О внесении изменений и дополнений в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата "Об областном бюджете на 2002 год" от 21 декабря 2001 года № 12/2-II Күшін жойған
Басқа 0
"2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 21 желтоқсандағы № 12/2-II шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының 2007 жылғы 30 наурыздағы № 01-151/01-06 хаты ).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына және "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ қабылдады:
"2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 21 желтоқсандағы № 12/2-II шешіміне (облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 8 ақпандағы № 13/3-ІІ, 2002 жылғы 29 наурыздағы № 14/4-ІІ және 2002 жылғы 30 мамырдағы № 15/5-ІІ шешімдерімен енгізілген өзгерістерді ескере отырып) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. 1-тармақта:
"10066768,0 мың теңге" саны "9919768,0 мың теңге" санымен;
"5312840,0 мың теңге" саны "5332163,0 мың теңге" санымен;
"15907678,0 мың теңге" саны "15927001 мың теңге" санымен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. 5-тармақта:
бiрiншi азатжолда "58267,0 мың теңге" саны "57665,0 мың теңге" санымен;
Бородулиха ауданына жолында "2412,0 мың теңге" саны "1809,0 мың теңге" санымен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. 6-тармақта:
бiрiншi азатжолда "5052794,0 мың теңге" саны "5124732,0 мың теңге" санымен ауыстырылсын;
Абай ауданына жолында "191504 мың теңге" саны "197504,0 мың теңге" санымен ауыстырылсын;
Аягөз ауданына жолында "587713,0 мың теңге" саны "602713,0 мың теңге" санымен ауыстырылсын;
Глубокое ауданына жолында "52523,0 мың теңге" саны "61523,0 мың теңге" санымен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Бородулиха ауданына 25398,0 мың теңге".
Тармақ 4
4. 16-тармақ мынадай мазмұндағы 10, 11, 12, 13 азатжолдармен толықтырылсын:
"- Семей қаласына - 13 273 36 00 "Коммуналдық меншік объектілерін күрделі жөндеу" бағдарламасы бойынша - 6500,0 мың теңге;
"- Аягөз ауданына - 4 263 66 32 "Бастауыш, негізгі және орта мектептердің ғимараттарын күрделі жөндеу" бағдарламасы бойынша - 3000,0 мың теңге;
"- Глубокое ауданына - 12 274 50 30 "Жергілікті мақсаттағы автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша - 5000,0 мың теңге; 06 258 31 00 "Арнайы мемлекеттік жәрдем ақылар" бағдарламасы бойынша - 1621,0 мың теңге; 06 258 4700 "Үшу - сынақ полигондары мен "Байқоңыр" ғарыш айлағы кешені орналасқан аумақтардың халқына атаулы әлеуметтік көмек көрсету" бағдарламасы бойынша - 697,0 мың теңге";
"- Риддер қаласына - 6 258 42 00 "Мемлекеттік атаулы көмек" бағдарламасы бойынша - 320,0 мың теңге; 6 258 50 00 "Тұрғын үй көмегі" бағдарламасы бойынша - 3680,0 мың теңге".
Тармақ 5
5. № 1 қосымша, осы шешімнің № 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 6
6. № 2 қосымшада:
"2002 жылға арналған облыстық бюджеттің дамуының бюджеттік бағдарламаларының тізбесіне":
- Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек 6 функционалдық тобының "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын еңбек және халықты әлеуметтік қорғаудың атқарушы органы" 258 мекемесі мынадай мазмұндағы 33, 47 бағдарламалармен толықтырылсын:
"33 "Халықты жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар";
"47 "Үшу - сынақ полигондары мен "Байқоңыр" ғарыш айлағы кешені орналасқан аумақтардың халқына атаулы әлеуметтік көмек көрсету";
- "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" 10 функционалдық тобы мынадай мазмұндағы 256 мекемемен және 02, 30 бағдарламалармен толықтырылсын:
"256 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі атқарушы органы";
"02 "Жергілікті деңгейдегі әкімшілік шығындар";
"30 "Жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау шараларын жүргізу".
"2002 жылға арналған облыстық бюджетті дамытудың бюджеттік бағдарламаларының тізбесінде":
- "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" 10 функционалдық тобы мынадай мазмұндағы 256 мекемемен және 31, 70 бағдарламалармен толықтырылсын:
"256 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың атқарушы органы";
"31 "Табиғатты қорғау объектілерінің құрылысын салу және қайта жаңарту";
"70 "Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі атқарушы органдарының материалды-техникалық базасын нығайту";
- "Қаржыландыру" 16 функционалдық тобы мынадай мазмұндағы 260 мекемемен және 34 бағдарламамен толықтырылсын:
"260 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қаржы атқарушы органы";
"34 "Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын сатып алу";
- "Өзгелері" 13 функционалдық тобының "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын экономика, шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік сатып алу атқарушы органы" мекемесі мынадай мазмұндағы 81 бағдарламамен толықтырылсын:
"81 "Экономика салаларын дамыту үшін несие беру".
Басқа 7
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2002 жылғы 27 қыркүйектегі
ХVII сессиясының № 17/5-II шешіміне
№ 1 қосымша
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2001 жылғы 21 желтоқсандағы
ХІІ сессиясының № 12/2-ІІ шешіміне
№ 1 қосымша