Қолданыстағы ред. 12.09.2002

Атырау қалалық Мәслихатының 2002 жылғы 22 ақпандағы кезектен тыс XVI сессиясының № 166 шешімімен бекітілген «Атырау қаласында жарнамалық-ақпараттық өнімдерді орналастыру, сыртықы жаранама нысандарын пайдалану және безендіру Ережесіне» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 12.09.2002 г. № 197 (Атырау қалалық Мәслихатының 2002 жылғы 22 ақпандағы кезектен тыс XVI сессиясының № 166 шешімімен бекітілген «Атырау қаласында жарнамалық-ақпараттық өнімдерді орналастыру, сыртықы жаранама нысандарын пайдалану және безендіру Ережесіне» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

Атырау қалалық Мәслихатының 2002 жылғы 22 ақпандағы кезектен тыс XVI сессиясының № 166 шешімімен бекітілген «Атырау қаласында жарнамалық-ақпараттық өнімдерді орналастыру, сыртықы жаранама нысандарын пайдалану және безендіру Ережесіне» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау қалалық мәслихатының 08.12.2006 № 262 а шешімімен.
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармақшасын негізге ала отырып, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Атырау қалалық Мәслихатының 2002 жылғы 22 ақпандағы кезектен тыс XVI сессиясының № 166 шешімімен бекітілген «Атырау қаласында жарнамалық-ақпараттық өнімдерді орналастыру, сыртқы жарнама нысандарын пайдалану және безендіру Ережесіне» өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін және Ереже жаңа редакцияда мазмұндалсын (қосымша).

2

2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық Мәслихаттың тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж. Жарылғасова) жүктелсін.

3

3. Мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін облыстық Әділет басқармасына тапсырылсын.

4

Атырау қалалық мәслихатының
XIX сессиясының шешіміне қосымша
13 қыркүйек 2002 ж. № 197
Атырау қаласында жарнамалық ақпараттық өнімдерді орналастыру, сыртқы жарнама нысандарына пайдалану және безендіру ЕРЕЖЕСІ

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер
Сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастыру шарттары мен тәртібі (әрі қарай-Ереже) Атырау қаласы аумағындағы жарнамалық кеңістікті пайдалануға байланысты жағдайларды реттейді.
Осы ережелерді қолданылатын негізгі ұғымдар:

1

1. «Сыртқы (көрнекі) жарнама» - плакаттар, стенділер, жарықтандырылған көрсеткіш тақталар, билбордтар, хабарландырулар жатады.

2

2. «Әлеуметтік жаранама» - әлеуметтік бағыттағы шараларды немесе салауатты өмір салтын қалыптастыруды және тағыда басқаларды насихаттау.

3

3. «Жаранама беруші» - жаранаманы шығару, орналастыру, тарату үшін жарнамалық ақпараттардың көзі болып табылатын заңды және жеке тұлға.

4

4. «Жарнама таратушы» -жарнаманы пайдалану және ұсыну, техникалық құралдар мен басқа да тәсілдер арқылы жарнамалық ақпараттарды тарататын және орналастыру жүзеге асырушы заңда немесе жеке тұлға.

5

5. «Өкілетті орган» - үкіметтің жергілікті атқарушы орган немесе өкілетті тұлға.

2. 2. Сыртқы коммерциялық (көрнекі) жарнаманың түрлері:

2. Сыртқы коммерциялық (көрнекі) жарнаманың түрлері:

1

1. Шатыр қондырғылары – ғимараттың карнизі деңгейінен жоғарырық немесе жалпы орналасуы не ғимараттардың шатырында, тұрғын үйлерде және құрылыс ғимараттарындағы әр – түрлі жазық және көлемді кеңістіктегі қондырғылар.

2

2. Жеке тұратын қалқанды қондырғылар –жердің үстіңгі қабатында қондырылатын негізгі бағаналы екіжақты немесе біржақты жазық құрастырмалар.

3

3. Құрылыс ғимараттарында және ғимараттардың шекті жағына орналастырымалар қондырғылар.

4

4. Уақытша және тұрақты қоршауларға орналастырылатын қалқанды қондырғылар.

5

5. Көлемді және кеңістік түрдегі нысандардағы қондырғылар.

6

6. Ғимараттар қабырғаларына, қабырға жазықтықтарына перпендикуляр, жеке тұрған бағаналарда, қалалық жарықтандыру бағаналарында қондырылытын кронштейндер.

7

7. Транспоранттар көшенің жүргіншілер өтетін бөлігіне көлденең тартылған маталар фирма жалаулары.

8

8. Тумбілер-цилиндр, призма және т.б., үлгідегі жеке тұратын көлемді құрастырмалар.

9

9. Көпірлер мен жүргіншілер жолдары үстінен қалқанды конструкциялар.

