О ставках платы за загрязнение окружающей среды на 2002 год Күшін жойған
Басқа 0
Қоршаған ортаны ластағаны үшiн 2002 жылға арналған төлем ставкалары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО мәслихатының VII сессиясының 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 7/93-III шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңының 6-бабының 1 тармағының 2 тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209-II Кодексiнiң 462-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн 2002 жылға арналған төлем ставкалары қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасына (Р. Адамов), Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық комитетiне (Б. Сәтпаев) заңды тұлғалардан қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдердiң дұрыс есептелуiне және дер кезiнде аударылуына бақылауды жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасына (Р. Адамов) кәсiпорыннан шығарылатын, тасталынатын ластаушы заттардың шығаруы және елдi мекендердің ластаушы көздерiнiң жиынтығының сейiлуін ескере отырып, тұрғындар, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi үшiн жол беруге болатын шектi нормативiнен аспайтын жағдайда өндiрiс көлемiн ескере отырып, қоршаған ортаны мониторингiлеу негiзiнде заңдылық негiзде кәсiпорындар үшiн шығарындылардың, тастамалардың шектi нормативтерiн келiсудi жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық комитетiне (Б. Сәтпаев) салық салудың қарапайымдалған тәртібі негізінде және жалпы белгіленген тәртіпте кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан қоршаған ортаны ластағаны үшiн алынатын ақша қаражаттарының дұрыс есептелуiне және дер кезiнде аударылуына бақылау жасауды жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Шешiм Шығыс Қазақстан облыстық әділет басқармасында тiркелгеннен кейiн заңды күшiне енедi.
Басқа 6. Шығыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны
ластағаны үшiн төлемдердің 2002 жылға
арналған ставкалары
Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2001 жылғы 21 желтоқсандағы
шешiмiне N 12/8-II
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны
ластағаны үшiн төлемдердің 2002 жылға
арналған ставкалары
📌 Ескерту. 8-тармақпен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2002.07.05. N 16/2-II шешімімен.
Тармақ 1