2002 жылғы 30 қазандағы № 25-7 «Азқамтылған азаматтар үшін тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтердің өтемақысын төлеуге берілетін тұрғын үй жәрдемақысының реті мен мөлшері туралы Ережесін бекіту туралы» мәслихатының шешіміне толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
2002 жылғы 30 қазандағы № 25-7 «Азқамтылған азаматтар үшін тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтердің өтемақысын төлеуге берілетін тұрғын үй жәрдемақысының реті мен мөлшері туралы Ережесін бекіту туралы» мәслихатының шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес және «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 176 хатын қарастырып Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2002 жылғы 30 қазандағы № 25-7 «Азқамтылған азаматтар үшін тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтердің өтемақысын төлеуге берілетін тұрғын үй жәрдемақысының реті мен мөлшері туралы Ережесін бекіту туралы» (№ 1844 2002 жылғы 14 қарашада тіркелген, 2002 жылғы 27 қарашадағы №94 (872) «Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести» қоғамдық – саяси газетінде жарияланған) шешімімен бекітілген «Азқамтылған азаматтар үшін тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтердің өтемақысын төлеуге берілетін тұрғын үй жәрдемақысының реті мен мөлшері туралы» Ережесіне келесі толықтырулар енгізілсін:
4 тармағы «қалалық телекоммуникациялар желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік ақының ұлғаю сомасы» деген сөзбен толықтырылсын;
16 тармағы «жалпы білім беру қорынан азқамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан балаларды киіммен және оқу құралдарымен қамтамасыз ету үшін төленетін көмек есептелмейді» деген сөзбен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуы «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» Мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.