О Плане мероприятий по реализации республиканской Программы реабилитации инвалидов на 2002-2005 годы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған республикалық Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар Жоспары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 21.12.2005 № 438 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 қаулысына сәйкес, сондай-ақ жойыған қызмет аяларын өтеу үшiн жағдайлар жасау, мүгедектердiң тұрмыстағы, қоғамдық, кәсiби қызметтердегi қабiлетiн қалпына келтiру және қоғамда мүгедектерге неғұрлым толығырақ қамқорлық жасалуына жәрдемдесу мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған республикалық Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi ұсынылып отырған iс-шаралар Жоспары бекiтiлсiн (бұдан әрi - Жоспар).
Тармақ 2
2. Жоспарды орындаудың үйлестiрушiсi болып облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтi қорғау басқармасы белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Аудандардың және Орал қаласының әкiмдерi, облыстық басқармалар, департаменттер мен комитеттер:
Тармақша 1
1) Жоспарды орындау жөнiнде қажеттi шаралар алсын;
Тармақша 2
2) Жоспардың орындалу барысы туралы облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына, жылына екi рет - әр жылдық 15 қаңтарында және 15 шiлдесiнде ақпарат тапсырып отыратын болсын.
Тармақ 4
4. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы жыл сайын 20 қаңтарда және 20 шiлдеде Жоспардың iске асырылуы жөнiнде Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне ақпарат тапсырып отырсын.
Тармақ 5
5. Қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.Қ.Нұрғалиевке жүктелсiн.
Басқа 8. Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған республикалық Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар ЖОСПАРЫ
Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған республикалық Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар ЖОСПАРЫ №№ Шаралар Жауыпты орындаушылар Орындалу мерзімі Аяқталу нысаны 1 2 3 4 5 Әлеуметтiк сауықтыру 1. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының жобаларына ұсыныстар енгiзу. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, аудандардың және Орал қаласының әкімдері ІІІ тоқсан 2003 жыл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсыныстар 2. Жергiлiктi атқарушы органдар жанынан мүгедектер iстерi жөнiнде кеңестер құру. Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы ІІІ тоқсан 2003 жыл Аудандар және Орал қаласы әкімдіктерінің қаулылары 3. Протездеу шеберханасы филиалының материалдық-техникалық базасын нығайту жөнiнде қосымша шаралар қабылдау. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 2003-2005 жылдары Жыл сайын 20 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ақпарат 4. Протездеудi жүзеге асыру, ортопедиялық аяқ киiмдермен, ортопедиялық аппараттармен, корсеттермен және басқа да протез-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету, оны жөндеу жөнiнде шаралар алу. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, «Алматыпротез-ортопедиялық орталық» мемлекеттік кәсіпорынның филиалы (келісім бойыша) 2002-2005 жылдары Жыл сайын 20 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат 5. Мүгедектердi әртүрлi үлгiдегi кресло арбалармен қамтамасыз ету. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы 2002-2005 жылдары Жыл сайын 20 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат 6. Мүгедектердi есту және көру техникаларымен және коммуникациялық қолдау құралдарымен қамтамасыз ету жөнiнде өтiнiмдердi ресiмдеу. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 2002-2005 жылдары Жыл сайын 20 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ақпарат 7. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң қазiргi заман талаптарына сай келетiн қол мен аяқты протездеудiң бөлшектерi мен деталдарын шығару жөнiндегi импорт алмастыру технологиясын енгiзу жөнiндегi шараларына қатысу. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 2002-2005 жылдары 2003 жылдан бастап жыл сайын 20 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат 8. Мүгедектердiң тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндiрiстiк ғимараттарға, әлеуметтiк құрылым нысандарына баруына жағдайлар жасау, мүгедектер арбалары үшiн кiрме жолдар, пандустар, қондырғылар жасауды қамтамасыз ету. Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, меншіктің нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары 2002-2005 жылдары Жыл сайын 20 шілдеде және 20 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат 9. Мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған мекемелер орналасқан орындарда, сондай-ақ адамдар көп жүретiн мүгедектер болатын орындарда арнаулы синхронды дыбыс бағдаршамдарын, жол белгiлерiн және көрсеткiштер әзiрлеудi және орнатуды қамтамасыз ету. Орал және Ақсай қалаларында дыбыс қондырғыларымен жабдықталған өткелдер құрылысын салу. Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, облыстық ІІБ, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 2002-2005 жылдары Жыл сайын 20 шілдеде және 20 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат 10. Жобаларды жасауға мемлекеттiк өтiнiмдердi орналастыру кезiнде сондай-ақ ғимараттар, жолдар, көлiк, байланыс объектiлерiн салу кезiнде мүгедектердiң әлеуметтiк құрылымдарға кедергiсiз баруын жасауды конкурстық құжаттарға талаптар ретiнде белгiлеу. Облыстық инфрақұрылым және құрылыс басқармасы, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік басқармасы, мемлекеттік сатып алу жөніндегі департамент 2002-2005 жылдары Жыл сайын 20 шілдеде және 20 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат 11. Облыстық теледидар каналында саңырауларға ақпараттық бағдарламаны аударып беру мүмкiндiгiн зерттеу. "Қазақстанның теледидары мен радиосы республикалық корпорациясы" ЖАҚ-ның Батыс Қазақстан (келісім бойынша) 2002 жыл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат 12. Республикалық "Ардагер" пансионатында және Шучье- Бурабай аймағындағы "Жеке батыр" санаториясы базасында мүгедектер мен ардагерлердi санаториялық-курорттық емдеудi және сауықтыруды қамтамасыз ету (кесте бойынша). Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 2002-2005 жылдары Жыл сайын 20 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат 13. "Ақжайық" санаториясының базасында жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен мүгедектер мен ардагерлердi санаториялық-курорттық емдеудi және сауықтыруды ұйымдастыру (кесте бойынша). Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 2002-2005 жылдары Облыс әкімдігінің қаулысы 14. "Евразия" облыстық сауықтыру орталығында мүгедек балалардың демалуын және сауықтырылуын ұйымдастыру. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 2002-2005 жылдары Облыс әкімінің шешімі 15. Мүгедектердi, соның iшiнде мүгедек балаларды өмiрге белсендi қатыстыру мақсатында олардың көркем-өнерпаздық, сурет салу және басқа да шығармашылық өнерлерiнiң облыстық және аудандық конкурстарын ұйымдастыру. Облыстық мәдениет басқармасы, облыстық білім басқармасы, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, аудандардың және Орал қаласының әкімдері 2002-2005 жылдары Жыл сайын 20 шілдеде және 20 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат 16. Мүгедектердiң шығармашылық жұмыстарының, мүгедектер ұйымдарының шығарған өнiмдерiнiң көрме саудасын өткiзу. Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 2002-2005 жылдары Жыл сайын 20 шілдеде және 20 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат 17. Облыстық телемарофондар өткiзудi ұйымдастыру, одан түскен қаржыны мүгедектерге атаулы көмектер көрсетуге бағыттау. Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, "Қазақстанның теледидары мен радиосы республикалық корпорациясы" ЖАҚ-ның Батыс Қазақстан филиалы (келісім бойынша) 2002-2005 жылдары Жыл сайын 20 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат 18. Көзi көрмейтiн және нашар көретiн азаматтар үшiн кiтапханаларға оқу-әдiстемелiк материалдар және тифлотехникалар сатып алуды қарастыру. Облысты мәдениет басқармасы, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, аудандардың және Орал қаласының әкімдері 2002-2005 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат 19. Барлық санаттағы мүгедектер арасында спорт жарыстарын өткiзу, ол үшiн спорт арбалар, киiмдер, қысқы спорт түрлерiне арналған арнаулы жабдықтар сатып алу. Облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасы, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, аудандардың және Орал қаласының әкімдері 2002-2005 жылдары Жыл сайын 20 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат 20. Мүгедектер арасындағы республикалық спартакиадаға қатысу үшiн мүгедек спортшылар санынан облыстың құрама командасын iрiктеу, әзiрлеу және жарыстарға жiберу. Облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасы, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 2002-2005 жылдары Жыл сайын 20 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат 21. Олимпиадалық ойындар алдындағы облыстық iрiктеу жарыстарын өткiзу және облыс құрама командасының республикалық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету. Облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасы, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы ІІ-ІІІ тоқсан 2005 жыл 2005 жылдың 20 желтоқсанына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат 22. Облыстың мүгедек спортшыларының Қазақстан Республикасы құрамасының құрамында халықаралық арнаулы олимпиадалық ойындарға қатысуын қамтамасыз ету. Облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасы, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 2002-2005 жылдары Жыл сайын 20 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат 23. Спорт түрлерiмен айналысуы үшiн мүгедектерге жұмыс iстеп ісі, тұрған стадиондарды, спорт залдарын, құрылыстар мен жабдықтарды беру мәселесi жөнiнде облыстың шаруашылық субъектiлерi және ұйымдары арасында түсiнiк жұмыстарын жүргiзу. Облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасы, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 2002-2005 жылдары Жыл сайын 20 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат 24. Мүгедектердi денешынықтыру және спорт арқылы сауықтыруға арналған әдiстемелiк-ұсынбалар әзiрлеу. Облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы ІІІ тоқсан 2002 жыл 2003 жылдың 20 