Облыс әкімиятының 2002 жылғы 28 желтоқсандағы №399 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Облыс әкімиятының
2002 жылғы 28 желтоқсандағы №399
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі №357-1 Заңы негізінде және «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын, мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі №832 қаулысы негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қызылорда облыстық ішкі саясат департаментінің 2003 жылға арналған бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын бекіту туралы» облыс әкімиятының 2002 жылғы 28 желтоқсандағы №399 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
№3,5,6 қосымшалар жаңа редакцияда жазылсын (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Куандықовқа жүктелсін.
Басқа 3
Облыс әкімиятының
2003 жылғы 25 наурыздағы
№458 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН
№3 қосымша
Облыстық ішкі саясат департаменті
/бюджеттік бағдарламаның әкімшісі/
Аумақтық жастар бағдарламасын жүргізу
/бюджеттік бағдарламаның атауы/
ПАСПОРТЫ
Тармақ 1
1. Құны 6 348 000 (алты миллион үш жуз қырық сегіз мың) теңге.
Тармақ 2
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: Қазақстан
Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік
жастар саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 1999 жылғы 28 тамыздағы №73 Өкімі, ««Қазақстан жастары»
бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17
ақпандағы №249 қаулысы, "2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы "
облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы XVII сессиясының
шешімі
3.Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері - облыстық бюджет.
4.Бюджеттік бағдарламаның мақсаты - Қызылорда облысының аумақтық жастар саясаты бағдарламасын жүзеге асыру, жастар саясаты жөнінде өндірісітік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру, өмірдің әр саласында: еңбек, білім, кәсіби және ғылыми дайындық, бос уақытындағы мәдени-бұқаралық және сауықтыру жұмыстарын, рухани өсуін, аумақтық, халықаралық және студенттік қатынастарды қамтамасыз ету.
5.Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
жастардың кәсіпкерлігіне қолдау жасау, тиімді ұйымдастыру — экономикалық жағдай, тиісті құқықтық база жасау;
жастардың интеллектуалды дамуына және тәрбиеленуіне, көркемдік шығармашылыққа кәсіби бейімделуіне қолдау жасау, білім, мәдениет және спорт салаларында жастарды қолдау және құқығын қорғау үшін экономикалық және ұйымдастыру жағдайын жасау,
жастардың бос уақытын пайдалануда қолданылып журген және жаңа тәсілдерін қолдау және түсіндіріп тарату үшін жастардың арасында іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу,
жастар арасындағы жұмыссыздықпен күресу проблемаларын шешуде ықпал жасау.
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 25 наурыздағы
№458 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН
№5 қосымша
Облыстық ішкі саясат департаменті
/бюджеттік бағдарламаның әкімшісі/
Жергілікті деңгейдегі теледидар мен радио арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу
/бюджеттік бағдарламаның атауы/
ПАСПОРТЫ
Тармақ 1
1. Құны 6 340 000 (алты миллион үш жүз қырық мың) теңге.
Тармақ 2
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Бұқаралық
ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23
шілдедегі №451-1 Заңы, "2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы"
облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы XVII сессияның
шешімі
3.Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері - Облыстық бюджет
4.Бюджеттік бағдарламаның мақсаты - Телерадио бағдарламаларын жоғары идеялық көркемдік деңгейде жасау
5.Бюджеттік бағдарламаның міндеттері - Жергілікті деңгейдегі теледидар мен радио арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жургізу, мемлекеттік басқару органдарын жағымды имиджін нығайту. Отандық медиа-өндірісін дамыту.
Басқа 8
Облыс әкімиятының
2003 жылғы 25 наурыздағы
№ 458 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН
№6 қосымша
Облыстық ішкі саясат департаменті
/бюджеттік бағдарламаның әкімшісі/
Жергілікті деңгейдегі газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу
/бюджеттік бағдарламаның атауы/
ПАСПОРТЫ
1.Құны 12 416 000 (он екімиллион төрт жуз он алты мың) теңге.
2.Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451 Заңы, "2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы XVII сессияның шешімі
3.Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері - Облыстық бюджет
4.Бюджеттік бағдарламаның мақсаты - Ақпараттық қызмет көрсету
5.Бюджеттік бағдарламаның міндеттері - Жергілікті деңгейдегі басылымдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, мемлекеттік басқару органдарын жағымды имиджін нығайту. Отандық медиа-өндірісін дамыту.
Тармақ 6
6.