10

10. Қызмет ету саласындағы кәсіпорын сөрелерінде, алайда аталған өндіріс пішініне байланысты емес қондырылатын жарнамалық хабарламалар.

11

11. Қоғамдық транспорттың аялдама павильондарында қондырылатын құрастырмалар.

12

12. Меншік түріне қарамастан қоғамдық жолаушылар транспорты құралдарындағы әртүрлі жарнама мен жазулар.

13

13. Қабырға жазықтарында жарнамалық хабарлар өндіру үшін проекциялық қорндырғылар.

14

14. Ғимараттың алдыңдағы бетінде қондырылатын кронштейіндік көрсеткіштер.

15

15. Қызмет көрсету кәсіпорындарының кіре берістеріңде қондырылатын, алайда Қазақстан Республикасының «Тұтынушы құқығын қорғау – туралы» Заңында көрсетілмеген қосымша ақпарат беретін маңдайша жазулары.

16

16. Дәстүрлі емес жарнама құралдары ауа шарлары, аэростаттар және басқа да жарнамалық жазулар.

3. 3. Коммерциялық емес сыртқы (корнекі) жарнаманың түрлері

3. Коммерциялық емес сыртқы (корнекі) жарнаманың түрлері

1

1. Мындайша жазулары, кронштейндер және көрсеткіш тақталар қызмет көрсету саласы кәсіпорындарына және басқа ұйымдардың кіре берістерінде қондырылатын, Қазақстан Республикасының «Тұтынушы құқығын қорғау туралы» Заңында анықталған кәсіпорын бейіні мен атын көрсетіп тұратын хабарламалар.

2

2. Кәсіпорын, мекеме бейінін көрсететін және сол туралы әр-түрлі хабарларды мазмұндайтын сөрелерде орналастыратын жарнама құралады.

3

3. Жол қозғалыстары белгілері (МАИ белгілері)- көшеде жүру Ережелерімен және тиісті органдар актілерімен заңдастырылған түрлі белгілер.

4

4. Әлеуметтік плакатар

5

5. Уақыттша ілінетін жаранма құралдары.

4. 4. Сыртқы (көрнекі) жарнама түрлері:

4. Сыртқы (көрнекі) жарнама түрлері:

1

1. Билборд

2

2. Ғимараттар шатырындағы жарнамалар

3

3. Жеке тұрғын құрастырмалар (стенілер)

4

4. Жарықтандырылған пилондар (жарықтандырылған көрсеткіш тақталар)

5

5. Ақпараттық плакаттар (афишалар)

6

6. Жол арқылы көлденең тартылған мата (транспоранттар)

7

7. Брандмауэр

8

8. Көрсеткіштер

9

9. Лайтбокстер

5. 5. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі:

5. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі:

1

1. Атырау қаласы аумағында сыртқы(көренкі) жарнаманы орналастыру, тек қалалық әкімият өкілетті органының жазбаша түрдегі арнайы келісімі негізінде орындалады.

2

2. Жарнама беркші сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат алу үшін нысананың түрлі түсті эскизін, жарнаманың орналасу жерінің сызбасын, жер өңдеу жұмыстарын жүргізуге инженерлік жүйені иеленушілермен келісілген жердің үстіне орналасқан стационарлық жарнаманың жер аумағы түсірілген сызбаны жалғап өкілетті органға жазбаша түрде өтініш жасайды.

3

3. Көлемді жазық нысандар үлгесіндегі сыртқы жаранманы қалалық жарықтандыру бағаналарында, жеке тұрған бағаналарда, тролейбус паркі бағаналарында, жеке меншік ғимарат қабырғаларыннда орналастыру аталған нысандар иелерімен қосымша келісіледі.

4

4. Өкілетті орган 15 тәулік ішінде аталған құжаттарды қарап, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат берңу немесе қабыл алмау жөнінде шешім қабылдайды.

5

5. Өкілетті органға тапсырылған сапасыз құжаттарды жарнама берушіге қайтарған уақытта құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.

6

6. Технологиялық климаттың және басқа да себептерге байланысты берілген жарнама берушінің арызы бойынша өкілетті орган орналастыру қызметінің мерзімін ұзартуы мүмкін.

7

7. Жарнама беруші рұқсат алар кезде өкілетті органға рұқсат қағазында көрсетілгендей қалалық бюджеттке бірінші айдың төлемін енгізгендігі жөніндегі растайтын құжатты көрсету қажет.

8

8. Өкілетті орган коммерциялық және коммерциялық емес сыртқы (көрнекі) жарнаманың әрбір нысаны үшін жарнама берушіге сол жарнамаға ақы төлеуші болу-болмауына қарамастан белгіленген үлгіде рұқсат береді.

9

9. Өкілетті орган ай сайын, әр айдың 15-нен кешіктірмей қалалақ салық комитетіне бекітілген үлгі бойынша рұқсат құжатын алған адамдар жөнінде мәлемет беріп отырады.

