Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы №1758 «Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын басшылыққа алып облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандар және Қызылорда қаласы әкімдері, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар жоспарда белгіленген іс-шараларды жүзеге асыруын қамтамасыз етсін және көрсетілген мерзімдерде оның жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына беріп отырсын.
Тармақ 3
3. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (М.Мәселеева) Жоспардың орындалуы жайлы ақпаратты облыс әкімінің аппаратына жыл сайын 25 қаңтарға беріп отырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б. Қуандықовқа жүктелсін.