Об областной программе профессионального образования молодежи на 2002 – 2005 годы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2001 - 2005 жылдарға арналған жастарға кәсіптік білім беру облыстық бағдарламасы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 24.12.2004 жылғы № 74/9 шешімімен. Облыс білім департаментінің бастығы З.П. Овчинникованың 2001 - 2005 жылдарға арналған жастарға кәсіптік білім беру облыстық бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап және талқылай келе, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2001 - 2005 жылдарға арналған жастарға кәсіптік білім беру облыстық бағдарламасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыс білім департаменті жыл сайын 10 қаңтар мерзіміне орай облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына Бағдарламаны жүзеге асыру барысы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
Тармақ 3
3. Облыс қаржы департаменті жыл сайын облыстық бюджетті қалыптастыратын кезде Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қажетті қаражат қарастыратын болсын.
Тармақ 4
4. ІІ сайланған облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 20 шілдедегі ХІІІ сессиясының шешімімен бекітілген жастарға кәсіптік білім беру және жұмыссыз адамдарды оқытудың 2001 - 2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 5
5. Бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына (Лебедь В.Д.) жүктелсiн.