Облыстық Мәслихаттың 2002 жылғы 21 қыркүйектегі XV сессиясыиың «Қызылорда облысының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарын компьютерлендіру, ақпараттық жүйені дамыту бағдарламасын бекіту туралы» (№2539 тіркелген) №115 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық Мәслихаттың 2002 жылғы 21 қыркүйектегі XV сессиясыиың «Қызылорда облысының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарын компьютерлендіру, ақпараттық жүйені дамыту бағдарламасын бекіту туралы» (№2539 тіркелген) №115 шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрлымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы №573 Жарлығын орындау мақсатында және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ: «Қызылорда облысының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарын компьютерлендіру, ақпараттық жүйені дамыту бағдарламасын бекіту туралы» облыстық Мэслихаттың 2002 жылғы 21 қыркүйектегі XV сессиясының №115 шешімімен бекітілген «Компьютерлендіру, ақпараттық жүйені дамыту» бағдарламасына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 30 қыркүйекте №2539 болып тіркелген, «Сыр бойы» газетінде 2002 жылғы 10 қазанда №121 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақ 1
1. 18-тармақ алынып тасталсын;
Тармақ 2
2. 19,20-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 19
«19. 2003-2005 жылдарда алынатын компьютер және ұйымдастыру техникалары мен коммуникациялық жабдықтарды алуға қажетті қаржы көлемі 79030,42 мың теңге;
Тармақ 20
20. 2003-2005 жылдарда бірыңғай ақпараттық желі жұмысын қамтамасыз етуге қажет:
Тармақша 1
1) компьютерлік бағдарламаларды алуға, жаздыруға және оларды жетелеуге 9547,34 мың теңге;
Тармақша 2
2)дербес желіні монтаждау мен орнатуға 3672,42 мың теңге;
Тармақша 3
3)дербес желінің аксессуарларын сатып алуға 3664,8 мың теңге;
Тармақша 4
4)семинарлар мен мәжілістер өткізуге қажетті жабдықтар сатып алуға 1248,0 мың теңге;
Тармақша 5
5) облыстың бірыңғай ақпараттық жүйесін ендірудің техникалық- экономикалық негіздемесін әзірлеу және зерттеу жұмыстарына 1696,0 мың теңге.»