Қолданыстағы ред. 02.04.2002

2002-2005 жылдарға арналған облыста вирусты гепатиттер аурушаңдығын алдын-алу және төмендету жөнiндегi шаралардың кешендi жоспары туралы от 02.04.2002 г. № 202 (2002-2005 жылдарға арналған облыста вирусты гепатиттер аурушаңдығын алдын-алу және төмендету жөнiндегi шаралардың кешендi жоспары туралы)

0

2002-2005 жылдарға арналған облыста вирусты гепатиттер аурушаңдығын алдын-алу және төмендету жөнiндегi шаралардың кешендi жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 30 желтоқсандағы № 751 «2002 жылды Денсаулық жылы деп жариялау туралы» Жарлығына сәйкес және халық арасында вирусты гепатит аурушандығын төмендетіп тұрақтандыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса берілген 2002-2005 жылдарға арналған облыста вирусты гепатиттер аурушаңдығын алдын алу және төмендету жөніндегі шаралардың кешенді жоспары (одан әрі - жоспар) бекітілсін.

2

2. Облыстық атқарушы органдарының басшылары, аудан және Қызылорда қаласы әкімдері жоспарда көрсетілген іс-шаралардын уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін.

3

3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Д.Дәулетбаев) жыл сайын 20 сәуіріне облыстық әкімиятқа жоспардың орыңдалуы жайлы ақпарат берсін.

4

4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Ерімбетовке жүктелсін.

5. І. Жалпы ұйымдастыру іс-шаралары

Облыс әкімиятының
2002 жылғы 3 сәуірдегі № 202 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
2002-2005 жылдарға арналған облыста вирусты гепатиттер аурушаңдығын алдын-алу және төмендету шаралардың
КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
І. Жалпы ұйымдастыру іс-шаралары

Іс - шаралардың мазмұны
Орындалу мерзімі
Аяқтау нысаны
Жауапты орыңдаушылар
1
Вирусты гепатит аурушаңдығын төмендету және алдын алу жөніндегі аудандық, қалалық кешенді жоспарларды әзірлеу және қабылдау.
2002жылғы сөуір- мамыр
Аудан (қала) әкімиятының қаулысы
Қызылорда қаласы және аудандар әкімдері (одан әрі - әкімдер)
2
Халық арасында вирусты гепатит аурушаңдығын төмендету және індеттің алдын алу шараларының ұйымдастыру жағдайын аумақтық төтенше індетке қарсы комиссия отырыстарында кезеңінде және уақытылы қарау.
2002-2005 ж.ж шілдеде, эпидемиологиялық жағдайдың күрделенген кезінде
Аумақтық төтенше індетке қарсы комиссиясының қаулысы
Әкімдер
3
«Тазалық», «Таза су» облыстық бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету.
2002 ж.
Есеп
Әкімдер; облыстық энергетика, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы; облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станция (одан әрі- облСЭС)
4
Жалпы білім беру мектептерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту жөнінде шаралар қабылдау.
2002-2005ж.ж маусым
Әкімнің шешімі
Әкімдер, облыстық білім беру басқармасы
5
Ұйымдаспаған орындарда тағамдардың сатылуын жою мақсатында шаралар қолдану
2002-2005ж.ж шілде
Әкімият қаулысы
Әкімдер,ішкі істер басқармасы, облСЭС
6
Қан арқылы жұғатын вирусты гепатиттің алдын алу шараларының толық көлемінде орындалуын қамтамасыз ету.
2002-2005ж.ж
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облСЭС
7
Елді мекендердің санитарлық тазалық, көгалдандыру және көркейтуін жылда көктем және күз айларында ұйымдастырып жүргізу.
2002-2005ж.ж наурыз, қазан
Әкімнің шешімі
Әкімдер
8
Денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерінің вирустық гепатиттер деңгейін төмендету мақсатына бағытталған қызметтерін біріктіру үшін облыстық медициналық штаб құру.
2002-2005ж.ж
шілде
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
9
Ішек инфекциялары тобы бойынша (соның ішінде вирусты гепатит) қолайсыз елді мекендерде сауықтыру шараларды жүргізу
2002 жылғы маусым
Әкімият қаулысы
Әкімдер

6

ii. II. Санитарлық-сауықтыру шаралары.

