2002 жылғы 7 маусымдағы № 20-6 «Ойын бизнесіне акциз ставкаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2002 жылғы 7 маусымдағы № 20-6 «Ойын бизнесіне акциз ставкаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қала әкімінің ойын бизнесі (казино) саласындағы хронометраждық тексерулерді тексере отырып ойын бизнесіне акциз салығының ставкаларын түзету мәселесі жөніндегі ұсынысын қарап, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-ІІ Кодексінің 258-бабы 4-тармағы негізінде және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қазандағы № 1001 қаулысына сәйкес Семей қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Семей қалалық мәслихатының 2002 жылғы 7 маусымдағы № 20-6 «Ойын бизнесіне акциз ставкаларын бекіту туралы» (облыстық әділет басқармасында 2002 жылғы 26 маусымда № 844 тіркелген, «Семипалатинские вести» газетінде 2002 жылғы 12 шілдедегі № 22 жарияланған), 2002 жылғы 30 қыркүйектегі № 23-9 шешіммен өзгеріс енгізілген (Облыстық Әділет басқармасында 2002 жылғы 16 қазанда № 956 тіркелген), 2004 жылғы 14 мамырдағы № 6-4 шешіммен өзгеріс енгізілген (Облыстық Әділет басқармасында 2004 жылғы 10 маусымда № 1830 тіркелген), 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 23-2 шешіммен өзгеріс енгізілген (Облыстық Әділет басқармасында 2006 жылғы 20 қаңтарда № 5-2-20 тіркелген, «Семей таңы» және «Семипалатинские вести» газеттерінде 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 4 жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: «казино үшін - 1 ойын үстелі үшін жылына 400 АЕК» деген сөздер «казино үшін - 1 ойын үстелі үшін жылына 750 АЕК» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Шешім Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті Семей қаласы Әділет басқармасында тіркелген сәттен күшіне енеді.