтау және дамыту, қоғамда салауатты өмiр салтының принциптерiн насихаттау, елдің, селоның интеллектуалдық потенциалын қолдау, Ақжайық өңірі халықтарының мәдениетін және облыстың тарихи-мәдени мүддесін қорғау жолдары көзделген. ХХI-ғасыр мәдениет пен ақпарат тасқыны ғасыры болмақ. Бүгiнгi күнi қалыптасқан тарихи-мәдени дәстүрлерi мен табанды түрде жүргiзiлiп келе жатқан iзгiлiктi қызметтiң арқасында селода айтарлықтай рухани мүмкiндiктер жинақталды деуге болады. Соңғы жылдары әлеуметтiк саланы жекешелендiру және оңтайландыру туралы қаулы-қарарларға сәйкестi қаржыны үнемдеу жолында көптеген мәдениет ошақтары, әсiресе бөлiмшелiк клуб пен кiтапханалар жабылып, штаттар қысқарды. Негiзiнен мәдениет ошақтарының көпшiлiгi ескi, тозығы жеткен, қол күшiмен жылытылатын от жағылмайтын орындарда болғандықтан жөндеуден өткiзiп, күрделi жөндеудi қажет ететiн жағдайға жетiп отыр. Селода нарықтық реформаларды жедел жүзеге асыру процесi, жұмыс орындарының қысқартылуы, жұмыссыздықтың, кедейлiктiң өсеуiмен, село халқының әлеуметтiк қорғалуының төмендеуiмен қоса жүрдi. Селолық жерлерде қалыптасқан кедейлiк пен жұмыссыздықтың деңгейi әсер етiп, село жастарының қалаларға қоныс аудару процесi жүре бастады. Шалғайдағы шағын елдi мекендердiң елсiзденуiне жол берiлдi. Осы бағдарламаның тұжырымдамалық құжаты мәдени жұмыстардың серпiндi дамуын қамтамасыз ету жөнiнде жағдайлар жасауға және мәдени iс-шаралардың жаңаша бағыт алуына негiз болады.
Тарау 3. 3. Ауылдағы мәдени жүйенiң қазіргі кезеңiне талдау
3. Ауылдағы мәдени жүйенiң қазіргі кезеңiне талдау Бүгiнгi күнi облысымыздың аудандарында 12 - аудандық мәдениет үйi, 107 - селолық мәдениет үйi, 74 - селолық клуб, 8 - автоклуб, 17 кинотеатр, 2 - демалыс паркі, 3 - мұражай, 351 - аудандық және селолық кiтапханалар жұмыс жасап отыр. Селолық мәдениет ошақтарының соңғы бес жылдық салыстырмалы талдауы бойынша динамикасы төмендегідей болып көрінеді: 1996ж. 1997ж. 1998ж. 1999ж. 2000ж. Селолық клубтар 382 195 192 170 193 Селолық кiтапханалар 402 334 318 309 351 Елбасының 2000 жыл "Мәдениеттi қолдау жылы" болып жариялануына байланысты мәдениет ошақтарының жағдайы әлде қайда жақсара түстi. 131 - кiтапхана, 79 - клуб, 3 - мұражай, 5 - кинотеатр жөндеуден өткiзiлдi, жаңадан 11 - кiтапхана, 24 - клуб, 5 - киноқондырғы ашылды. Кредиторлық қарыздарды төлеу, аудандық мәдениет бөлiмдерiне материалды-техникалық базасын жақсарту, аппаратура мен сахналық киiмдер, музыкалық аспаптар алу үшiн бюджеттен қосымша 41,6 млн. бөлiндi. Селолық мәдениет ошақтарының жөндеу жұмыстарына 8750,0 теңге бөлiндi. Селолық кiтапханаларға кiтап қорын көбейтуге 7010,0 теңге бөлiнiп, қамқор акциясы бойынша демеушiлiк жолмен 3267 кiтап жиналды. Аудандар бойынша 3 - компьютер сатып алынды. 250 - клуб қызметкерлерi еңбек ақылары толық төленiмге көшiрiлдi. Селода тұрып қызмет атқаратын мәдениет қызметкерлерiне еңбек ақыларына 25% қосымша төлем төленедi.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi Бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның ұлттық мәдениетiн дамыту, қоғамда салауатты өмiр салты принциптерiн насихаттауды жалғастыру, селолық мәдениеттің интеллектуалдық және ғылыми әлеуметiн қолдау және дамыту. Осы заманғы мәдениет пен өнер жетiстiктерiн көрсету, селода рухани-эстетикалық тәрбиенi өрiстету. Селолық мәдениет қызметкерлерi мен өнер адамдарына үзбей көңiл бөлiп оларға тиiстi қолдау мен көмек көрсету. Бағдарламада мынандай мiндеттер шешу көзделген: шалғайдағы, ауылдағы халықты мәдени-демалыстық және ақпараттық ағартушылық қызметтермен қамтамасыз ету; шығармашылық әлеуеттi, материалдық-техникалық және қаржылық ресурстарды шоғырландыру мақсатында шалғайдағы кiтапханалардың, клубтардың негізінде