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат 25. Автотасымалдаушылар арасында тендер өткiзу кезiнде көпшiлiк пайдаланатын көлiкте мүгедектердiң жеңiлдiкпен және тегiн жүру мүмкiндiгiн қарастыру. Орал қаласының әкімі 2002-2005 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат Кәсіби сауықтыру 26. Жеке сауықтыру бағдарламасына сәйкес мүгедектерді кәсіби оқытуды қамтамасыз ету. Орал қаласының және аудандардың және әкімдері, облыстық білім басқармасы, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 2003-2005 жылдары 2004 жылдың 20 қаңтарына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат 27. Мүмкiндiгi шектеулi балалар үшiн арнаулы бiлiм беру ұйымдарының желiсiн дамыту жөнiнде мынадай шаралар алу: - жеке жоспар бойынша - жұмыс iстеп тұрған облыстық психологиялық-дәрiгерлiк-педагогикалық кеңес беретiн орталықтың материалдық-техникалық базасын жақсарту; - Орал және Ақсай қалаларында психологиялық- методикалық-педагогикалық -консультациялар ашу; - жалпы бiлiм беретiн мектептер жанынан жүйке ауруымен және тiреу-қозғалыс мүшелерi ауыратын балалар үшiн арнаулы кластар ашу. Облыстық білім басқармасы, Орал қаласының және Бөрлі ауданының әкімдері 2002-2005 жылдары 2002 жыл 2003 жыл ІІІ тоқсан 2003 жыл Облыс әкімдігінің қаулысы. Жыл сайын 20 қаңтарда және 20 шілдеде Білім және ғылым министрлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат 28. Жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту, кадрларды кәсiби даярлау қайта даярлау, үй еңбегiн ұйымдастыру арқылы қосымша жұмыс орындарын ашу жолымен мүгедектердi жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Орал қаласының және аудандардың және әкімдері, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаменті, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 2002-2005 жылдары 2003 жылдан бастап 20 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат Дәрiгерлiк сауықтыру 29. Босанатын әйелдерге көмек көрсететiн және емханалық ұйымдарда ауру балалар тобын ерте анықтау және анықталған ауру балалармен және мүмкiндiгi шектеулi балаларды жеке сауықтыру бағдарламасын белгiлеу үшiн психологиялық-дәрiгерлiк-педагогикалық кеңес беру орталықтарына жiберудi ұйымдастыру. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық білім басқармасы, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 2003-2005 жылдары Жыл сайын 20 шілдеде және 20 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат 30. Орталық жүйке ағзасы бұзылған және тiреу-қозғалыс мүшелерi ауыратын балалар үшiн Орал қаласында 150 орындық балалар сауықтыру орталығын ашу. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 2003 жыл Облыс әкімдігінің қаулысы 31. "Балбұлақ" республикалық санаториясында облыстың балаларын сауықтыру үшiн бөлiнетiн орынды жылына 50 адамға дейiн көбейту жөнiнде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi алдына ұсыныс жасау. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2002 жыл Денсаулық сақтау министрлігіне хат 32. Алғашқы дәрiгерлiк-санитарлық көмек дәрiгер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында облыстық, аудандық семинарлар өткiзу. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2002-2003 жылдары Жыл сайын 20 шілдеде және 20 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат 33. Аудан орталықтарында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерiн ашу. Аудандардың әкімдері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 2002-2005 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат 34. Мүгедектердi сауықтыруды қамтамасыз ету мақсатында облыстық, қалалық, аудандық ауруханалар жанынан мүгедектердi сауықтыру орталықтарын және бөлiмшелерiн ашу. Аудандардың әкімдері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2003 жыл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат Кадрлармен қамтамасыз ету 35. Мына жүйелерде мүгедектердi сауықтыру мәселелерiмен айналысатын қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыру: - халықты әлеуметтiк қорғау; - денсаулық сақтау; - бiлiм беру; - мәдениет; - спорт. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, облыстық білім басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық мәдениет басқармасы, облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасы 2003-2005 жылдары Жыл сайын 20 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат 36. Үйде әлеуметтiк көмектер көрсететiн бөлiмнiң қызметкерлерiн қайта даярлауды ұйымдастыру. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 2003-2005 жылдары 2003 жылдан бастап 20 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат 37. Мүгедектердi дәрiгерлiк әлеуметтiк сараптау және сауықтыру мәселесi жөнiнде практикалық конференция өткiзудi ұйымдастыру. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департаменті 2003 жыл 2004 жылдан бастап 20 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат 38. Қоғамның мүгедектерге қамқорлығы мәселесi жөнiнде облыстың ұйымдары мен кәсiпорындары, оқу орындары қызметкерлерi, жұртшылық арасында түсiнiк жұмыстарын жүргiзу. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, аудандардың және Орал қаласының әкімдері 2002-2005 жылдары Жыл сайын 20 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкіміне ақпарат