О ставках платежей за загрязнение окружающей среды на 2002 год Күшін жойған
Басқа 0
2002 жылы қоршаған
ортаны ластағаны үшін
төлем туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық Мәслихатының V сессиясының 2004.03.18 N 81 шешімімен.
Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” 12.06.2001 жылғы Кодексіне және Қазақстан Республикасының “Қоршаған ортаны қорғау туралы” 15.07.97 жылғы Заңына сәйкес барлық меншік түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындардың қоршаған ортаға келтірген ңұқсанын жою және қоршаған ортаны қорғау қорын қалыптастыру мақсатында облыстық Мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2002 жылғы N 1 қосымшаға сәйкес 2002 жылдың қоршаған ортаны ластағаны үшін барлық меншік түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындардан алынатын төлем мөлшері белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қоршаған ортаны қорғаудың облыстық Қорының ұсынысы бойынша жылына 2 реттен аспайтын облыстық Мәслихаттың шешімімен инфляция деңгейіне қарай қоршаған ортаны ластағаны үшін алынатын төлемнің индексі жасалсын.
Тармақ 3
3. Табиғатты пайдаланушы жекелеген кәсіпорындардан қоршаған ортаны ластағаны үшін жылдық төлем мөлшеріне сәйкес алынатын төлемінің мөлшерін белгілеу мәселесі Үкімет келісім-шарттарын есепке ала отырып, комиссияда қаралады және Қарағанды облыстық Мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Тармақ 4
4. Облыстық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқармасы (Қожахметов Б.Т.), қоршаған ортаны қорғаудың облыстық Қоры (Ким О.М.) қоршаған ортаны ластаудың басқа да түрлері үшін қосымша төлемдер алу жөнінде ұсыныс жасап, оны осы шешімге қосымша ретінде бекітуге жіберсін.
Тармақ 5
5. N2 қосымшаға сәйкес қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер алу мәселесімен айналысатын комиссия құрамы және N3 қосымшаға сәйкес аталған комиссияның Ережесі бекітілсін.
Тармақ 6
6. Облыстық Мәслихат 2002 жылдың 15 қантарына дейін Қарағанды облысындағы кәсіпорындардың мемлекеттік келісімдерін Қазақстан Республикасында қолданылып жұрген Салық кодексіне сәйкестендіруі жөніндеҚазақстан Республикасы Үкіметіне өтініш жасасын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалу барысына бақылау жасау экология және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға (Н.Е. Усатов) және облыс әкімінің орынбасары И.У. Тоғайбаевқа жүктелсін.
Басқа 1. Шикізат материалының көзі болып табылмайтын қалдықтарды
орналастыруға алынатын нормативтік төлемдер
Облыстық Мәслихаттың
28.12.2001 жылғы
N 4/15 шешіміне
N1 қосымша
Қоршаған ортаға өндірістік және пайдаланылған заттар қалдықтары мен ластаушы заттардың орынсыз лақтырындысы үшін төлем мөлшері белгіленсін:
- ауаға стационарлық көздерден (кесімді шекте) ластаушы заттардың 1 тонна мөлшеріндегі шығарындысы үшін - 150 теңге;
- ауаға стационарлық көздерден (кесімді шектен тыс) ластаушы заттардың 1 тонна мөлшеріндегі шығарындысы үшін - 1500 теңге;
Ауаны жылжымалы көздердің (автокөлік, жол құрылысы, ауыл шаруашылығы және басқа да техника) шығарындысымен ластауға пайдаланылған 1 тонна автомоторлық жағармай үшін:
- этильді бензин үшін - 700 теңге;
- этильді емес бензин үшін - 300теңге;
- дизельдік жағармай үшін - 250 теңге.
- газ үшін – 180 теңге.
- су объектілері мен жинама тоғандарға, фильтрация ауданына стационарлық көздерден (кесімді шекте) ластаушы заттардың 1 тонна мөлшеріндегі лақтырындысы үшін - 12500 теңге;
- су объектілеріне нормативтік шектен тыс ластаушы заттардың 1 тонна мөлшеріндегі лақтырындысы үшін - 125000 теңге;
-
Жер бедеріне 1 текше метр су ағызғаны үшін:
- қалыпты тазартылған ағын су үшін - 4,5 теңге;
- тазартылмаған және толық тазартылмаған ағын су үшін - 9 теңге.
Қоршаған ортаға өндірістік және пайдаланылған қалдықтарды сақтағаны, көмгені және жөнсіз тастағаны үшін:
V сыныптық улы емес қалдықтардың 1 тоннасы үшін-100 теңге; аршылған жыныстардың 1 тоннасы үшін-10 теңге;
Кен байыту қалдықтары, металлургиялық шламдар, боқаттар, күлді қождар қалдықтарының 1 тоннасы үшін –20 теңге;
N1 кестеге сәйкес улылық сыныбына байланысты өнеркәсіптік қалдықтар.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің (қорда, көң, қоқыстар) қалдықтары:
- жабдықталмаған алаңдар мен жинақтаушылардағы қалдықтардың 1 тоннасы үшін- 1000 теңге;
- жабдықталған алаңдардағы қалдықтардың 1 тоннасы үшін – 100 теңге;
- қоқыстар үйінділеріне, кәсіпорындар мен ұйымдарға арнайы бөлінген жерлерге тасталған қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) 1 текше метрі үшін – 100 теңге.
