Облыс әкімиятының 2002 жылғы 3 мамырдағы №230 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімиятының 2002 жылғы 3 мамырдағы №230 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» 2002 жылғы 24 сәуірдегі №470 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2002 жылғы 23 қазандағы №1145 және 2003 жылғы 27 қаңтардағы №92 қаулыларын іске асыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімиятының «Қызылорда облысының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» 2002 жылғы 3 мамырдағы №230 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: Осы қаулымен бекітілген Қызылорда облысының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жаңа редакцияда жазылсын (қоса берілді);
Тармақ 2
2. Аудан және Қызылорда қаласы әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттер екі апта мерзімде ауданның (қаланың), басқарманың (департаменттің) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарларына өзгерістер енгізсін және нақтыланған іс-шаралар жоспарларын облыс әкімі аппаратына және облыстық экономика басқармасына тапсырсын.
Тармақ 3
3. Облыстық ішкі саясат департаменте (М. Әбенов) екі апта мерзімде жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарымен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін. Бекітілген іс-шаралар жоспарын облыс әкімі аппаратына және облыстық экономика басқармасына тапсырсын.