жаңа үлгiдегi iрiлендiрiлген мекемелер құру; селолық жерлердi мекендейтiн шағын ұлттардың мәдени дәстүрлерiнiң, әдет-ғұрыптарының тиiмдi сақтауды және дамытып, насихаттауды қамтамасыз ету; тұрақты экономикалық өсудi және село халқының әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету мақсатында селода басталған реформаларды тереңдетуге және мәдениет саласын өркендетуге жәрдемдесу; село халқының тұрмыс деңгейi мен мәдениетi өмiр сүруiне бағытталған жаңа жұмыс орындарын құру бағытында көмектесу; селолық мәдениет ошақтарының компьютерлiк техникамен соның iшiнде демеушiлер қаражатының есебiнен қамтамасыз ету жолдарын қарастыру;
Тарау 5. 5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары және тетiгi
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары және тетiгi Осы бағдарламада қойылған мiндеттер мен мақсаттарды шешу үшiн iс-шаралар мынандай бағыттар бойынша жүргiзiледi: елiмiздiң тарихи-мәдени мұрағаттарын сақтауға және көбейтуге жәрдемдесу; мәдени қызыметтердiң қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн саланың оңтайлы инфрақұрылымын сақтауға жәрдемдесу; селолық мәдениет мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту; селолық кiтапханалардың кiтап қорының толықтырылуын қамтамасыз ету; шалғайдағы елдi мекендерге қызмет көрсету үшiн мәдениет үйлерiн жылжымалы икемдi кешендермен қамтамасыз ету; шалғайдағы жабылған клубтар мен кiтапханаларды қалпына келтiру, әрбiр бөлiмшелерде индикативтiк жоспар бойынша мәдени ошақтардың ашылуы жолында жұмыстану; аудандық кiтапхана мен клубтарды компьютерлiк техникамен қамтамасыз ету; сан ұлт өкiлдерi орналасқан аудандарда мәдени-демалыс орталығы жанынан халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрiн дамыту бағытында мәдени-ұлттық орталықтарын құру; ауылдағы мәдениет ошақтарында орта мектеп оқушылары шығармашылығын дамытуға арналған жанрлық үйiрмелер ашу; селолық мәдениет ошақтарына кәсiби мамандықтағы жоғарғы бiлiмдi кадрлармен толықтыру, бiлiмдерiн көтеру жолымен жұмыстану; мәдениет қызметкерлерiнiң бiлiмiн көтеру мақсатында облыста курстар ашу; аудандық мәдени-демалыс орталықтарының жаңашыл мәдени iс-шараларын кеңiнен насихаттау. Селолық мәдениет ошақтарында ақылы қызмет түрлерiнiң, жаңаша бағыт алуына, кеңейтiлген үлгiде жұмыстануына жол ашу.
Тарау 6. 6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру Бағдарламаның мақсаттарына қол жеткiзуге бағытталған жұмыстарды қаржыландыру тиiсiнше облыстық және аудандық бюджеттерге бекiтiлген қаражаттар шегiнде жүзеге асырылуға тиiс. Әлеуметтiк саланы жекешелендiру және оңтайландыру барысында жабылған мәдениет ошақтарды шалғайдағы 2000 адамнан асатын халқы бар елдi-мекендерде, бөлiмшелерде қайта қалпына келтiру. 2005 жылдың аяғына дейiн селода 36 - кiтапхана, 52 - клуб, 35 киноқондырғы ашу индикативтiк жоспар бойынша белгiленiп отыр. Бағдарламаны iске асыру мәдениет ошақтарын ашу жолында жергiлiктi бюджеттен қажет етiлетiн ақша қаражатының болжамды мөлшерi, индикативтiк жоспармен сәйкестендiрiлген: 2002 жылы - 19,4 млн. теңге 2003 жылы - 20,3 млн. теңге 2004 жылы - 21,4 млн. теңге 2005 жылы - 22,5 млн. теңге БАРЛЫҒЫ: - 83,6 млн. теңге Сондай-ақ, мәдениет ошақтары, селолық клубтар, кiтапханалар, мұражайларға күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзу үшiн ақша қаражатының болжамды мөлшерi, индикативтiк жоспармен сәйкестендiрiлген: 2002 жылы - 32,5 млн. теңге 2003 жылы - 34,1 млн. теңге 2004 жылы - 35,8 млн. теңге 2005 жылы - 37,6 млн. теңге БАРЛЫҒЫ: - 140,0 млн. теңге
