Қолданыстағы ред. 22.06.2007

Түркістан қалалық мәслихатының 2002 жылғы 30 шілдедегі № 21/72-II “Түркістан қаласының базарларында сатылатын тауар өнімдеріне бір күнге арналған бір жолғы талондар құнын бекіту туралы” шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 22.06.2007 г. № 39/277-III (Түркістан қалалық мәслихатының 2002 жылғы 30 шілдедегі № 21/72-II “Түркістан қаласының базарларында сатылатын тауар өнімдеріне бір күнге арналған бір жолғы талондар құнын бекіту туралы” шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

Түркістан қалалық мәслихатының
2002 жылғы 30 шілдедегі № 21/72-II “Түркістан қаласының базарларында сатылатын тауар өнімдеріне бір күнге арналған бір жолғы талондар құнын бекіту туралы” шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” (Салық кодексі) кодексінің 369-бабының 2 тармағына және 373 бабына, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Реепубликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабына және қала әкімінің 2007 жылғы 20 маусымдағы 0206/1776 хаты негізінде калалық мәслихат ШЕШТІ:

1

1. Түркістан қалалық мәслихатының 2002 жылғы 30 шілдедегі № 21/72-II “Түркістан қаласының базарларында сатылатын тауар өнімдеріне бір күнге арналған бір жолғы талондар құнын бекіту туралы” (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 630 нөмірімен тіркелген, 16.08.2002 жылғы “Түркістан” газетінде жарияланған); Түркістан қалалық мәслихатының 2003 жылғы 14 қаңтардағы №26/94-II «Түркістан қалалық мәслихатының 2002 жылғы 30 шілдедегі №21/72-II “Түркістан каласының базарларында сатылатын тауар өнімдеріне бір күнге арналған бір жолғы талондар құнын бекіту туралы” шешіміне ѳзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік кұқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 825 нѳмірімен тіркелген, 28.02.2003 жылғы “Түркістан” газетінің № 7 жарияланған), Түркістан қалалық мәслихатының 2004 жылғы 8 шілдедегі №7/51-III «Түркістан қалалық мәслихатының 2002 жылғы 30 шілдедегі №21/72-II “Түркістан қаласының базарларында сатылатын тауар өнімдеріне бір күнге арналған бір жолғы талондар құнын бекіту туралы” шешіміне ѳзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №1440 нѳмірімен тіркелген, 13.08.2004 жылғы “Түркістан” газетінің № 36 жарияланған) шешімінің №1 қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2

2. Осы шешім №2 қосымшамен толықтырылсын (№2 қосымша коса тіркеледі).

3

3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енеді.

4

Қалалық мәслихаттың
«22» маусым 2007 жылғы
№39/277-III шешіміне 1 қосымша
Қала және қала аумағындағы сауда жасайтын жеке тұлғалар үшін алынатын бір жолғы талондардың құны

Тауар, жұмыс және қызмет түрлері
Бір сатушыға белгіленген орын
Бір
жолғы
талондардың
құны
(теңге)
1.
Ұн, құмшекер, күріш және басқа да астық өнімдер (қаппен сату)
Сауда қатарының әр 1 метр ұзындығына (пагон метр)
100
2.
Нан және нан тағамдары
Сауда қатарының әр 1 метр ұзындығына (пагон метр)
60
3.
Ет және ет өнімдері
Сауда қатарының әр 1 метр ұзындығына (пагон метр)
150
4.
Сүт және сүт өнімдері
Сауда қатарының әр 1 метр ұзындығына (пагон метр)
40
5.
Кондитерлік тауарлары
Сауда қатарының әр 1 метр ұзындығына (пагон метр)
100
6.
Көкөніс, жеміс-жидектер
Сауда қатарының әр 1 метр ұзындығына (пагон метр)
60
7.
Құрғатылған жемістер
Сауда қатарының әр 1 метр ұзындығына (пагон метр)
100
8.
Киімдер, мата, бас киімдер, аяқ киімдер
Сауда қатарының әр 1 метр ұзындығына (пагон метр)
100
9.
Аудио-видео аппаратуралар
Сауда қатарының әр 1 метр ұзындығына (пагон метр)
80
10.
Кеңсе тауарлары, парфюмерия
Сауда қатарының әр 1 метр ұзындығына (пагон метр)
100
11.
Жеңіл және жүк автокөліктер, ауыл шаруашылық техникалары, автобустар
1 автокөлікке немесе техникаға
150
12.
Мото-вело техникасы
1 орынға
100
13.
Ірі қара мал, жылқылар
1 бас
100
14.
Қой, ешкі
1 бас
60
15.
Құстар мен аңдар
1 бас
40
16.
Жем-шөп
1 орынға
100
17.
Құрылыс материалдары
12 шаршы метрге дейін
150
18.
Гүлдер
1 орынға
80
19.
Аяқ киім жөндеу, және басқа да
тұрмыстық қызметтер
1 орынға
60
20.
Ұсақ-түйек тауарлары
Сауда қатарының әр 1 метр ұзындығына (пагон метр)
60
Ескерту: Белгіленген көлемнен сауда орны арытқан жағдайда бекітілген төлем пропорционалды көбейіп отырады. Қалада және аумағындағы түнгі уақыта сауда жасайтын жеке тұлғалар үшін алынатын бір жолғы талондардың құны бекітілген құнының 50 пайызын қүрайды.

5

Қалалық мәслихаттың
«22» маусым 2007 жылғы
№39/277-III шешіміне 2 қосымша
Қала және қала аумағындағы жеке кәсіпкерлердің кәсіпкерлік қызметтерінің түрлеріне байланысты бір күндік бір жолғы талондарының құны (мерзімдік сипатта)

Кәсіпкерлік қызметтің түрлері (Стационарлық бөлмелерден басқа)
Бір жолғы талондардың құны (теңге)
1
Сату (стационарлық бөлмелерден басқа)
1.1.
Газет, журналдар
50
1.2
Ұрықтар және көшеттер
50
1.3
Бақша дақылдары
100
1.4
Саяжайларда және үйдің жанында өсірілген тірі гүлдерді
100
1.5
Үй жанындағы ауыл шаруашылығы, бау-бақшалық және саяжай участкелерінің өнімдері
60
1.6
Жануарлар мен құстарға арналған дайын жемшөп
50
1.7
Сыпырғылар, сыпыртқылар, орман жидектерін, бал, саңырауқұлақтар және балық
50
2
Жеке трактормен жерді өңдеу, қызмет жасау
300
3
Жолаушыларды (лицензиялы тасымалдардан басқасы) тасымалдау бойынша жеке жеңіл автомобилдер иелерінің қызмет көрсету
3.1
Қала аймағында
100
3.2
Қаладан тыс аймақта
150
3.3
Облыстан тыс аймақта
250
4
Үй жануарлары мен құстарды жаю.
75