О ставках платы за размещение наружной (визуальной) рекламы, размещаемой в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования местного значения и размещаемой в населенных пунктах на 2002 год Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жалпы пайдаланымдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары бойындағы белдеулерде және елді мекендерде орналастырылатын сырттағы (көрнекі) жарнамаларды орналастыру үшін 2002 жылға төлем ставкалары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО мәслихатының XV сессиясының 2002 жылғы 30 мамырдағы N 15/12-II шешімімен. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6- бабының 15 тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің 491 бабының 2 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШIМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Жалпы пайдаланымдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары бойындағы белдеулерде орналастырылатын және елді мекендерде орналастырылатын сырттағы (көрнекі) жарнамаларды орналастыру үшін 2002 жылға арналған төлем ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық комитетіне (Б.Сәтпаев), қалалар мен аудандардың әкімдеріне, Шығыс Қазақстан облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолдарды дамыту басқармасына (А.Бекторов) жалпы пайдаланымдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары бойындағы белдеулерде және елді мекендерде орналастырылатын сырттағы (көрнекі) жарнамаларды орналастыру үшін төленетін төлемдердің дұрыс есептелуіне және дер кезінде аударылуына бақылау жасау жөніндегі жұмыстарды жандандыру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Шешім Шығыс Қазақстан облыстық әділет басқармасында тіркелгеннен кейін заңды күшіне енеді.
Басқа 4. Жалпы пайдаланымдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары бойындағы белдеулерде және елді мекендерде орналастырылатын сырттағы (көрнекі) жарнамаларды орналастыру үшін төленетін төлем ставкалары
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 21 желтоқсандағы N 12/10-II шешіміне қосымша Жалпы пайдаланымдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары бойындағы белдеулерде және елді мекендерде орналастырылатын сырттағы (көрнекі) жарнамаларды орналастыру үшін төленетін төлем ставкалары Жарнама беруші жарнама орналастыру үшін төленетін төлемді жер аумағына сәйкес мына мөлшерде төлейді: 1 кв.м-ге дейінгі аумақтан - ай сайын 1 айлық есеп көрсеткіш 1 кв.м-ден 2 кв.м-ге дейін - ай сайын 2 айлық есеп көрсеткіш 2 кв.м-ден 3 кв.м-ге дейін - ай сайын 3 айлық есеп көрсеткіш 3 кв.м-ден 5 кв.м-ге дейін - ай сайын 5 айлық есеп көрсеткіш Көлемі 5 кв.м-ден үлкен жарнамалық ақпаратты орналастырған кезде ай сайынғы төлем ставкалары жарнамалық парақтар аумақтарының артуына пропорционалды түрде ай сайын әр 1 кв.м. үшін 1 айлық есеп көрсеткіш мөлшері есебімен артып отырады.