II. Санитарлық-сауықтыру шаралары.
1
2
3
4
5
1
Облыстағы елді мекендерге аумақтардың санитарлық тазалығын жақсарту және қатты үй шаруашылығы қалдықтарын кәдеге жаратуын қамтамасыз ету.
2002-2005ж.ж
Ақпарат
Әкімдер, облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, облСЭС
2
Санитарлық нормалар мен тәртіпке сай емес су құбырлары бар елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жағдайын жақсарту
2002-2005ж.ж
Жоспар-тапсырма
Әкімдер
3
Сумен қамтамасыз ету объектілерінің жұмысын көктем- жазғы маусымға дайындау. Су құбырлары және су жүйелерінде, техникалық, профилактикалық жуу, залалсыздандыру жұмыстарының жүргізілуін қадағалау, құрамында хлор бар, басқа да реагенттер қорымен қамтамасыз ету, су құбырларының үздіксіз және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
2002-2005ж.ж
сәуір-мамыр
Есеп
Әкімдер
4
Ауылдық елді-мекендерде су құбырларын және жүйелерін жұмыс істеуге жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуіне бригадалар құру және де ауылдық елді мекендерде үй шаруашылық қоқыстарын жинауға, тасымалдауға және жоюға шаруашылық бөлімдерін құру.
2002-2005ж.ж мамыр
Әкімият қаулысы
Әкімдер
5
Базарларды, сауда үйлерін, сауда қатарларын және басқа да орындарды ұйымдасқан санитарлық жағдайға келтіру. Оларда тағам сатудың гигиеналық жағдайын жақсарту, белгінбеген жерлерде тағам өнімдерін сатуға тиым салу.
2002 ж мамыры
Есеп
Әкімдер, облыстық сауда басқармасы, облыстық мемлекеттік стандартының мемлекеттік қадағалау басқармасы, облСЭС
6
Әр аудандарда ішек инфекциясына қолайсыз елді мекендерді және шағын учаскілерді анықтау. Өткізілетін санитарлық-сауықтыру шаралары бойынша мониторинг енгізу.
Мамыр
2002-2005ж.ж
Сауықтыру шараларының жоспары
Обл СЭС
7
Сумен жабдықтау және кәріз мәселелерін, олардың санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкестігіне қарай облыс көлеміндегі мектептердің тізімін жасау.
2002-2005ж.ж
сәуір
Хабарлама
Обл СЭС
8
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындық жағдайын, «Тазалық» және «Қоршаған ортаның тазалығы» бағдарламасының жүзеге асырылуын тексеру және комиссияда қарау.
2002-2005ж.ж Маусым, тамыз
Облыстық білім беру басқармасының алқа мәжілісінің шешімі
Облыстық білім беру басқармасы,облСЭС
9
Облыстағы барлық жалпы білім беру мекемелерін, нормативтерге сәйкес қолжуғыш, су бошкелерімен қамтамасыз ету.
Тамыз, кыркүйек 2002-2005ж.ж
Есеп
Облыстық білім беру басқармасы, әкімдер
10
Окушылардың жеке гигиенасын сақтауға жағдай жасау, орта мектептерде гигиеналық білім беру сапасын көтеру.
2002-2005ж.ж жыл бойы
Есеп
Облыстық білім беру басқармасы
11
Тағамдар сататын, тамақтану объектілерінде жұмыс ететін адамдардың санитарлық мәдениетін көтеру, халық арасында гигиеналық білімді кеңінен насихаттау
2002-2005ж.ж
Есеп
Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы, «Сыр бойы», «Кызылординские вести» облыстық газет редакциялары, облыстық телерадиокомпаниясы, обл СЭС
12
Халықтың декреттелген шектелімінің гигиеналық білімінің сапасын көтеру.
2002-2005ж.ж
Есеп
ОблСЭС
ІІІ. Емдеу-алдын алу шаралары.
1
2
3
4
5
1