Тарау 7. 7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер 2002-2005 жылдарда бағдарламаны орындалу барысында селода мәдени тiршiлiктi қамтамасыз ету жүйесi қалыптастырылады. Селолық мәдениеттiң жұмысының жандануы, салауатты өмiр салтының насихатталуы, жаңа ғасырға жан-жақты салауатты көзi ашық мәдениеттi ұрпақ тәрбиелеу жолында жұмыстану. Ел мәдениетiнiң жаңа сатыға көтерiлуi, экономиканың өсу жолдарын ашу, әркiм өз қабiлетiне қарай өмiр сүруге қажеттiлiктi қамтамасыз ету. Осы заманғы мәдениет пен өнер жетiстiктерiн көрсету, рухани-эстетикалық тәрбиенi өрiстету жолында қызмет ету. Халықтық тұрмыс деңгейi мен мәдени-демалыс жұмыстарының сапасын арттыруға бағытталған, нарықтық жағдайда селоның әлеуметтiк экономикалық дамуы жөнiндегi жүйелi шешiмдердi жүзеге асыру. Село мәдениетiн арттыру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және кедейлiкпен күрес. 2002-2005 жылдар аралығында индикативтік жоспар бойынша селода 52 - клуб, 36 - кітапхана ашу жоспарланып отыр. Соңғы 5 жылда мәдениет мекемелері 242-ге дейін өссе, селолық кітапхана 340-400-ге дейін көбейтілмек. Азайтылып кеткен автоклубтар мен халықтық атағы бар коллективерді көбейту жоспарлануда. Селолық клубтарда әр түрлi үйiрмелер саны көбейтіліп, халықтың сұранысы бойынша жаңаша жұмыс түрлерiн қалыптастыру басты мiндет. 2002-2005 ж. ауыл мәдениетiне баса назар аударып, мәдени саланың өсiп-өркендеуiмен жаңаша қалыптасуына айрықша көңiл бөлу көзделiп отыр. Бағдарламаны іске асыруға арналған шаралары Атаулары Орындау бағыты Орындау мерзiмi Орындауға жауапты Қаржыландыру көзi 1. Ұлттық мәдениетiмен, өнерін, тілін сақтау және дамыту, қоғамда салауатты өмiр, салты принциптерiн насихаттау. Қазақстан Республикасының 2030 – стратегиялық бағадрламасын басшылыққа алып. 2002-2005 жылдары Аудандық мәдениет бөлімдері, селолық мәдениет үйлері. Жергілікті бюджет. 2. Қазақтың ұлттық мәдениетiмен, өнерін, Орал өңiрiн мекендейтiн халықтардың мәдениетiн сақтау, дамыту. Елдiң, ауылдың мәдени интеллектуалдық әлеуетiн қолдау. Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» заңына сүйене. 2002-2005 жылдары Аудандық мәдениет бөлімдері, селолық мәдениет мекемелері. Аудандық киносеттер Жергілікті бюджет. 3. Облысымыздың тарихи-мәдени мұраларын сақтау. Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану» заңын басшылыққа алып. 2002-2005 жылдары Аудандық мәдениет бөлімдері. Облыстық және жергілікті бюджет. Демеушілік қаржы Материалдық-техникалық базаны жақсарту шаралары Атаулары Орындау бағыты Орындау мерзiмi Орындауға жауапты Қаржыландыру көзi 1. Ауыл мәдениетiн көтеру, мәдениет ошақтарын одан әрi жақсартып, типтiк үлгiдегi ғимараттарға көшiру, ауыстыру. Аудан әкiмiнiң шешімі. 2002-2005 жылдары Аудандық мәдениет бөлімдері. Жергілікті бюджет. 2. Селолық клубтар мен кинотеатрлардың негізінде жаңа үлгiдегi iрiлендiрiлген мекемелер құру. Аудан әкiмiнiң шешімі. 2002-2005 жылдары Аудандық мәдениет бөлімдері. Жергілікті бюджет. 3. Селолық, бөлiмшiлiк мәдениет. мекемелерiнiң материалды- техникалық базасын нығайту, жаңа техникалық бағытқа көшiру, компьютерлендiру. Аудан әкiмiнiң шешімі. Облыстық мәдениет басқармасы. 2002-2005 жылдары Аудандық мәдениет бөлімдері, облыстық мәдениет басқармасы. Жергілікті бюджет. Демеушілік қаржы. 4. Аудандық-демалыс орталығы жанынан дыбыс жазу студиясы мен ұлттық киiмдер тігу ательелерiн ашу. Аудан әкiмiнiң шешімі. Облыстық мәдениет басқармасы. 2002-2005 жылдары Аудандық мәдениет бөлімдері, селолық мәдениет үйлері. Жергілікті бюджет. 5. Селолық кiтапханаларда кiтап қорын көбейту. Автокөлiк, автоклубтармен толықтыру. Аудан әкiмiнiң шешімі. Облыстық мәдениет басқармасы. 2002-2005 жылдары Аудандық мәдениет бөлімдері. Жергілікті бюджет. 6. Селолық мәдениет мекемелерiн автокөлiк автоклубтармен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы. 2002-2005 жылдары Облыстық мәдениет басқармасы. Жергілікті бюджет.