Об областной программе «Охрана здоровья матери и ребенка на 2002 – 2005 годы» Қолданыста
Басқа 0
2002 – 2005 жылдарға арналған «Ана мен бала денсаулығын қорғау» облыстық бағдарламасы туралы
Облыс денсаулық сақтау департаментінің бастығы Д.М. Қазанғаповтың 2002 - 2005 жылдарға арналған "Ана мен бала денсаулығын қорғау" облыстық бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап және талқылай келе, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2002 - 2005 жылдарға арналған "Ана мен бала денсаулығын қорғау" облыстық бағдарламасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыс денсаулық сақтау департаменті жыл сайын 10 қаңтар мерзіміне орай облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына Бағдарламаны жүзеге асыру барысы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
Тармақ 3
3. Облыс қаржы департаменті жыл сайын бюджетті қалыптастыратын кезде Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қажетті қаражат қарастыратын болсын.
Тармақ 4
4. Бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Лебедь В.Д.) жүктелсiн.