Аудандық, қалалық медициналық мәслихат отырысында вирусты гепатит аурушаңдығының жағдайын және ұйымдастырылған алдын алу және емдеу шараларының сапалығын қарау.
Эпидемияға асқыну кезінде
Медициналық штаб шешімі
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2
Әрбір елді мекендердегі вирусты гепатит аурушандығының жағдайын және қабылданған шұғыл шаралардың сапасын мониторинг жүйесімен тексеру.
2002-2005ж.ж
Модемдік байланысты қолдану арқылы «Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау» Бағдарламасына қосымша түзетулер енгізу және толықтыру
Обл СЭС
3
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы, емдеу мекемелері, аумақтық әкімшілік басқада мекемелер аурудың алдын алу мекемелерінің жұмысына толық баға беру, нақты шараларды қарау, практикалық көмек ұйымдастыру үшін мамандардың бригадасын (эпидемиолог, санитарлық дәрігер, инфекционист, педиатр) жоспарлы және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша елді мекендерге іс сапарға шығуын қамтамасыз ету.
2002-2005ж.ж
Мамыр-желтоқсан және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша
Есеп
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облСЭС
4
Облыс аймағын қан қүю қауіпсіздігімен қамтамасыз ету мақсатында облыстық қан құю орталығы мен аудандық емхана жанындағы қан құю бөлімшелердегі донор қандарының нормативті құжаттарға сәйкес зерттеліп, дайындалып және пайдалануын мүшелі бақылауды қамтамасыз ету.
2002-2005ж.ж
Есеп
Обл СЭС
5
100 төсектен және одан да көп ауруханалардағы лауазымды бос орынды дәрігер-эпидемиолог штатымен толықтыру және парентальді гепатиттің алдын алу барысында инфекциялық бақылау комитетінің жұмысымен қамтамасыз ету.
2002-2005ж.ж
мамыр
Емдеу алдын алу мекемелерінің бұйрығы
Облыстық денсаулық сактау басқармасы
6
Барлық емдеу алдын алу мекемелеріне вирусты гепатиттің этиологиясы, клиникасы, емдеуі, серологиялық диагностикасы сұрақтары бойынша әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз ету.
2002-2005ж.ж
мамыр
Әдістемелік ұсыныс
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
7
Облыстық ЖҚТБ орталығында, жұқпалы ауруханасы зертханасындағы лаборанттарды вирусты гепатит иммуноферменттік анализ ( бұдан өрі-ИФА диагностика) әдісімен айналысатындарды жұмыс орнында оқыту.
2002 жылғы III тоқсан
Бұйрық
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық ЖҚТБ орталығы
8
ИФА диагностикасымсн айналысатын зертханаларды, жаңа жоғары сезімтал аппаратымен қамтамасыз ету.
2003-2005ж.ж
Есеп
Облыстык денсаулық сақтау басқармасы
9
Вирусты гепатитпен ауырғандарды ертерек анықтау әдісінің сапалылығын көтеру және инфекция көзін уақытылы оңашалау.
2002-2005ж.ж
Ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
10
Балаларды вирусты гепатиттің «В»түріне қарсы егу, вакциналарды сақтау, тасымалдау мақсатында мұздатқыш тізбегімен қамтамасыз ету.
2002-2005ж.ж
Есеп
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
11
Вирусты гепатит «А» вирусын қоршаған ортада айналымын вирусологиялық жолмен тексеру тізбегінің көлемін кеңейту.
2002-2005ж.ж
Есеп
Обл СЭС, вирусологиялық зертхана