- төлемақты талап етілген сәтте көтерме-сауда бағасына сәйкес шикізат көзі ретінде танылатын шикізат көздерінің қалдықтарын орналастыру, сақтау және көміп тастау;
- қалыптан тыс, сонымен қатар рұқсат етілмеген, апаттан пайда болған ауаны (су объектілерін) ластайтын шығарындылар мен төгінділерді, өндірістік және пайдаланылған қалдықтарды жөнсіз орналыстырғаны үшін төлем нормасының 10 еселік көрсеткіші қолданылады.
- белгіленген тәртіппен қоршаған ортаны ластайтын лақтырындыларды, өндірістік және пайдаланылған заттар қалдықтарын рұқсатсыз тастаса, барлығы да рүқсат етілмеген ластайтын лақтырындылар, өндірістік және пайдаланылған заттар қалдықтары болып қаралады.
N1 кесте
Шикізат материалының көзі болып табылмайтын қалдықтарды
орналастыруға алынатын нормативтік төлемдер
Қалдықтардың атауы
Өлшем бірлігі
Төлем
нормасы
(теңге)
Улы қалдықтар
І сыныптың улылығы - ерекше қауіпті
тонна
3200
ІІ сыныптың улылығы – жоғары
дәрежеде қауіпті
тонна
1600
ІІІ сыныптың улылығы- қаупі бар
тонна
400
IV сыныптың улылығы -қаупі аз
тонна
200
Басқа 2. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер
алу мәселесімен айналысатын комиссияның
ҚҰРАМЫ
Облыстық Мәслихаттың
28.12.2001 жылғы
N 4/15 шешіміне
N2 қосымша
Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер
алу мәселесімен айналысатын комиссияның
ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Борчашвили Исидор - облыстық Мәслихаттың депутаты, комиссия Шәмілұлы төрағасы;
Тармақ 2
2. Сыздықов Елқайыр
Қабылкәрімұлы
- экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас
басқармасының бастығы, комиссия
төрағасының орынбасары;
Тармақ 3
3. Тибатина Надежда
Николаевна
- қоршаған ортаны қорғау облыстық Қоры
директорының орынбасары, комиссияның хатшысы;
Комиссия мүшелері:
Тармақ 4
4. Ағыбаев Серік Кәрібайұлы - облыстық Мәслихаттың тексеру
комиссиясының төрағасы;
Тармақ 5
5. Айтуаров Болат Юсупұлы - Қарағанды облыс әкімі аппаратының
мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі;
Тармақ 6
6. Дю Борис Николаевич - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
облыстық аумақтық басқармасы
бастығының орынбасары;
Тармақ 7
7. Кист Виктор Эдуардович - депутат, облыстық Мәслихаттың
экология және аграрлық мәселелер
жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының
орынбасары;
Тармақ 8
8. Тұрсынбеков Шәкәрім
Шәмілұлы
- облыстық салық комитеті бастығының
орынбасары.
Басқа 3. Қоршаған ортаны ластағыны үшін төлемдер
алу мәселесімен айналысатын комиссияның
ЕРЕЖЕСІ
Облыстық Мәслихаттың
28.12.2001 жылғы
N 4/15 шешіміне
N3 қосымша
Қоршаған ортаны ластағыны үшін төлемдер
алу мәселесімен айналысатын комиссияның
ЕРЕЖЕСІ
Тармақ 1
1. Жалпы ережелер
Тармақша 1.1
1.1. Комиссия Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер алу мәселелерін
қарау мақсатымен құрылған.
Тармақша 1.2
1.2. Комиссия облыстық Мәслихаттың XV сессиясының N 4/15 шешімінің қызметі кезеңіне құрылған.
Тармақша 1.3
1.3. Комиссия төрағасы жұмыс регламентін белгілейді.
Тармақ 2
2. Комиссияның міндеттері:
Тармақша 2.1
2.1. Қоршаған ортаны ластағаны үшін алынатын жыл сайынғы ставкалар бойынша ұсыныстар әзірлеу жөнінде өкілетті, атқарушы және фискальді органдардың күштерін біріктіру.
Тармақша 2.2
2.2. Облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының арасында қоршаған ортаны ластағаны үшін алынатын төлемдердің жиналу жағдайының мониторингін ұйымдастыру.
Ұсыныстарды тұжарымдау және енгізу.
Тармақша 2.3
2.3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін алынтын төлемдер арқылы бюджеттік қосымша түсімдердің көздерін анықтау;
Тармақша 2.4
2.4. Үкіметтік келісімдер мен шарттардың талаптарына сай жекелеген кәсіпорындардың өзіндік төлем ставкалары мәселелерін қарау болып табылады.
Тармақ 3
3. Функциялары:
Тармақша 3.1
3.1. Барлық меншік түріндегі табиғатты пайдаланушы жұмыс істеп тұрған ұйымдар мен кәсіпорындардың қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманы орындауы жөнінде талдау жасау;
Тармақша 3.2
3.2. Қоршаған ортаны ластағаны үшін алынатын төлемнің есеп айырысу мөлшері механизмін одан әрі жетілдіру.
Тармақша 3.3
3.3. Табиғатты қорғау шараларына арналған қаржыны тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.
Тармақ 4
4. Құқықтары:
Тармақша 4.1
4.1. Қажеттілікке қарай Комиссияға өз жұмысына мемлекеттік органдардың мамандарын пайдалануға құқық берілген.
Тармақша 4.2
4.2. Өз функциялары мен міндеттерін жүзеге асыруға қажет ақпараттарды сұрап алуға да құқы бар.