10

10. Өкілетті органның өкілдері қаланың барлық аудандарында жұмыс жасап, құрастырманың сапасын қарап, ережелерге сәйкестігін қадағалап отырады, сыртқы жаранама және ақпарат құралдарының келбеттерін (тазалық, жарықтандыру, сырлау, зақымданған жерлерді анықтау, монтаждаудан кейінгі аумақты көріктендіру және т.б.) тексереді.

11

11. 5 шаршы метрден астам көлемнен жоғары жарнамалық құрастырмаларды (билбордтар, қабырға қалқандары мен шатырлардағы қаолқандар), дайындаумен және монтаждаумен айналысатын жарнамалық агенттіктер мен ұйымдар міндетті түрде өкілетті органға құрастырма сипаттамасы, материалдың қысқаша жіктелуі және электр қауіпсіздігіне,желге суға төзімдігі беріктігі жөніндегі есебі бар монтаж құрастырмалары жөніндегі жұмыстарды қабылдап алу-беру актісін тапсыруы керек.
Егер жарнама беруші орнатылған нысандағы стационарлық жарнаманың физикалық және көркемдік-эстетикалық жағдайын бақыламаған жағдайда, өкілетті орган бұл жөніндегі жазбаша ескертуден кейін 3 кун мерзім ішінде аталған құрастырманы бөлшектеуге құқылы.

6. 6. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру шаралары:

6. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру шаралары:
Атырау қаласында сыртқы жарнама нысандары тек төмендегідей жағдайларды сақтаған жағдайда ғана орналастырылуы мумкін:

1

1. Жарнама арнайы белгісіз немесе техникалық жабдықтардың көмегінсіз қолданылатын тарату құралдарының түріне қарамастын табыс етілген уақытында тек жарнама ретінде бәріне танымал болу керек.

2

2. Кәсіпорындар мен мекемелердің маңдайшаларындағы ақпараттық көрсеткіштердің, сонымен қатар жарнамалық өнімдердің мәтіні міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде жазылуы тиіс, ал егерде көрсетілген кәсіпорындабелгіленген тәртіппен тіркеуден өткен шет тілінде жазылған сауда маркасы,тауар белгісі және аты болатын болса, осы тиісті құжаттарды көрсету кезінде оларды қосымша түп нұсқа ретінде пайдылануға болады.
Ақпараттардың барлық мәтіні төмендегідей тәртіппен орналасады:
Сол жақта немесе жоғарыда мемлекеттік тілде оң жақта немесе төменде – орыс тілінде, бірдей көлемдегі әріптермен жазылады.
Қажеттілік жағдайына қарай көзбен шалу ақпараттарының мәтіні қосымша басқа тілдеде келтірілуі мүмкін.

3

3. Қазақстан Республикасының заңдар жиынтығы мен айналымға түсүге тиым салынған тауарларды жарнама жасауға рұқсат етілмейді.

4

4. Жарнама азаматтарды агрессияға, қанауға үрей тудыруға бейімдемеуі тиіс, сондай-ақ жеке тұлғалардың денсаулығына зиян келтіретіндей, қауіпсіздігіне қатер төндіретіндей іс-қимылдарды туғызбауы керек.

5

5. Жарнама табиғатты қорғау заңдылықтарын бұзатын қимылдарды туғызбауы керек.

6

6. Жарнама ұлттық, кәсіптік немесе әлеуметтік топтар арасында, жас ерекшеліктері немесе жынысы, діни философиялық және басқа да сенімдеріне қайшы келетін жалпыға бірдей адамгершілік пен ізгілік қалыптарын бұзатын,намысқа тиетін сөздермен салыстырулардан тұратын көркемделігі көрермендік, мәтіндік ақпарды құрамауы қажет.

7

7. Жарнама әлемдік немесе ұлттық мәдени мұраларды құрайтың өнер объектілерін мемлекеттік рәміздерді (елтаңба, жалау, әнұран), әр мемлекеттің ақша жүйесін, діни рәміздерді қандайда бір жеке заңды тұлғаны, қызметті, кәсіпті және тауарды қабылдамауы тиіс.

8

8. Жарнамалы ақпарат өкілдері кешкі және түнгі уақыт мезгілдерінде, барлық жарық техникалық құрал жабдықтарына қойылатын талдаптарды сақтай отырып, міндетті түрде сыртқа немесе ішкі жарық көздерімен сәулелендірілуі тиіс.

9

9. Жарнамалық-ақпарат өкілдері жүргізушінің шолу мүмкіндігіне жол белгілерінің, бағдаршамдардың, бағыт беруші көрсеткіштердің көрінуіне кедергі келтірмеуі тиіс.

10

10. Темекі және арақ-шарап өнімдерін жарнамалау оларды өндіру және көтерме тарату орындарында орналасады және де барлық жағдайда шылым шегі мен алкогольдің зияндылығы ескертілуі тиіс.