Об областной программе «Сельская школа» на 2002 - 2005 год Күшін жойған
Басқа 0
2002 – 2005 жылдарға арналған «Ауыл мектебі» облыстық бағдарламасы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 24.12.2004 жылғы № 74/9 шешімімен.
Облыс білім департаментінің бастығы З.П. Овчинникованың "2001 - 2005 жылдарға арналған "Ауыл мектебі" облыстық бағдарламасы туралы" баяндамасын тыңдап және талқылай келе, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2001 - 2005 жылдарға арналған "Ауыл мектебі" облыстық бағдарламасы бекітілсін.
2. Облыс білім департаменті жыл сайын 10 қаңтар мерзіміне орай облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына Бағдарламаны жүзеге асыру туралы ақпарат ұсынатын болсын.
3. Облыс қаржы департаменті жыл сайын облыстық бюджетті қалыптастыратын кезде Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қажетті қаражат қарастыратын болсын.
4. Бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына (Лебедь В.Д.) жүктелсiн.